Posts Tagged ‘Мейрамбек’

Мейрамбек қалай жақсы әнші болды?


     Бозторғай, б-о-о-з-т-о-рғай…
     Оның балаң даусы 90-жылдардың басында-ақ тыңдарманды баурап алды. Баурап алды дейтіндей, оны жата-жастана тыңдайтындар аса көп болмаған да шығар, бірақ танымайтын адам кемде-кем еді. Біздің замандастардың арасында оның газетке шыққан ақ-қара түсті суретін төсегінің басына іліп қоятындар да табылды. Небары 14-15 жасында мұндай құрметке ол қалай ие болды?                               

Көк шыққанға бір қуанып, шөп шыққанға бір қуанып,
Өмір өтті-ау сырғып ағып, сырғып ағып…
        Әкетіп бара жатқан дауыс жоқ. Микрофонды жарып жіберердей жаңғырған бір алапат үн де жоқ. Бірақ айтқаны құлақтарды, сосын жүректерді жаңылыспай тауып алады. Үйде болсын, түзде болсын, жолда, тойда… Өйткені, ол – жақсы әнші. Неге? Оқуды жалғастыру