Posts Tagged ‘«Оникс»’

«Әкелер мен балалар» – 2


Жастар, яғни менің замандастарым тәуелсіздіктің алғашқы буыны деген аттың үдесінен қаншалықты шыға алады? Жарайды, сауалды сәл қарапайымдау қояйық. Жастардың арасында санасында саңылауы барлар көп пе, саңылаусыздар көп пе? Тіпті болмаса, айналама пайдам тимесе де, кедергі келтірмейінші деп ойлайтын қыз-жігіттердің үлес салмағы неше пайыз?

         Өткен жазбада әкелерге түңіліп ек, бұл жолы балаларға тықыр таянып тұр. «Алма ағашынан алысқа түспейді». Түсуі мүмкін, адам сілкісе, жел тұрса. Аға буынның қателігін қайталамас үшін бізге сондай бір екпін керек-ақ. Әзірге… шамамыз белгілі. Оқуды жалғастыру

Advertisements