Posts Tagged ‘ұлттық сана’

«Әкелер мен балалар»


                                                                                                                                                                               Задында, жазу үстеліне отырған сәттегі ниетім соңғы уақытта куә болған екі-үш жайтты тұздық ете отырып, замандастарымның кейбір қылықтарына өкпе айту болатын. Ол ойымнан айныған жоқпын, тек балаларды сыбап алмас бұрын әкелерді сынап алайын деген тоқтамға келдім.

     Мәймөңкелемей, монтансымай, шындықтың бетіне ғана емес, кез-келген жеріне тура қарап сөйлесек, «кейінгі толқын інілер» «алдыңғы толқын ағаларға» әсте риза емес. Қалыптасқан шаблон бойынша, керісінше болуы тиіс еді. Әкелердің балаларға, қарттардың жастарға көңілтолмастықпен қарауы бағзы замандардан келе жатқан үйреншікті құбылыс. Бәленбай мың жыл бұрығы папирустардан «жастар бұзылып барады» деген жазу табылыпты деп ол құбылыстың мәңліктігін дәлелдеп те тастағанбыз.

      Ал менің айтып отырғаным – біз, жастар, үлкендерге наразымыз. Оқуды жалғастыру