Posts Tagged ‘РНН’

Қағаздан жасалған қоғам…


     Қағазбастылық. Біздің мемлекетте ғана солай ма екен, әлде, басқа елдер де осы дертпен сырқаттанған ба? Өзім Тәшкеннен басқа шетел көрмегесін, оның үстіне, орыс тілін сөздікпен, ағылшын тілін «судайдың» кері сипатында жақсы білгесін бұл сұрақтың соңғы әрі нақты жауабын білмеймін. Бірақ сол алыс-жақын шетелдердің қай-қайсысы болмасын осы мәселеге келгенде біздің қасымызда жіп немесе арқан есе алады дегенге күмәнім бар. 

      Айтпақшы, аса мәртебелі қағазбастылықтың екінші, тіпті үшінші есімі бар – асыра сілтеу, «шаш ал десе, бас алу». Рас, адамға, сөзге, шындыққа, адалдыққа сенуден қалған қоғамға сенуге тұратын бір нәрсе керек, мәселен бір замандардағы тасқұдайлар секілді. Қазір – қағаз. Жазуы бар, жазуы жоқ, қолы бар, қолы жоқ, мөрі бар, мөрі жоқ…. әйтеуір қағаз. Орта ғасырларда Еуропа шіркеулері индульгенция дегенді ойлап тапқан. Әлгі бір парақ қағазды сатып алсаңыз, күнәңіздің бәрі күйіп кетеді, жұмақ «гарантия». Ал біздегі бір тілім қағаз, әй, индульгенциядан да құнды-ау. Оқуды жалғастыру