Posts Tagged ‘Сап-сары’

***


                                    Түсіріп еске таңды ізгі,
                                    Өзенді, көлді жалбызды,
                                    Әйнекке түскен ай-сәуле,
                                     Қолыма қалам алғызды.
                                              (Әлібек Шегебай)

Маңымнан кетпейтін мұңыма беріспей,
Басымнан айналған бақпен де келіспей.
Құлазып жүргенде қызығымды оралттың,
Сап-сары бақтағы қып-қызыл жемістей.

Көзіңе түйіскен көзіммен от басып,
Сезімді сөздерге сеніммен тоқтасып,
Қиялыңа ілесіп қиялым көкке ұшып,
Көкірек арнадан көңілім кетті асып.

Түсімді биледің, өңімді тұйықтап,
Сен болып ояндым, өзім боп ұйықтап.
Жүректің терісі күлдіреп тұр әлі,
Күлімдеп лаулаған күкіңе күйіп қап.

Оқуды жалғастыру