Көрегендер бәйгесі: келесі кезек кімдікі?


Құрметті блогшылар!
Сайлау бітті. Енді әдеттегідей ауыс-түйісті күтеміз. Ең басты өзгеріс, әрине, Ата Заңымызға сәйкес, Үкіметтің қайта жасақталуы болып тұр.

Не намаз, не жұмыс…


«Намаз оқи
бастағалы оның жұмыстағы белсенділігі төмендеп кетті… егер дін жұмысқа
кедергі келтіретін болса, ондай діннің керегі жоқ… сендер өздеріңді өздерің
шектеп жа- тырсыңдар… Әрі қарай оқу

Сайлауға неше коммунист түсейін деп жатыр?


                                                                                                                                                                             Саясатты сөз қылмаймыз. Есіме «әр кәлләда бір қиял» деген бірдеменің түсіп отырғаны.

      Агентті қосып қойып, жұмыс істейін әдетіміз бар. Сол кезде микроблог деген «бәле» жылп-жылп етіп мазаны алатын. Кеше соларды оқып көрдім. Кезінде мен де миниблогқа: «агенттегі достарымның ішінде таныстар да бар екен» деп жазба жазғам. Өзім айтпақшы, сол көп достардың жазбаларын әрең оқып тауыстым. Іліп аларларын іліп алып, іріктеп назарларыңызға тықпалап отырмын. Әрі қарай оқу

Блогкэмп бәле болды…


                                           Шырмауықша шырмалып,

                                            Жазамыз-ау, аһ ұрып.

                                           Бұл не деген жырланып

                                           Бітпейтұғын тақырып?

     Осы жолдарды оншақты жыл бұрын (асырып жібердім-ау деймін) 4-5 жыл бұрын жолда кетіп бара жатып жазып едім. Әрине, блогкэмпке арнап емес, махаббатқа арнап. Енді, міне, аяқ асынан жырлау объектісі өзгеріп шыға келді. Жырлану, айтылу, жазылу, бейнелену, фотолану, видеолану деңгейі махаббаттан да асып түскен жаңа тақырып пайда болды. Әрі қарай оқу

Осы жұрт неге бізді бейшара дейді?


(Студенттің монологы)

Осы жұрт неге бізді бейшара дейді?

Ел кимегенді біз киеміз,

Ел мінбегенді біз мінеміз.

Ел ішпегенді біз ішеміз,

(Сонан соң… не арғы жағын ұмытып қаламыз,

Не бір-бірімізбен сүзісеміз.)

Осы жұрт неге бізді байқұс дейді,

Ешкім бәрібір қамымызды жеп, қайғы ішпейді.

Көргенімізден көреріміз көп,

Алғанымыздан береріміз көп.

Береріміз болмаса, ешкімге керегіміз жоқ. Әрі қарай оқу

Қағаздан жасалған қоғам…


     Қағазбастылық. Біздің мемлекетте ғана солай ма екен, әлде, басқа елдер де осы дертпен сырқаттанған ба? Өзім Тәшкеннен басқа шетел көрмегесін, оның үстіне, орыс тілін сөздікпен, ағылшын тілін «судайдың» кері сипатында жақсы білгесін бұл сұрақтың соңғы әрі нақты жауабын білмеймін. Бірақ сол алыс-жақын шетелдердің қай-қайсысы болмасын осы мәселеге келгенде біздің қасымызда жіп немесе арқан есе алады дегенге күмәнім бар. 

      Айтпақшы, аса мәртебелі қағазбастылықтың екінші, тіпті үшінші есімі бар – асыра сілтеу, «шаш ал десе, бас алу». Рас, адамға, сөзге, шындыққа, адалдыққа сенуден қалған қоғамға сенуге тұратын бір нәрсе керек, мәселен бір замандардағы тасқұдайлар секілді. Қазір – қағаз. Жазуы бар, жазуы жоқ, қолы бар, қолы жоқ, мөрі бар, мөрі жоқ…. әйтеуір қағаз. Орта ғасырларда Еуропа шіркеулері индульгенция дегенді ойлап тапқан. Әлгі бір парақ қағазды сатып алсаңыз, күнәңіздің бәрі күйіп кетеді, жұмақ «гарантия». Ал біздегі бір тілім қағаз, әй, индульгенциядан да құнды-ау. Әрі қарай оқу

Кінәласаң, «ТҰСПАЛСӨЗДІ» кінәла!


This slideshow requires JavaScript.

       Бүгін наурыздың 21-і. Ал ертен наурыздың 22-і. Арғы күні 23-і. Осылай тізіп кете беруге болады. Бірақ ол жаңалық емес. Өйткені 23-нен кейін 24-і болатынын жұрттың бәрі біледі.

     Жә, әдеттегі қысыр әңгімелерімнің бірі емес. Салмақты бір ой айтпақпын. Бұл салмақты ойымның өзге салмақты ойларымнан айырмасы – салмағы тікелей өз басыма түспек. Әрі қарай оқу

Құрылтайдан қалып қойған блогшының зары


                                                                («Амалым қанша» әнінің ізімен)

Екі айдан бергі сен едің кәусар арман-ән,

Құрылтай қарғам, құлшынтты мені жарнамаң.

Жұлқынып тұрып, жұмысты қиып кете алмай,

Амалым қанша, кінәлі өзім бармаған,

Кінәлі өзім бармаған.

               Оңаша қалып, опасыз мынау қалада,

               Үш күннен бері түсе алмай жүрмін сабама.

              Сағыныш деген – Клинтон сынды сары ала,

               Күйіктен қазір көңілім бейне Обама.

               Көңілім бейне Обама.

Әрі қарай оқу

ӨРКЕНИЕТ: шанышқыны қай қолға ұстайсыз?


Біз – мұсылманбыз. Әйтеуір бір сенім иесі болу керектіктен мұсылман болған жоқпыз, иман келтіргендіктен мұсылман болдық. Ал иман деген не? Иман деген – ғайыпқа сену. Жаратушының құдіретін жүрекпен түйсіну. Оның Өзіне, Елшісіне, Кітабына, періштелерге, ақыретке, тағдырға күмәнсіз илану. Бірақ Абай айтатындай, сенің сеніп қана қойғаның Құдайға керек емес, сол сенімді «практикавать» ету. Бұл жерде ғибадатты айтып тұрғам жоқ, ол өз алдына бөлек әңгіме, көз алдыңдағы өмір-тіршіліктің бәрі Алланың заңдылығымен жүзеге асып тұрғанын ұғыну. Хақтың үкімдері барлық заман, барлық мекенге жарамды, жарамды ғана емес, маңызды екенін білу. Діни ритуалдар мен мешітке кіргеннен қайтып шығып кеткенге дейінгі амалдарды ғана Алланың бұйрығына бағындырып, өзге тірлікте естен шығарудан сақтану. Әрі қарай оқу

Эфирде… «Жеті апта»


Көбіне қызығы мен шыжығы мол деген анықтауышпен қосақталуға бейім тұратын студенттік шақ дейтін бір тіркес бар. Қызық өтсе де, қызық өтпесе де, жұрттың бәрі сол шағын тамсана еске алуға құмар («біз армияда жүргенде» деп әңгіме бастайтын жігіттерді қоспағанда).

Қысқасы, айтайын дегенім, мына жазбамды сол почти текке кеткен төрт жылдың екінші жылдығында жазыппын. Ұялмай-қызармай қабырға газетіне жариялаппын. Қаламақы алмағаным болмаса, басқа жөн-жоралғының бәрін жасаппын.

Қызық болсын деп, жұртқа қызық болмаса, курстастарыма қызық болсын деп, оларға өтпеген күннің өзінде кейбір «бәстескіш» нұрлы топтастарымның мырс етіп мысқылдай күлуіне септігін тигізсін деп, оған да жарамаса, блогымды жаңарттым деп өз-өзімді жұбатып қою үшін осы жазбамды салып отырмын. (Уһ, біттім-ау. Өркен айтқан: жазба салсаң, не үшін салғаныңды жұрт білуі керек деп.) Әрі қарай оқу