Posts Tagged ‘кабинет’

Мен, тырнақша және бастықтар…


                                                                                                                                                                                                                 Өз басым оқушы кезімнен бастап бастық атаулыдан зәрезап болған адаммын. Бастық болғанда да, кабинеті бар, айналмалы орындығы бар, хатшысы бар, негізінен ұрғылауға, анда-санда жазуға арналған үстелі бар, қарыны бар бастықтар емес, тырнақша ішіндегі «бастықтар». Әдетте, сыпайы, жылы сөйлейтін, дене бітімі нәзіктеу, орысшасы әлсіздеу, сосын… сосын, киім киісі қарапайымдау кісіге дүрсе қоя бергісі кеп тұратын ондай «бастықтар» орын, кеңсе, қызмет таңдамайды. Вахтер, күзетші, тазалықшы, кондуктор, сатушы, даяшы, жүргізуші, түсіруші, тыбы. Бойдақ кезде «қыздарға неғұрлым жұмсақ қараған сайын құтырады» деген кеңесті жиі естуші ек. Бұл «басекеңдердің» «паведениесі» де сол қыздардың ар жақ-бер жағы екен. «Аға», «апай» деген сайын, «ей, есікті қатты жап, көрмей тұрсың ба күн суық», «ей, есікті ақырын жап, сындырасың ба», «тезірек берсей заказды, сызылмай!», «өй, тұра тұршы, асығып өліп бара жатсың ба?» деген сықпыттағы «сыпайы» сөздерді жиі еститін боп алдық.
        Мұның бәрін өмірден түңілгеннен, айтар адамым болмай қапаланғаннан тізбелеп отырған жоқпын. Бұрынырақта жазған бір өлеңімді блокқа тықпалағым келіп, соған сылтау болу үшін жазып отырмын. Ол өлеңім «Бастықтар» деп аталады. Тыңда… оқыңыздар. Оқуды жалғастыру

Advertisements