Мен көрген Исматулла. 1-бөлім.


«Ақиқаттың»ақыры

дауға ұласары о бастан-ақ белгілі болған. Себебі, әркім өзінің танығанын ғана ақиқат деп біледі және әркім өзінің ақиқатын жан салып қорғайды. Сондықтан соңғы уақытта ақпа-рат кеңістігін қаптаған, мақала-сы бар, комен-тарийі бар, қалың пікірлер легін қалыпты құбылыс деп бағамдауға болады. Мыңдаған адамның миына кіріп алған идеологияға қарсы сөз айту, оны жоққа шығару сөзсіз осындай қарсылыққа ұшырауы тиіс.

Алайда, сол пікірлердің дені тақырыпқа қатыссыз қарсылықтардан, дәлел-дәйексіз айыптаулардан құралып жатса ше?

Рас, ғаламтор бетіне қайызғақтай қаптаған «комменттерге» назар салсаңыз, дені, дені емес бәрі «Хабарды» қаралаған, «Ақиқаттың» кейіпкерлерін ақтаған пікірлер. Оқи беріп жалығасың. Жалығып қана қоймайсың, 300-400 кісінің «шаруасын» өздері «тындырып», жер-көктің бәрі Исматулланың жақтастары екен дегізердей жаһанторды шулатып жатқан бас аяғы 5-6 адам екенін аңғарасың. Ол әрекеттері сәтсіз де емес. Осы күні күллі Қазақстан «сопы», «уахаб» боп екі топқа бөлініп алып қырқысып жатқандай әсер қалдырады. «Сопылар» көп екен. Жетпіс жеті атамыздан тартып, осы күнге дейінгі қазақтардың бәрі зікірді қолдайды екен. Оларды құптамаған адам «уахаб» деп аталады-мыс. Күллі жұрт Исматулланың аузына қарап отырғанда әлгі ақымақтар ел ішіне іріткі сап бітіпті. «Хабар» да сол бүлікшілердің қатарында көрінеді. Интернетке кірсеңіз, осындай ой түйіп шығасыз. Сол ойдың бәрін қалыптастырып отырған сол баяғы 5-6 адам. Қатыссыз қарсылықтар мен дәйексіз айыптаулар дегенімізді түсініп отырған боларсыз. «Авторы неге айтылмайды?» «Неге анау сөйлемейді?» «Осы күнге дейін неге үндемеген?» «Тапсырысты берген кім?»… деген сықпыттағы лағулар. Бір қарағанда орынды сауалдар секілді, бірақ лағу. Тақырыптан шығып, назарды бөлу. Әйтпегенде, авторды айтса, қайте қояйын дейді? ҚМДБ сөйлесе, Исматулланы қорғап алатын ба еді? Тапсырыс болған болмағанында тұрған не тұр? Иә, тапсырыспен жасалды десе, фильмде айтылған фактілердің салмағы кеміп қала ма? Айтпақшы, кейбір кісілер айтпаған сөзді айтқызып, «Хабардың» өзіне шабуыл жасапты.  Иассауиді» қараладыңдар дейді. Бірақ Қожа Ахмет бабамыз жайлы айтқан (егер айтылған болса) бірде-бір цитата келтірмейді.

Қысқасы, «Хабар» айтқан «Ақиқатқа» қарсылық көп болғанмен, жарымжан пікірлер ақиқатқа тосқауыл қоя алмады. Мен өзім де «Хабар» арнасының журналисі ретінде фильм дайындау барысында куә болған кейбір нәрселерді айта кеткенді жөн санап отырмын.

Алдымен Исматулла Әбдіғаппардың жеке тұлғасына қатысты айтайық. Өзінің айтуынша, 1944 жылы туылған. Әкесінің аты – Әбділәли. Әбдіғаппар – атасының есімі болса керек. Маймақ ишанның шөбересімін деуден танбайды. Сол дерекке сүйенсек, Әбдіғаппардың әкесі – Маймақ.

Ата-текке текке тоқталып отырған жоқпыз. Исматуллаға қатысты деректерде оның аты бірнеше текпен аталады. Мәселен, 1999 жылы Пәкістанға депортацияланған кезде оқылған сот үкімінен құжаттағы аты-жөні Муллабай Асматулла Абдулхабар болғанын көреміз. Көп ұзамай Қазақстанға қайтып келген Исматулла 2002 жылы біздің елдің төлқұжат алады. Ондағы ныспысы – Абдугаппар Исматулла (әкесінің аты көрсетілмеген). Ал қалың бұқара бұл кісінің жоғарыда аталған фамилияларын біле бермейді. Мақсұм деген атпен таниды. «Құран сырларының әліппесі», «Жария зікірдің дәлелі» аталатын екі кітабында солай көрсетілген.

Мақсұм – пайғамбарларға айтылатын сипат. Күнәдан сақтаулы деген мағынаны береді. Алланың адамдарға жіберілген елшілері күнә жасамайды. Ал өзге бірде-бір пенде мұндай мәртебеге ие емес. Мақсұм – баста айттық, рухани көсемнің әкесінің де, атасының да, арғы атасының да, бабасының да, руының да аты емес. Саналы түрде өзіне теліп алған ныспысы. Осы есімнің өзінен-ақ діни көсемнің өз «менін» бірінші кезекке қоятынын аңғаруға болады.

Есім-сой тақырыбын түрте берсек, ар жағынан «тақсыр» деген қаратпа сөздің, яки қосарлы айқындауыштың шыға келері сөзсіз. Ежелден-ақ бағыныштыдан билеушіге бағытталатын бұл сөздің мағынасы құрметтен гөрі құлдық ұруға жақын екенін сөз ұғатын кез-келген адам біледі. Бұл пікірімізді тырнақ астынан кір іздеу емес, «ол бір өзімен-өзі жүрген қара шал ғой», «қазақтың қарапайым ақсақалы ғой» деген ақталуларға келіспейтініміздің белгісі деп қабылдаңыз. Исматулланың маңында жүрген бірде-бір адам оны ақсақал, ата, аға, Смеке деп атамайды. Тақсыр дейді. Бітті. Ал фильмде медресе аспазының аузымен айтылған «қол қусырып кіреміз, қолынан сүйіп құрмет көрсетеміз, сосын артымызды бермей, «задний ходпен» қайтып шығып кетеміз» деген «естеліктен» мұндай әрекеттің шын ықылас-ниетпен істелген сый-құрметтен гөрі қалыптасқан ритуалға жақын екенін аңғару қиын емес.

Ары қарай кеттік. Асылы, аты-жөн мен атақ-даңқтың ар жақ, бер жағынан-ақ көп нәрсе таратуға болады. Соның бірі Исматулланы мүридтерінің әулие деп тануы. Әулие – Алланың досы деген сөз. Мүридтердің көбі оның әулие екеніне және кереметтер жасай алатынына сенеді. Шексіз құрметтің бір ұшы осы сенімге кеп тіреледі десек, қателеспеспіз. Ауғанстанда жүргенде жайнамазымен снаряд тоқтатып, бір топ әскерді аман алып қалған ерлігін «Ақиқат» арқылы естіп білдік. Фильмге енбей қалған тағы бір «дерек», талдықорғандық мүрид Алмас Исақовтың айтуынша, әулиеліктің ең төменгі дәрежесіндегі адам секундына 300 мың шақырым жылдамдықпен ұша алатын көрінеді. Мұндай әңгімелерді олар ойдан шығарды ма? Ойдан шығармаса, кім айтты? Айтпақшы, маңғыстаулық Ибрагим Кентанның айтқан сөзі ше? Көлік ішінде әңгімелесіп келе жатып қызды-қыздымен «ол кісінің камерасына құлып тұрмай жатыр, ішінде жүзім өсіп тұр, әулиелерге періштелер қызмет етеді» деп соғып жіберді. Соғып жіберді дейтініміз, кейін сұқбат кезінде осы сөзін камераға айтпай біраз бұлғақтағаны бар. Ол мейлі дейміз ғой. Ол әңгімелерге сеніп те қалуымыз ықтимал еді ғой, осыны сауал етіп тақсырдың өзіне қоймағанда. «Сізді әулие деп айтады?» деген сұрағымызға «мен әулиелердің басқан ізіне татымаймын» деген жауап алдық. Ал «камераңызда жүзім өсіп тұрған көрінеді» деген сауалға келгенде сұқбат берушіміз ал кеп туласын. «Соны да сөз деп айтып тұрсың ба?» деп өзімізге түсініксіз шабуыл жасады. Дегенмен, ол шабуыл нәтижелі болды. Со күйі жүзімнің өскен өспегенін біле алмадық. Сұқбат тоқтатылды. Ал құлыптың жайын күзетшілерден сұрап білдік. Ашылмапты. Мұны қалай түсінеміз? Исматулланың әулие екенін өзі білмейді, бірақ шәкірттері біледі деп пе? Шәкірттерге оның әулие екенін кім айтыпты? Әулиенің басқан ізіне татымаса, неге медреседегілерге мені әулие деп айтпаңдар деп ескерту жасамаған?

Медреседе зәбір көргендердің бірі кейбір адамдардың Исматулланың қарғысынан қорқатынын айтып қалды. Расында, тәуір қарғайды екен. Онысын «пайғамбарлар да қарғаған» деп ақтайды. Ислам тарихында бізге мәлім мынадай бір әңгіме бар. Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) пайғамбарлықтың алғашқы жылдарының бірінде, мұның дінін адамдар қабылдамай, түсінбей жатқан уақытта Мекке маңындағы екі таудың арасында орналасқан Тайф деген қалаға барады. Мұны таныған жұрт оны таспен атып қуалайды. Денесі жарақаттанып, кебісі қанға толып, әрең қашып құтылған Алла Елшісіне Жебрейіл періште келіп, қаласа, екі тауды қысып, қаланы жоқ етіп жіберемін деген мағынадағы Алланың сәлемін жеткізеді. Сонда пайғамбарымыз (с.ғ.с.) олардың білместікпен істеп жатқандарын айтып, күнәларының кешірілуін тілеп дұға қылып, жаратқанға жалбарынады. Демек, сүннет бойынша мұсылман көркем мінезді болуы тиіс. Дін адамы тіпті де. Ал «Құдай төбелерінен ойсын!», «Маған тиіскен адамның ешқайсысы оңған емес!» деген сөздер кім-кімге болсын жағымсыз әсер ететіні анық. «Мені қолда, мені қолдамасаң, бәлеге ұшырайсың» ұстанымы «дінге шақыру – кімге шақыру?» деген сауалға сұранып тұрғандай ой қалдырады екен.

Атын атамай-ақ қоюды құп көрген бір дінтанушы өзінің біраз уақыт бұрын Исматулламен езіккенін әңгімелеп берді. Көсемнің көзқарасын қолдай қоймаған әлгі дінтанушы «жеті ұрпағың оңбайды» деген әйгілі қарғысты естіпті. «Шариғат бойынша, әкесінің күнәсін баласы арқаламайды» деп уәж айтқан бұған «бір жылдан соң өлесің» деп «диагноз» да қойып беріпті. Одан бері 3-4 жыл өтті, ағамыз арамызда жүр.

Айтпақшы, 7 емес, 77 ұрпаққа қатысты шартты қарғысты бұл пақырыңыз да естіп қалды. Ибрагим Кентаннан. Шартты болатын себебі, фильмді «дұрыстап» жасауымыз керек екен. Шарт сондай. Әйтпесе, 77 ұрпақ қарғысқа ұшырайды-мыс. Алла сақтасын!

(жалғасы бар)  

25 responses to this post.

  1. Мәссаған, “Исматулла деген иісі қазаққа абзал жанның” абыройына аэрозольмен дақ салғандар кім екен десем… Фильмде үстіртін қаралып кеткен біраз жайттың жапсары ашылыпты. Сол үшін де екінші бөлімін асыға күтеміз, бауырым

    Жауап беру

  2. Posted by Erbol on 2011/05/26 at 06:09

    Осы тақырыпта жазылған мақаланың ең сауаттысы осы.Жалғасын күтеміз.

    Жауап беру

  3. Posted by Қоңырат on 2011/05/26 at 06:30

    “Тапсырыс болған болмағанында тұрған не тұр? Иә, тапсырыспен жасалды десе, фильмде айтылған фактілердің салмағы кеміп қала ма?”
    “Әулиенің басқан ізіне татымаса, неге медреседегілерге мені әулие деп айтпаңдар деп ескерту жасамаған?”
    “Айтпақшы, 7 емес, 77 ұрпаққа қатысты шартты қарғысты бұл пақырыңыз да естіп қалды.”
    “ТЕЛЕКИЛЛЕР” МҰРАТ ЕСЖАНННЫҢ МОЙЫНДАУЛАРЫ”(признание ваххабитского шпиона) деген кітапқа сұранып тұрған фактілер екен.Тапсырыс алығанын (соған сәйкес ақысын алғанын) мойындаған. Исматулла жер шарының әр қиырындағы шәкірттерін жиып әр сәт сайын мен әулие емеспін деп “ескерту жасамағаны” үшін айыпты екен.(Ондай жағдайда М.Есжан өз “пірлері” Мұхамеджан, Бекболат, Дарындарды “ваххабит” деп атамаңдар деп жалпы халыққа ескертсін де.) Сосын, ең қорқыныштысы аузы дуалы болсын болмасын, жетпісті алқымдаған ақсақалдан қарғыс алғанына мақтанған қазақ көріп отырғаным осы. Алла сенің кейпіңнен де, сөзіңнен де сақтасын!

    Жауап беру

    • Ешқандай қиыр емес, Талдықорғанда туған, Түркістанда оқыған, қазір сондағы қыздар медресесінде аяғы ауыр әйелімен тұрып жатқан, еш жерде жұмыс істемей, ата-анасының алақанына қарап отырған соқталдай жігіттің әңгімесі. Ол жігіт, керек десеңіз, “Яссауи” тобының шағын нұсқасы “Шапағат” тобында ән айтқан. Сондай адамның шет кетіп, қиыр жайлап, ұстазының алдын көрмей жүруі әсте мүмкін емес. Ал бахабит атану мен, әулие атау екі бөлек нәрсе. Сөзді ойнатып, шатастырмаңыз. Сосын, қарғысқа мақтанып отырған ешкім жоқ. Қорқып отырған да ешкім жоқ. “Айтпақшы, 7 емес, 77 ұрпаққа қатысты шартты қарғысты бұл пақырыңыз да естіп қалды. Ибрагим Кентаннан”. Кентан – 50-лердегі кісі. Шала-пұла оқып, шала-шарпы пікір жазбай, кішкене байыптылықпен қарасаңыз етті.

      Жауап беру

  4. Posted by Tarazkyzy on 2011/05/26 at 07:04

    Сенен күткенмен, Хабардан күтпеп ем мұндай фильмді. Жарайсыңдар!”Қорыққан мен қуану бірдей екен” демекші, фактілерді көріп шошыдық, әшкереленгеніне қарап қуандық, мына қазақтың санасына бірдеме жетер деп. Осы бастама жалғасын тапса, басқа да ағымдар жайлы сөз /камера және т.б./ қозғалса деген ниет те жоқ емес.

    Жауап беру

  5. Posted by Tarazkyzy on 2011/05/26 at 07:05

    Айтпақшы, қызықты болғаны соншалық, анам өзінің сериалын ұмытып кетті сол күні:-)

    Жауап беру

  6. Терең зерделепсіз!
    Жалағасын кутеміз!

    Жауап беру

  7. Posted by Тәржіман on 2011/05/26 at 08:46

    қайсы 5-6 адам туралы а

    Жауап беру

  8. Posted by Рауан on 2011/05/26 at 09:54

    Ма-а-а-а-а-
    Осындай ма,

    Жауап беру

  9. Posted by Тәржіман on 2011/05/26 at 10:10

    1.қайсы 5-6 адам туралы айтып отырсың Мұрат, бір елді дүрілдеткен қандай құдыретті кісілер бұлар аты жөнін айтшы? Фильмнің авторын іздеудің қажеті қанша дегендей, “әтеш өз атын өзі шақырады” дегендей алдын-ала анонс беріп хабарлап Тұспалсөз блогына жазған кім дегендей🙂 Жала жапқан фильмді түсіруге қатысып, бәле іздепсің енді қайтып ақталмақсың ба? 2.Жеке тұлғасы есім-сойы депсің, бәлду-бәлду деп бәрібір сойын, тегін тани алмапсың. Ол асылдың сойы Кіші жүз, Шөмекей, оның ішінде Торбай руынан. Шежіресін сұрасаң оны өзі айтып берер еді ғой🙂 3.Мен көрдім сұрақ қойдым дейсің, көзің жыпылықтап қорқақтап жүріп көре алдың ба🙂 есі дұрыс бір сұрақ қойып жауап ала алдың ба екен оған күмәніміміз бар. 4. Кішкене араб тілінен хабарың болса еді. Ма’сұм сөзінің мағынасын оқып біліп кел. Білімсіздік көрсетпе. Ислам хұқығында бұл сөз нені білдіреді. Ислам юриспруденциясындағы, тарихындағы сөздік мағыналарын толық ұғып ал. 5. Тақсыр сөзінің мағынасына байланысты да сол. Филолог болсаң, тілші болсаң Шет тілдерден қазақ тіліне енген сөздердің мағынасын жақсы біру керек. Түк білмесең еш болмаса гуглдетіп көрші. Ислами әдеп бойынша үлкен білімді кісілерді осылай атауға болады. Оның жанында елге сүйкімсіз кісілерді де түрлі етіп құбылтып шайх, хазрат, мүфти сүфти деп атап жүрсіздер ғой. 6. Ары қарай, ары қарай бір нәрсе деу үшін тасаввуф білімінен хабарымыз болуы керек, ол терең ілім, ондай білім сізде де жоқ менде де жоқ болған соң үндемей қоя салайықшы мақұл ма?.7. Қарғыс туралы “Сүннет бойынша жақсы емес” – деп қыртыпсың. Пайғамбарымыздың өзіне қастық ойлаған жауларына беддуа (қарғыс)қылғанын білмеймісің Мұрат. Еш болмаса Тәббат сүресін білетін шығарсың. қара еш болмаса http://www.islamdini.ru/publ/aza_tilindegi_ma_alalar/ran_k_rim_zh_ne_t_sindirmesi/1/11-1-0-889 Осы жерде тағы да білімсіздік көрсеттің. 8. Жаз жаза түс, өзді өзіне ор қазған Ораз сияқты салпаңқұлақ, киллер журналист атанасың, бетін аулақ қылсын түрлі жамандықтың…ешкім ешкімге жамандық тілемейді, бірақ біреуге сыртынан ор қазба, айтқанға ерме, ойланып тоқтамға кел. Барлығымыз бір қазақпыз ғой бауырым!

    Жауап беру

    • Ма’сум сөзінің тілдік мағынасы – қайтару, бір нәрседен тосу деген сөз. Шариғи мағынасын жазбамда айттым. Одан өзге мәнін білетін болсаңыз, айта отырыңыз, біз де біле жүрейік. Сізден сұрағымыз келген тағы бір нәрсе, Пайғамбарымыздың қарғыстарынан да мысал келтіре кетсеңіз. Біз естімеген екенбіз. Үнемі қастық қылудан шаршамаған бір әйел ауырып қалғанда хәлін сұрап барғанын білеміз. Ал Мәсәд сүресі Елші тарапынан еме, Алла тарапынан айтылған сөз екенін сіз жақсы білсеңіз керек һәм ол алда нақты болатын нәрседен хабардар етіп тұрған сүре. Пайғамбарға (с.ғ.с.) қастық қылғанның бәрінің қолы құрысын деген сөз жоқ онда. Әбу Ләһәб секілді өле-өлгенше дінге дұшпандық жасайтындарға жасалған ескерту. Ал Сіздің тақсырыңыз, “маған жамандық ойлағанның құдай төбесін ойсын” дейді.
      Дұрыс айттыңыз, бәріміз қазақпыз. Менің мақсатым көрген-білгенімді айтып, ескерту ғана. Сіздермен ой, сөз, пікір таластыру емес. ағаттық болса, өзімнен. Күнәсін өзім арқалаймын. Дұрыс сөз айтып, бір адамның болса да көзі ашылып жатса, Аллаға мың да бір шүкір.

      Жауап беру

      • Posted by Тәржіман on 2011/05/26 at 12:59

        “Бир’Мауна” деп аталатын құдық түбінде мүшріктер рауаят бойынша 40 немесе 70-ке жуық асхабты өлтірді. Бану-Амир тайпасының көсемі Абу Бәра Мәдинаға келіп Пайғамбарымыз с.а.с.-ға менің қауымыма Құран мен сүннетіңді үйретуге сахабаларыңды жібер деп шақырған еді. Бану-Сулайм тайпасының адамдары Бану-Амирліктердің азғыруы бойынша Амирліктердің жеріне жетпей шекарада тұрған “Бир’Мауна” деп аталатын құдық түбінде кенеттен шабуыл жасап өлтіреді. Сахабалар атқа түйеге мініп те үлгере алмай қалған, жаяу шайқасқан. Бірлі жарымы ғана аман қалған. Ары қарай өзің біліп аларсың….
        Міне осы оқиғалардан соң (мұның алдында Реджа құдығы түбінде Бану-Лихиян тайпасы 10 сахабаға опасыз қастандық жасаған) Пайғамбарымыз 40 күн бойы таң намазынан кейін беддуа жасады.
        “Алла олардың басына Юсуф пайғамбардың кезіндегідей жұтшылық келтір”, “Ия Алла бану-Лихиян, Адал, Каре, Зи’б, Р’ил, Зекван, Усаия тайпаларын саған тапсырдым, өйткені олар Аллаға және оның Расулына қарсы келді”.
        Пайғамбарымыздың дұғасы қабыл болды. Бұл тайпалар адам айтқысыз жұтшылыққа душар болды. Опасыздық жасаған Абу Бәра да көп уақыт өтпей қайтыс болды.
        риууаят: Ибни Саид.Табакат. т2.б.53. Абу Дауд.Сунен. Т2.б.68.
        сілтеме керек болса http://www.fatiha.ru/islam/prorok.htm
        Бұдан да басқа мысалдар көп. Өзің ізден. Білгендерден сұраудан жалықпа. Басқа пайғамбарлардың мысалы Нұх пайғамбардың, Муса пайғамбардың Алла тағаланың рұқсатымен айтқан қарғыстары да бар. Мұндай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады. Мәсәд сүресіндегі Әбу-Ләхабқа және оның әйеліне айтылған қарғысты Пайғамбарымыз с.а.с. Алланың рұқсатымен, әмірімен айтты.

      • Posted by 5 on 2011/05/27 at 06:25

        Тәржіман… Пайғамбарлар неге қарғыс айтып еді?! АЛЛАХтын дініне барынша қастық еткендерге,мумин бауырларды, жанындағы сахабаларды негізсіз, дінді жайғанын себеп етіп өлтіргендерге қарсы серт сұрап еді АЛЛАХТАН! Кафірлерге қарсы… АЛ Ысматуллаң кімге қарғыс сурап отыр?! и ваще қарғыс сурап отыр ма, әлде қарғысы сөзсіз орындалатындай дандайсып отыр ма!? ККаргыс тиері тимесін олзі шеше ме?!?!? И ваще, неге Ысматолланы Пайгамбар дарежесіне котеріп отырсың?! жоғарыда келтірген дүниеңнің барлығы “пайғамбарға” қатысты хадистер гой?! и?! Пайгамбарга берілгенді Ысматоллаға да “теліп бермекпісін”?!?!?!
        и 7 ұрпағына дейін қарғау дегеннен неге қарғып өткенсің?!?!и ондай каргысты АЛЛАХ кабыл ете ме?! сонда АЛЛАХты аділетсіз демекпісін, (астагфируллах)

        И сосын Әулие дегенді, кім беріпті ондай дарежені Ысматоллаға?!?! Аулие АЛЛАХтын досы. Ягни АЛЛАХ айтуы керек емес пе, анау менің суйген кулым деп?! АЛЛАХтын ол созі уахи аркылы тек пайгамбарга тусу тиіс. Мысалы, АБУ БАКР, ОМАР, ОСМАН, АЛИ р.а олар аулиелер еді. себебі пайгамбар аркылы АЛЛАХ оларга тірі кезінде-ак жумак насіп етіп койды… со секілді ЫСматоллаға аулие екенін кім жеткізіпті?!?!

  10. Posted by Kuat on 2011/05/26 at 12:29

    Мұрат, өте дұрыс жазғансың… Алла тағала саған қуат берсін және дұрыс жолдан ешқашан айырмасын.

    Жауап беру

  11. Posted by Азған АДАЙ on 2011/05/26 at 17:36

    Мурат, 7 теңге үшін 7 ұрпағыңды сатқаның ба?
    Бұл мақаланы жазбай қалғаныңда бір рет өкінетін едің, жазғаның үшін мың өкінерсің әлі…

    Жауап беру

    • Posted by 5 on 2011/05/27 at 06:30

      7 урпагы каргыска туседі дейсін бе!?!??! хыммм сонда акенін кунасін балада аркалай ма?! АЛЛАХ сонда аділетсіз бе (астағфируллах) солай бір атасы үшін букіл урпагына каргысты байлайтын?!?! Сенін мынау созін христиандардан аумай калды гой?! АДАМ атанын кунасін біздер аркалап журміз деген… и ваще кандай куна жасапты Мурат?!
      Дінде жок дуниені дін деп жайып, бас айналдырып зікір салу Мухаммед с.а.с калып па еді?! кай хадис я аят бар!!?!?!?

      Жауап беру

  12. Мен де “Хабардан” мұндай сапалы фильмді күтпеп едім. Ең бастысы өзекті тақырыпты көтере білді (Әдетте “бәрі жақсы” деген идеологиядан айнмайтын). Меніңше “Хабарда” мықты журналистер бар. Алайда олардың қолдары көбіне байлаулы болып көрінеді.

    Жауап беру

  13. Posted by Балықшы on 2011/05/26 at 20:28

    Мәке айтшы что это было? Сенің ақиқатты іздеуің ба, әлде жұрт алдындағы ақталуың ба? Не деген жиіркенішті…

    Мәке, Абай сайтындағы ғалымдардың конференция өткізгендігін оқыдың ба? Оқыған болсаң, сендердің түсірген халтураларыңның бет-пердесін ашып, маскаларыңды шешіп, профессияналдық сауатсыздықтарыңызды нақты фактілермен дәледеп бергенін мойындаған шығарсың.

    Шамасы біздің батыр ол сөздерге қарсы уәжі болмағасын өзін-өзі ақтауға кіріскен секілді. Болмаса Мұрат батыр! Неге сол конференцида айтылған мәселелерге қатысты жауабыңды бермейсің ақиқат іздегіш болсаң.

    Не деген предсказуемый едің?! Айтып отырған сөздерің баланың ойыншығы. Қылшықпен ойнап отырғандайсың құдды. Тура қамауда жатқан ақсақалға: “камераңызда жүзім ағашы өсе ме?” деген сандырақ секілді мына жерде де қуыпсың. Басқа ақталатын ештеңең болмағасын сөзден ілік іздеуге кірістің бе?

    Тәржіман 1-2 коментімен ақ сенің арзан ақталуыңдағы сандырағыңды әшкерелеп тастады. Тіпті сөзің сөз емес қой.

    Ақиқатқа қатысым жоқ дейсің бе? Шошаңдап фильмді түсіріп жүргеніңді көрдік. Фильм көрсетілмей жатып ақ анонсыңды блогыңа жариялап, кейін кетіріп тастағаныңды қалай түсінеміз? Авторларды көрсетпейміз дегесін алып тастадың ба?

    Енді жас балаша ақталып отырғаның мынау….

    Сен одан да сол конференцияны бір қарап шық та, сол жерде айтылған мәселелерге қатысты уәжіңді айтшы.( http://www.abai.kz/node/8541 ) По факту сөйле Мұрат. Жылпыңдама. Көрейік қай жерге дейін шабар екенсің.

    Көтің шыдаса, мына коментті кетірме. Ақиқатшыл болсаң тура сұраққа тура жауап бер.

    Жауап беру

    • Жақсы. Сіз үшін сөзім сөз болмай-ақ қойсын. Жиіркенішті болса, оның оңай жолы бар. Оқымай қою. Болды. Бұл менің жеке блогым. Өз көзқарасымды білдіруге толық құқылымын. Айтар уәжіңіз болса, мәймөңкелеп, сусылдамай, ең құрығанда Тәржіман секілді жүйелеп айтқаныңыз жөн. Ешкіммен арт таластырғалы отырғам жоқ. Арт жағыңыз тым сапалы болып жатса, өз атыңызды жазарсыз. Мені таниды екенсіз, демек мен де сізді танитын шығармын.

      Жауап беру

  14. жалпы “өзен жағалағанның өзегі талмаушы” еді. жоқ талғандары да бар екен. тіпті ең бір ашы, ең бір бейшарасын көз көрді. сондайларға жауап бермей-ақ қойсаң қайтеді Мұрат? қайбір Исламға жаны ашып барады дейсің соладың? барып тұрған фанатик қой.

    әйтпесе Исламда жиыла қап бақсы құсап зікір салудың жоқ екенін білмей ме?

    ҚҰранды қорлап тарақан жапсырудың залымдық екенін білмей ме?

    әулиелердің мыңға бөлініп бір өзі жер қайысқан қолды “қыра” беретінін айту баланың сөзі екенін білмей ме?

    адамды еркінен тыс 40 күн зынданға қамап “тәрбиелеудің” қылмыс екенін білмей ме?

    шын мұсылманға тек құран мен сүннетті басшылыққа алу керектігін білмей ме?

    БІЛЕДІ. Біле тұра қырсығады. Себебі мақсат қазаққа Исламды жаю емес. Мақсат қазақты жікке бөлу. Мақсат Исламға нұқсан келтіру ғой.

    сенің артыңның резвісі туралы сөз қозғаған екен, енді неғып өзінің резвісі ұстамай қалды деген ой кеп тұр. Шолақ қармақ ұстап, шалшық су кешкенше, атасы атаған аты мен шешесі шақырған ныспысын неге жазбайды дегенім ғой.
    ал мақалаң керемет! дәлелмен жазылған. журналистік зерттеу. барды бар, жоқты жоқ деп жеткізу осындай-ақ болар.

    Жауап беру

  15. Posted by Ізгілік on 2011/05/27 at 17:33

    Негізі ешкімді де жақтамаймын. Себебі тып-тыныш өз қазандарында қайнап жүрген сопыларға арнап фильм жасап Хабар тегін жарнама жасады. Енді соны айналдырып өсек соғуға жақсы сылтау таптық. Басқа ештеңе емес. Хабарды түсінетінім фильм жасау Хабардың жұмысы.

    Дегенмен дін мәселесінде дінде жоқ адамдардың түсінуге өресі жетпеген нәрселер болады. Ол жағдайлар сырт көзге масқара, ақымақтық болып көрінеді.

    Діндарларға да дүниелік маңызды нәрселер ақымақтық болып көрінеді.

    «Золотая середина» ұстау қиын. Біз қарапайым адамдар сопылар мен сопы еместер арасында миымыз айналып кеткені шындық.

    Негізі пікір жазуға http://islamdini.kz/articles/view/224 себеп болды. Ол жерді оқысаң бұл жердегі жазылған дұрыс емес. Бұл жерді оқысаң ол жердегі дұрыс емес.

    Негізі спорласу бітпейді, осы спорласудан не пайда бар. Кейбір жағдайларда спорласып шындыққа жетесің. Ал бұл мәселерде спорласқан сайын алыстайсың.

    Жауап беру

  16. Көп сөз-боқ сөз. Алла бар, Дін тұңғиық, Мемлекет ақиқат болсын,болмасын, қоғамды қалыпты, сабырлы ұстауға арналған шеңберді мығым қылуға жауапты.

    Жауап беру

  17. Posted by Kali on 2011/05/30 at 07:39

    Среди духовных учителей имя озарённого Акмырзы Дамулла ‘алейх занимает особое место. Присущая ему глубокая мудрость и высокий духовный статус нашли отражение в том. как он лаконично изложил основные постулаты Ислама. В 1931 году, Акмырза дамулла ахун, обладавший бесстрашием, вопреки жестоким запретам организовал и возглавил повстанческое движение против большевиков на территории Сыр-Дарьи. Восстание было жестоко подавлено. Рукопись Акмырзы дамулла ‘алейх “Тюрк иман” была сохранена Абдугаппаром кари, его учеником и сподвижником, который собрав весь свой род, перебрался в Афганистан. Сын Абдугаппара – ярчайший представитель традиционного ислама, имя которого известно во всем исламском мире – Исматулла Максум осуществил перевод этой рукописи с древнетюркского на казахский язык. http://www.zikir.okis.ru/akmirza.html

    Жауап беру

  18. Posted by Сыншы on 2011/05/30 at 13:22

    Мәәәә, Аллахтын ғана әмірімен жүріп, қас қылған көршісіне достық көрсеткен Пайғамбар (с.ғ.с.) қарғыс айтқыш боп шыға келді ме? Қайдағы қаңғып келген шүрегей үшін өз бауырларың мен пайғамбарыңды, одан қалды дініңді сатқан Тәржіман саған таңым бар!

    Жауап беру

  19. Осы “Ис” атаның жабық лагерінде болған бір танысым айтып еді: “Ол кісі айтады екен ересектерге: “Мен мына бізде өсіп жатқан балалардан қорықпаймын, сендерде қорқамын,” – деп (типа сендер сатып не өзгеріп кетулерің мүмкін, ал осы жерде туылғандар көздерін ашқаннан маған берілген деген сияқты ғой) “. Масқара….ана балаларды айтсайшы, Ислам деген жуынып, денсаулыққа мың есе пайдалы дәрет ап келіп, намазын оқып жатудың орнына, слкілдеп, солқылдап отырғандары…Обал-ай. Сосын “Ис” аталардың ілімі бойынша құран үйренгенде араб әріптерін үйрену шарт емес, тек оқылуы бойынша жаттап алса болды екен. Сол танысым өзі түсінбей жүр, айтпақшы, солар бәрін айтып келеді де, соңында бір әулиені айтып, басна барып тұру керек деп аяқтайды деп.??????

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: