Тұспал туралы

         Бұ шіркінді ашудағы негізгі мақсатым – ойда жоқта келіп қалатын, сосын қайда түсерін білмей, қайтып кетіп қалатын ойларымды көппен бөлісу. Әрине, ойда-жоқта келіп қалатын болғандықтан, ол қате де болуы мүмкін, шала да, шикі де болуы мүмкін. Сондықтан, кей тұстары кемшін болып жатса, кешірім өтінемін.
      Екінші мақсат – әр жылдарда қағазға түскен, шумақтардан, тармақтардан, бунақтардан, ұйқастардан тұратын тақпақтарға және күлдіруге тырысатын күлкілі емес шатпақтарға бір мәрте болса да «жарық дүниені» көрсету.
         Үшінші мақсат – журналистика саласында жүріп жиған-терген ұсақ-түйекті қызық емес болса да тіркеп қою.
        «Тұспалсөз» деген біріккен сөзді қазір «сканвордтың» баламасы ретінде қолданып жүр. Бірақ, бұл блогтың скандинавиялық сөзжұмбақтарға ешқандай қатысы жоқ.
           Сондықтан, тұспалымды түсінбей қалмаңыз…

2 responses to this post.

  1. […] журналист Мұрат Есжан блогты ашуға қатысты ойын былай түсіндірген: “Бұ шіркінді ашудағы негізгі мақсатым – ойда […]

    Жауап беру

Пікір қалдыру