Archive for Желтоқсан 18th, 2010

«Ғашық жүрек немесе продюсер түсірген кино»


 Баян апай жарады. Ой, кешірім өтінем, Сізді апай деп айтуға болмайды екен ғой.
Жалпы бұрын фильмді мақтағанда, яки даттағанда оны түсірген режиссерге қарата сөз арнаушы едік. Бұл жолы жұрттың бәрі пікірін продюсер Баян Есентаеваның рөлін сомдаған продюсер Баян Есентаеваға бағыттап жатыр. Біздің де әлқиссаны Баяннан бастағанымыздың мәні осы.
Қазақы қауым Есентаеваға өкпелі еді. Теменовтың Гүлназына ғашық көрермен іскер әйел стиліндегі жүргізуші ханымды жылы қабылдай алмады. («Махаббат бекетін» қайта-қайта көріп, диалогтарын жаттап алған менің де санама Гүлнәз бейнесі қазақ қыздарының жиынтық бейнесі ретінде сіңгені рас. Тек бір рет, бірінші курс оқып жүрген кезімде «31-канал»-дың алдында темекі тартып тұрған Баян Есентаеваны көріп, ол пікірімнің бытшыты шыққаны бар.) Ұғынықтырақ айтсақ, инабатты Айгүл келіндері кенеттен даладағы төсекте жатып шарайнаға қарай беретін Иманбаеваға айналып шыға келгендегідей күй кешті.
Егер Оқуды жалғастыру

Advertisements

Жаһандық жылыну: шындық пен қауесет….


Қатысушылар:
Журналист
Мэлс ЕЛЕУСІЗОВ – эколог, «Табиғат» экоодағының жетекшісі, Алатау мұздықтарын сақтап қалу үшін жартастарды әкке бояу керек деп есептейтін адам
Құралай МҰҚАНҚЫЗЫ – биология ғылымдарының докторы
Назарбек ҚОЖАМСЕЙІТОВ – жұлдызшы
Бек ШӘРІП – «Бақай» тобының әншісі
• Табиғат апаттары, топан су… Тосын тартулардың Қазақстанға да жасалуы мүмкін бе?
• Ғалымдар не дейді?
• Алатау мұздықтары шынымен еріп біте ме?
• Әлемді су басады: қауесет пен шындық
• Осы айтылғандардың әлемдік температураның өзгеруіне қаншалықты қатысы бар?
ЖУРНАЛИСТ:
Мынадай қарлы жел тау етегіндегі Алматыда биылдыққа болған жоқ. Әрине, суықты ешкімнің суқаны сүймейді. Бірақ қыстың қыс секілді болғаны жақсы. Есесіне, өткен аптада екі күн қатарынан жауын жауып есімізді шығарды.
Мәтін: Әлем жылынып кетті, енді қаңтар сайын жауын жауады деген таяз түсіндірмеден аулақпыз. Бірақ соңғы уақыттағы табиғаттың тосын құбылыстарын ұғындырғанда ғалымдар ғаламдық жылыну деген үлкен ұғымды алға шығарды. Оқуды жалғастыру

Музинфекция


ЖҮРГІЗУШІ
Осы күні халыққа ең өтімді мәдениеттің бұтағы музыка боп тұр. Ал музыка саласының о жақ, бұ жағында жүргендер ең талантты, ең таңдаулы, ең жұлдызды жандар есептелетін болды. Ендеше, сол әуен атаулының адамға пайдасы бар ма? Зарары ше? «Музыка – әлемнің ортақ тілі, ол тілде жүректер аудармасыз-ақ түсініседі» депті Бертольд Авербах. Керісінше, «бір елді жаулағың келсе даңғаза тыңдата бер» деп Гитлер айтыпты-мыс деген әңгімені естімеген кісі кемде-кем.

Мәтін: Әуелі осы әңгімеде әуен туралы ағынан жарылатын кісілермен танысайық: Оқуды жалғастыру