Archive for the ‘Өз сөзім…’ Category

Такси, Эйнштейн және Жақсылық


Альберт атай Эйнштейннің бала кезінде болды дейтін әйгілі мысалды естіген боларсыз. Әлгі ше? Құдай зұлымдықты да, қараңғылықты да жаратты деп, айналадағы жамандықтың бәрін жаратушыға жаппақ болған оқытушыға айтқан жауабы. Тіпті, оны сол кезде сапалы камераға түсіріп алып, сапалы етіп монтаждағандар да болыпты. Оған дәлеліміз – мінекей.

Оқуды жалғастыру

Advertisements

Мен көрген Исматулла. 2-бөлім.


(жалғасы. Басы өткен жазбада)

«Мединеде Пайғам-барымның зиратына барып, дұға қылып жылап тұр едім, Пайғамбарым айтты, оң құлағыма айтты: Ей, қотыр ит, кет, тарат менің дінімді». Пайғамбар (с.ғ.с.) ­­– адам. Жәбірейіл періште емес. Хижраның 10 жылы, миледи 632 жылы қайтыс болған. Тірісінде дінді толық жеткізіп, артындағыларға аманаттап кеткен. Адамзаттың асылы арғы дүниеден қайтып келіп, ауғанстанда жүрген қазақтың құлағына сыбырлапты деген қай қисынға дәлдесеңіз де қиыспайтын әңгіме. Оқуды жалғастыру

Мен көрген Исматулла. 1-бөлім.


«Ақиқаттың»ақыры

дауға ұласары о бастан-ақ белгілі болған. Себебі, әркім өзінің танығанын ғана ақиқат деп біледі және әркім өзінің ақиқатын жан салып қорғайды. Сондықтан соңғы уақытта ақпа-рат кеңістігін қаптаған, мақала-сы бар, комен-тарийі бар, қалың пікірлер легін қалыпты құбылыс деп бағамдауға болады. Мыңдаған адамның миына кіріп алған идеологияға қарсы сөз айту, оны жоққа шығару сөзсіз осындай қарсылыққа ұшырауы тиіс.

Алайда, сол пікірлердің дені тақырыпқа қатыссыз қарсылықтардан, дәлел-дәйексіз айыптаулардан құралып жатса ше? Оқуды жалғастыру

Банкомат: Қай тілді таңдайсыз?


       «Жыным келеді». Патиктің баяғыда жазған осы бір жазбасы маған қатты ұнайды. Өйткені, айналамда менің де жыным келетін нәрселер өте көп. Соның бірі – қазақша біле тұра, түсіне тұра, сөйлей тұра, банкоматта орыс тілін таңдайтын адамдар.

          Шын айтам, сондай адамдарға жыным келеді. Білмеймін неге екенін. Қазақша таңдау қиын болса бір сәрі, қазақша аудармалар түсініксіз болса бір сәрі. Тізімде бірінші. «Билайнның» билбордтарындағыдай қазақшасы сұрқай әріппен жазылып, көмескіленіп, көрінбей тұрған жоқ. Бадырайып-ақ тұр. «PIN енгізіңіз», «алуға болатын сома», «қолма-қол ақша беру» деген сөздерді ауылдағы 3 жасар інім Сикош та түсінеді ғой. Оқуды жалғастыру

Қазақсың ба, мұсылмансың ба?


Мен қазір отыра қалып, ал, қазақтар, пікір таластырайық, кім қалай ойлайды, «Құран жаратылған ба, жаратылмаған ба» деп бір тақырып бастасам. Нағыз қызылкөз бүлікшінің өзі болам. Өйткені дәл осы талас тарихта талай ғалымның өмірін қинап, талай қауымның қырылуына себепкер болған.

Әсілі, Ислам ғұламаларының бәрі Құранның мәхлуқ (мақлұқ), яғни, жаратылған зат емес, Алланың сөзі екенін бірауыздан мақұлдайды. Ежелден солай. Бірақ, тарихта адасқан кейбір топтар «Құран жаратылған» деген идеяны бекем ұстанып ап, өзіне қарсы шыққандарды атып, асып, қамап, үлкен бір бүліктің бастауына айналды. Мәселен, сол топқа кіріп кеткен
патшадан зәбір көрген ғалымдардың бірі – атақты имам Ахмад. Оқуды жалғастыру

Суперстар синдромы


       Қазақта «күшігінен таланған» деген сөз бар. Мағынасы келе ме, келмей ме, білмеймін, бірақ кезінде «суперстарға» қатысып жұлдыз болған қыз-жігіттерге осы тіркесті қолданғым кеп тұрады.

Со жарықтықтарға не көрінді? Не бастарына күн туды? Араларынан өз жолын қазақылықтан іздеген неге бір жібі түзу әнші шықпады?

Қысқасы, неден бастарымды білмей лағып отырмын. Өйткені тақырыпты қозғардай нақты бір «информационный повод» жоқ. «Суперстарлықтарға» қарадай жыным келетін болған соң, жазып құтылайын дегенім-дағы. Оқуды жалғастыру

Төрт кадр эффектісі: Үгіттеу. Сайлау. Ұлықтау. Тағайындау.


Біздің бағдарламада өзімізге тән бір эффект бар. Эффект болғанда да, өз тілімізге салып, «перебивка» немесе «шақ-шақ» деп атаймыз. Ол – әрқайсысы төрт кадрден тұратын, бас-аяғы 16 кадрдан құралған видеолар тізбегі. Түсінікті болу үшін айта кетейін, 1 секундта 24 кадр болады. Сонда, 16 кадрдың ұзақтығын есептей беріңіз. Жарты екундтан сәл ұзақ уақытта жылт ете қалады. Сол «жылт етпенің» ішінде төрт түрлі көрніс, яғни «план» болады. Олардың ненің планы екенін көріпүлгеруіңіз де мүмкін, үлгермеуіңіз де мүмкін.

Саясат эфирінен өткен соңғы уақиғалар сол біздің эффектке қатты ұқсап кетті. Ылдым-жылдым. Тез-тез. Көз ілеспейді. Инаугурацияны енді көріп, «уһ»-тің «у»-інің жартысын енді айтып бола бергенде, Бас уәзірді тағайындау да бүгін өтеді деген ақпарат келіп жетті. Оқуды жалғастыру