Ойын


                             Қожырланған асығындай тоқтының                                                                                                                                                                       О, тағдырым, талапайға түстің бе?
Дөп тиюін күтіп сақа соққының
Тұрдың ба әлде ор шеңбердің үстінде?

Тізілді асық, көңілімде қапа бар,
Қызыл қаны тарқамаған, күші нық,
іші қуыс, қорғасынды сақалар
Ұшып келіп, жіберердей ұшырып.

Ақсүйек боп лақтырылдым қалыңға,
Мен емеспін қыз-жігіттің қызығы.
Таңға жуық қу моланың жанында
Иесі жоқ кәрі қанден мүжіді.

Күміс едім, құным кетіп тоттандым,
Алтын едім, жамбы қылып атты әркім.
Лақ қылып қорласа да көкпар-күн,
Қайта ояндым дүбірінен аттардың.

Тірлік – күрес, жер иіскесең обал не?
Тірлік – жарыс, шабан – аты қайғының.
Мен бәйгеге қосылдым ба, жоқ, әлде,
Жүлдесіне тігілдім бе бәйгінің?

Құзға құрған алтыбақан үстінде
Әпербақан өткелім тұр байланып.
Әлдекімнің уысына түстім бе
Бескүндіктің бестасына айналып?

Қуыршақ боп қай заманға тап келдім? –
Былғар боқ та, тар оқ та, от та әзір…
Тағдырымды ойын қылды өткен күн,
Ал ойыным…
Жоқ қазір…

2 responses to this post.

  1. Қазір осы ойындардың бірін д ойнамайтын сияқты. Меніңше бұл ойындар біздің ата-аналарымыздан кейін тоқтаған секілді. Ұлттық ойын деп наурызда ұрандатып көкпар ойнатып қояды. онда да үлкендер қатысады. Қалай ойлайсыздар? Әлд әлі бар ма?

    Жауап беру

    • Осыдан 10-15 жыл бұрын ғана біз таңның атысы, күннің батысы, ертеден қара кешке дейін асық, ләңгі (біздң ауылда жаңғыза деп атайды) ойнайтынбыз. Сәд кішіректер ағаш атпен көкпар тартатын. Сәл ересектеулер есекпен. Одан үлкендер атпен. Одан да үлкендер пілмен дегесің ба🙂 Тек 98 жылы Францияда өткен футбол тойынан кейін көпшілігі ала допқа ауысып кетті. Айтайын дегенім, 15 жылдың ішінде өз қолымызда тұрған ұлттық ойын көз алдымызда жоқ болды. Бұл оның өмір сүруге қабілетсіз екенін көрсете ме, әлде өзіміздің салақығымызды білдіре ме, ол жағын білмедім енді…

      Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: