Posts Tagged ‘Ақиқат’

Мен көрген Исматулла. 2-бөлім.


(жалғасы. Басы өткен жазбада)

«Мединеде Пайғам-барымның зиратына барып, дұға қылып жылап тұр едім, Пайғамбарым айтты, оң құлағыма айтты: Ей, қотыр ит, кет, тарат менің дінімді». Пайғамбар (с.ғ.с.) ­­– адам. Жәбірейіл періште емес. Хижраның 10 жылы, миледи 632 жылы қайтыс болған. Тірісінде дінді толық жеткізіп, артындағыларға аманаттап кеткен. Адамзаттың асылы арғы дүниеден қайтып келіп, ауғанстанда жүрген қазақтың құлағына сыбырлапты деген қай қисынға дәлдесеңіз де қиыспайтын әңгіме. Оқуды жалғастыру

Мен көрген Исматулла. 1-бөлім.


«Ақиқаттың»ақыры

дауға ұласары о бастан-ақ белгілі болған. Себебі, әркім өзінің танығанын ғана ақиқат деп біледі және әркім өзінің ақиқатын жан салып қорғайды. Сондықтан соңғы уақытта ақпа-рат кеңістігін қаптаған, мақала-сы бар, комен-тарийі бар, қалың пікірлер легін қалыпты құбылыс деп бағамдауға болады. Мыңдаған адамның миына кіріп алған идеологияға қарсы сөз айту, оны жоққа шығару сөзсіз осындай қарсылыққа ұшырауы тиіс.

Алайда, сол пікірлердің дені тақырыпқа қатыссыз қарсылықтардан, дәлел-дәйексіз айыптаулардан құралып жатса ше? Оқуды жалғастыру