Archive for Желтоқсан 21st, 2010

Буква, которую я ненавижу – «Қ»!


Замандастар, «Құлағым шалды… көзім көрді» деп аталатын бұл айдар арқылы автордың, яғни менің өз көзімен көрген және өз құлағымен естіген, сосын таң қалған, күлген, бет шымшыған, ең бастысы, сенген уақиға, көрініс, әңгіме, өсек-аяңдарын Сіздерге жеткізіп отырмақпын. «Көзім көрдіге» сенуге болады, ал «құлағым естідіге» нану-нанбау әркімнің өз еркі. Өтірік екенін біліп жатсаңыздар басымның көз, мұрын, ауыз орналасқан алдыңғы жақ бөлігіне аямай басуларыңызды сұраймын. Оқуды жалғастыру

Ойын


                             Қожырланған асығындай тоқтының                                                                                                                                                                       О, тағдырым, талапайға түстің бе?
Дөп тиюін күтіп сақа соққының
Тұрдың ба әлде ор шеңбердің үстінде?

Тізілді асық, көңілімде қапа бар,
Қызыл қаны тарқамаған, күші нық,
іші қуыс, қорғасынды сақалар
Ұшып келіп, жіберердей ұшырып.

Ақсүйек боп лақтырылдым қалыңға,
Мен емеспін қыз-жігіттің қызығы.
Таңға жуық қу моланың жанында
Иесі жоқ кәрі қанден мүжіді. Оқуды жалғастыру