Такси, Эйнштейн және Жақсылық


Альберт атай Эйнштейннің бала кезінде болды дейтін әйгілі мысалды естіген боларсыз. Әлгі ше? Құдай зұлымдықты да, қараңғылықты да жаратты деп, айналадағы жамандықтың бәрін жаратушыға жаппақ болған оқытушыға айтқан жауабы. Тіпті, оны сол кезде сапалы камераға түсіріп алып, сапалы етіп монтаждағандар да болыпты. Оған дәлеліміз – мінекей.

Әрі қарай оқу

Ескі өлең


Қалай шебер жасаған көркіңді Аллам?

Тілді байлап, көзді арбап, еркіңді алған.

Сендік жүрек, білмеймін, қандай күйде,

Мендік жүрек шаршады солқылдаудан. Әрі қарай оқу

Мен көрген Исматулла. 2-бөлім.


(жалғасы. Басы өткен жазбада)

«Мединеде Пайғам-барымның зиратына барып, дұға қылып жылап тұр едім, Пайғамбарым айтты, оң құлағыма айтты: Ей, қотыр ит, кет, тарат менің дінімді». Пайғамбар (с.ғ.с.) ­­– адам. Жәбірейіл періште емес. Хижраның 10 жылы, миледи 632 жылы қайтыс болған. Тірісінде дінді толық жеткізіп, артындағыларға аманаттап кеткен. Адамзаттың асылы арғы дүниеден қайтып келіп, ауғанстанда жүрген қазақтың құлағына сыбырлапты деген қай қисынға дәлдесеңіз де қиыспайтын әңгіме. Әрі қарай оқу

Мен көрген Исматулла. 1-бөлім.


«Ақиқаттың»ақыры

дауға ұласары о бастан-ақ белгілі болған. Себебі, әркім өзінің танығанын ғана ақиқат деп біледі және әркім өзінің ақиқатын жан салып қорғайды. Сондықтан соңғы уақытта ақпа-рат кеңістігін қаптаған, мақала-сы бар, комен-тарийі бар, қалың пікірлер легін қалыпты құбылыс деп бағамдауға болады. Мыңдаған адамның миына кіріп алған идеологияға қарсы сөз айту, оны жоққа шығару сөзсіз осындай қарсылыққа ұшырауы тиіс.

Алайда, сол пікірлердің дені тақырыпқа қатыссыз қарсылықтардан, дәлел-дәйексіз айыптаулардан құралып жатса ше? Әрі қарай оқу

Банкомат: Қай тілді таңдайсыз?


       «Жыным келеді». Патиктің баяғыда жазған осы бір жазбасы маған қатты ұнайды. Өйткені, айналамда менің де жыным келетін нәрселер өте көп. Соның бірі – қазақша біле тұра, түсіне тұра, сөйлей тұра, банкоматта орыс тілін таңдайтын адамдар.

          Шын айтам, сондай адамдарға жыным келеді. Білмеймін неге екенін. Қазақша таңдау қиын болса бір сәрі, қазақша аудармалар түсініксіз болса бір сәрі. Тізімде бірінші. «Билайнның» билбордтарындағыдай қазақшасы сұрқай әріппен жазылып, көмескіленіп, көрінбей тұрған жоқ. Бадырайып-ақ тұр. «PIN енгізіңіз», «алуға болатын сома», «қолма-қол ақша беру» деген сөздерді ауылдағы 3 жасар інім Сикош та түсінеді ғой. Әрі қарай оқу

Сені ойлаймын айтып тұрып стенд-ап…


                                                                                                                        

       «Әлди-әлди» күйеуінен келген смс-терді тізіп қойыпты. Ол пост маған да ой салды. Мен неге жұбайыма жазған хабарламаларымды таңдап-таңдап салып қоймаймын деп ойладым. Ойладым да, «исходящийді» бір аралап шықтым. Сондағы қолға іліккендері мынау. Айтпақшы, ескерту: бұл смс хабарламалар. Өлең емес. Өлең оқимсын деген тәбетпен бастап, тоймай қалсаңыздар, өзде- ріңізден көріңіздер. Мен ескерттім.

Әрі қарай оқу

Қазақсың ба, мұсылмансың ба?


Мен қазір отыра қалып, ал, қазақтар, пікір таластырайық, кім қалай ойлайды, «Құран жаратылған ба, жаратылмаған ба» деп бір тақырып бастасам. Нағыз қызылкөз бүлікшінің өзі болам. Өйткені дәл осы талас тарихта талай ғалымның өмірін қинап, талай қауымның қырылуына себепкер болған.

Әсілі, Ислам ғұламаларының бәрі Құранның мәхлуқ (мақлұқ), яғни, жаратылған зат емес, Алланың сөзі екенін бірауыздан мақұлдайды. Ежелден солай. Бірақ, тарихта адасқан кейбір топтар «Құран жаратылған» деген идеяны бекем ұстанып ап, өзіне қарсы шыққандарды атып, асып, қамап, үлкен бір бүліктің бастауына айналды. Мәселен, сол топқа кіріп кеткен
патшадан зәбір көрген ғалымдардың бірі – атақты имам Ахмад. Әрі қарай оқу