Posts Tagged ‘сайлау’

Төрт кадр эффектісі: Үгіттеу. Сайлау. Ұлықтау. Тағайындау.


Біздің бағдарламада өзімізге тән бір эффект бар. Эффект болғанда да, өз тілімізге салып, «перебивка» немесе «шақ-шақ» деп атаймыз. Ол – әрқайсысы төрт кадрден тұратын, бас-аяғы 16 кадрдан құралған видеолар тізбегі. Түсінікті болу үшін айта кетейін, 1 секундта 24 кадр болады. Сонда, 16 кадрдың ұзақтығын есептей беріңіз. Жарты екундтан сәл ұзақ уақытта жылт ете қалады. Сол «жылт етпенің» ішінде төрт түрлі көрніс, яғни «план» болады. Олардың ненің планы екенін көріпүлгеруіңіз де мүмкін, үлгермеуіңіз де мүмкін.

Саясат эфирінен өткен соңғы уақиғалар сол біздің эффектке қатты ұқсап кетті. Ылдым-жылдым. Тез-тез. Көз ілеспейді. Инаугурацияны енді көріп, «уһ»-тің «у»-інің жартысын енді айтып бола бергенде, Бас уәзірді тағайындау да бүгін өтеді деген ақпарат келіп жетті. Оқуды жалғастыру

Advertisements

Көрегендер бәйгесі: келесі кезек кімдікі?


Құрметті блогшылар!
Сайлау бітті. Енді әдеттегідей ауыс-түйісті күтеміз. Ең басты өзгеріс, әрине, Ата Заңымызға сәйкес, Үкіметтің қайта жасақталуы болып тұр.