Posts Tagged ‘ШЕБЕР’

«Шеберді шебер дегенше…»


«…Бақыт деген қайда екен, көкте ме екен мұнарған,
Жерде ме, әлде, тым алыс, жолда болар бұралған.
Бақыт, сірә, арманның орындалар мекені,
Арман, шіркін, біткен бе, бір басымда мың арман…»

Алты миллиард пенде жүр мен секілді тыныстап.
Езуіне күлкі іліп, көкірегіне мұң ұстап.
Алты миллиард адамда алты триллион арман бар,
Алты миллиард тілекте алты миллиард ырыс-бақ.

Алты миллиард жүрек пен алты миллиард құлшылық,
Алты миллиард сенімге жатыр әлем тұншығып.
Алты миллиард бағытпен алшаң-алшаң басатын
Алты миллиард жолаушы, ал тура жол – бір сызық. Оқуды жалғастыру