Posts Tagged ‘қылыш’

Амал. Азап. Өкініш.


Тайланд. Пхукай аралы. Буддизм нанымындағы жергілікті халық (этникалық қытайлар) тоғыз күнге созылатын діни шараларын, «вегетериандық оразаны» тойлау үстінде. Мерекенің ең басты шарты – тоғыз күн бойы ет атаулыны татып алмау. Тек қана көкөніс, жемісті талғажау етуге болады. Ал тоғыз күнге созылатын себебі ¬– өз сенімдеріндегі тоғыз «құдайға» деген құрмет.
Тоғыз пұтқа таңдай қақпай-ақ қойсаңыз болады. Одан зорғысы бар. Тайландтықтардың сенімі бойынша, адам өз-өзін барынша азаптау арқылы құдайдың ризалығына ие бола алады және өзінің Жаратушыға шын берілген дәлелдейді. Бірақ ол діндегілер өзімді қалай ғана азаптасам екен деп ойланып жатпайды. Азап шегудің дәстүрге айналып кеткен үлгісі бар. Біз цирктен көретін езу терісін тескілеу. (Оқушы кезімде ауылда дене шынықтыру пәнінен сабақ беретін ағай болды. Сол кісінің езуінен ине өткізетін өнері бар-тын. Бүкіл ауыл болып ағайдың сол өнеріне тамсанып қол соғатын. Есіме түсіп кеткесін айтып жатқаным ғой. Ал тайландықтардың түріне қарасаңыз, ине балабақшаның бағдарламасына енетін сияқты.) Етікшінің бізі секілді жіңішкелеу сымтемірден бастап, ломның жуандығындай темірді езуінен өткізіп жүргендерді көзіңіз көреді. Қылыш, семсер сөз болмай қалады. Айбалтаның бір ұшын терісіне іліп алып, Оқуды жалғастыру