Archive for the ‘Қысыр әңгіме’ Category

Сайлауға неше коммунист түсейін деп жатыр?


                                                                                                                                                                             Саясатты сөз қылмаймыз. Есіме «әр кәлләда бір қиял» деген бірдеменің түсіп отырғаны.

      Агентті қосып қойып, жұмыс істейін әдетіміз бар. Сол кезде микроблог деген «бәле» жылп-жылп етіп мазаны алатын. Кеше соларды оқып көрдім. Кезінде мен де миниблогқа: «агенттегі достарымның ішінде таныстар да бар екен» деп жазба жазғам. Өзім айтпақшы, сол көп достардың жазбаларын әрең оқып тауыстым. Іліп аларларын іліп алып, іріктеп назарларыңызға тықпалап отырмын. Оқуды жалғастыру

Осы жұрт неге бізді бейшара дейді?


(Студенттің монологы)

Осы жұрт неге бізді бейшара дейді?

Ел кимегенді біз киеміз,

Ел мінбегенді біз мінеміз.

Ел ішпегенді біз ішеміз,

(Сонан соң… не арғы жағын ұмытып қаламыз,

Не бір-бірімізбен сүзісеміз.)

Осы жұрт неге бізді байқұс дейді,

Ешкім бәрібір қамымызды жеп, қайғы ішпейді.

Көргенімізден көреріміз көп,

Алғанымыздан береріміз көп.

Береріміз болмаса, ешкімге керегіміз жоқ. Оқуды жалғастыру

Құрылтайдан қалып қойған блогшының зары


                                                                («Амалым қанша» әнінің ізімен)

Екі айдан бергі сен едің кәусар арман-ән,

Құрылтай қарғам, құлшынтты мені жарнамаң.

Жұлқынып тұрып, жұмысты қиып кете алмай,

Амалым қанша, кінәлі өзім бармаған,

Кінәлі өзім бармаған.

               Оңаша қалып, опасыз мынау қалада,

               Үш күннен бері түсе алмай жүрмін сабама.

              Сағыныш деген – Клинтон сынды сары ала,

               Күйіктен қазір көңілім бейне Обама.

               Көңілім бейне Обама.

Оқуды жалғастыру

Эфирде… «Жеті апта»


Көбіне қызығы мен шыжығы мол деген анықтауышпен қосақталуға бейім тұратын студенттік шақ дейтін бір тіркес бар. Қызық өтсе де, қызық өтпесе де, жұрттың бәрі сол шағын тамсана еске алуға құмар («біз армияда жүргенде» деп әңгіме бастайтын жігіттерді қоспағанда).

Қысқасы, айтайын дегенім, мына жазбамды сол почти текке кеткен төрт жылдың екінші жылдығында жазыппын. Ұялмай-қызармай қабырға газетіне жариялаппын. Қаламақы алмағаным болмаса, басқа жөн-жоралғының бәрін жасаппын.

Қызық болсын деп, жұртқа қызық болмаса, курстастарыма қызық болсын деп, оларға өтпеген күннің өзінде кейбір «бәстескіш» нұрлы топтастарымның мырс етіп мысқылдай күлуіне септігін тигізсін деп, оған да жарамаса, блогымды жаңарттым деп өз-өзімді жұбатып қою үшін осы жазбамды салып отырмын. (Уһ, біттім-ау. Өркен айтқан: жазба салсаң, не үшін салғаныңды жұрт білуі керек деп.) Оқуды жалғастыру