Posts Tagged ‘наурыз’

Кінәласаң, «ТҰСПАЛСӨЗДІ» кінәла!


This slideshow requires JavaScript.

       Бүгін наурыздың 21-і. Ал ертен наурыздың 22-і. Арғы күні 23-і. Осылай тізіп кете беруге болады. Бірақ ол жаңалық емес. Өйткені 23-нен кейін 24-і болатынын жұрттың бәрі біледі.

     Жә, әдеттегі қысыр әңгімелерімнің бірі емес. Салмақты бір ой айтпақпын. Бұл салмақты ойымның өзге салмақты ойларымнан айырмасы – салмағы тікелей өз басыма түспек. Оқуды жалғастыру

Папа-мамасы жоқ қыздың құдалығы…


      Наурыз жақындап келеді. Енді, құдай қаласа, мектеп-мекемелерде бір жарым айлық науқан басталады. Қызу науқан. Ол науқанның қысқаша тезисі былай өрбиді:  Ерлер иыққа шапан, басқа тақия қойып, әйелдер кимешек киіп, қамзол жамылып көрініс қояды. Директор апай күй тартып жұртты таң тамаша етеді. Алғашқы әскери дайындықтан беретін ағай иегіне сақал жапсырып алып бата береді. Ішіне басшылық қана кіретін киіз үйлер тігіледі. «Сен айт та, мен айт» болып дайындалған концерттік бағдарламаның фонында үйлерінен әкелген ішіп-жемді ішіп-жеп алған соң, той тарқап, жұрт тарасады. Оқуды жалғастыру