Буква, которую я ненавижу – «Қ»!


Замандастар, «Құлағым шалды… көзім көрді» деп аталатын бұл айдар арқылы автордың, яғни менің өз көзімен көрген және өз құлағымен естіген, сосын таң қалған, күлген, бет шымшыған, ең бастысы, сенген уақиға, көрініс, әңгіме, өсек-аяңдарын Сіздерге жеткізіп отырмақпын. «Көзім көрдіге» сенуге болады, ал «құлағым естідіге» нану-нанбау әркімнің өз еркі. Өтірік екенін біліп жатсаңыздар басымның көз, мұрын, ауыз орналасқан алдыңғы жақ бөлігіне аямай басуларыңызды сұраймын.

Көзім көрді: Менің қаламда тұратын туысымның оныншы сыныпта оқитын қазақтілді қызы өмір-ғұмырында «күй» деген сөзді естіп көрмепті. «Ол не?» деп сұрады менен. Қалай жауап берерімді білмедім. «Құрманғазы, Дина, Тәттімбет деген ата-апалардың домбыраға арнап жазған шығармасы» деген «күрделі анықтама» айттым. «Ал Құрманғазы, Дина деген кімдер?» «…»

Құлағым шалды: Саясатқа қатысы, сол жағалауда офисі бар мырзалар мен ханымдар үнемі бір үрейдің құшағында жүреді-мыс. Ол қорқыныш – «Екі клан сүйкенсе, ортасында шенеунік өледінің» кері. «Кім, қай жағымнан қайтеді? Қалай істесем қайтіп қалмаймын? Нені нету үшін нету керек пе, әлде неғыла салу керек пе?» Осындай ойлар ол кісілерді тәулігіне 25 сағат толғандыратын көрінеді. («Бір тәулікте 24 сағат қана бар ғой» дерсіз Сіз. Оған жауабым дайын: Ол кісілер бізден бір сағат ерте тұрады.) Сол үшін халықтың қамын ойлағыңыз келсе, сол жағалауға жүгірмей-ақ үйде (немесе оң жағалауда) отырып ойлай беріңіз.

Көзім көрді: Ата-анасының (бәлки ата-әжесінің) салақтығының кесірінен есімінің арасына «қ» деген қаріп еніп кеткен бір әріптесімнің сол бейкүнә дыбысқа деген жеккөрінішін көзім көрді. «Я вам сколько раз повторяю, не «кы» а «хы», Бал-хи-ия! Как я ненавижу эту букву!»

Құлағым шалды: Еліміздегі белгілі театрдың белгілі директоры актерларды жұмысқа қабылдарда ұстамына емес ұстазына қарайды екен. «Ұстазына қарап шәкіртін танимын» деген ұстанымда емес, «өзім оқыттым ба, әлде, өзге оқытты ма» деген ұстанымда. Өзге оқытса… әңгіме өнер құнына емес, өнерлінің пұлына. Ставка 5 мың ҚШД. «Пәленше жақсы актер, ойы да, бойы да ұзын. Бірақ қолы қысқа болғасын театрға алмапты» деген сөзді талай рет құлағым шалды.

«Естіген құлақта жазық жоқ».

7 responses to this post.

  1. буква, которую я ненавижу болады.

    Жауап беру

  2. Еее, қайда барсаң да жемқорлар жайлаған заман болды.

    Жауап беру

  3. Posted by MAKPAL on 2010/12/21 at 22:05

    Егер бұлай жазбаса, МҰРАТ МҰРАТ болар ма? Мұрат Мұрат болар ма? сойып тастайсын-ай…. Жарадың, досым, жарадың…

    Жауап беру

  4. Posted by Nazym on 2010/12/22 at 09:12

    әттең, сол жағалаудағылар қазақша оқи алмайды иә соны оқығысы келмейді а то бұдан кейін ойланар еді ма деп қалдым

    Жауап беру

  5. Posted by Эльенора Амир on 2011/04/22 at 19:12

    КҮЙ деген сөзді естимеген 10 сыныптын оқушылары да бар екен ау?……. Бірақ, сол күйді тыңдамайтын не түсінбейтін 10 сыныптың қызынан 10 немесе 20-30 жас үлкен жамағайындар бар ау……..

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: