Archive for the ‘Оңашаланған ойлар’ Category

Папа-мамасы жоқ қыздың құдалығы…


      Наурыз жақындап келеді. Енді, құдай қаласа, мектеп-мекемелерде бір жарым айлық науқан басталады. Қызу науқан. Ол науқанның қысқаша тезисі былай өрбиді:  Ерлер иыққа шапан, басқа тақия қойып, әйелдер кимешек киіп, қамзол жамылып көрініс қояды. Директор апай күй тартып жұртты таң тамаша етеді. Алғашқы әскери дайындықтан беретін ағай иегіне сақал жапсырып алып бата береді. Ішіне басшылық қана кіретін киіз үйлер тігіледі. «Сен айт та, мен айт» болып дайындалған концерттік бағдарламаның фонында үйлерінен әкелген ішіп-жемді ішіп-жеп алған соң, той тарқап, жұрт тарасады. Оқуды жалғастыру

Advertisements

Гуанчжоу-2010


         Қожекең, Қожанасыр, бір күні көшеде, жұрттың көзінше, баласын қатты сабапты. Арасында, «Кесенің бәрін сындырып тауысасың ба» деп айқайлап қоятын көрінеді. «Өй, Қожеке, мұныңыз не, балаңыз неше кесе кесе сындырды соғұрлы?» десіпті көршілер. «Балам кесе сындырған жоқ». «Онда неге ұрсып жатырсыз?» «Енді… сындырмаса, сындырады ғой» деген екен. Оқуды жалғастыру

ЕСІМ


        «Менің атым… Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалатын сияқты…» Қайран «қара көже»! Өзге түгіл, өзіне де ұнамайтын оғаш атымен-ақ талай баланың есінде қалды. Әңгіменің кім туралы екенін біліп отырған шығарсыздар. Қайран, Бердібек атам! Сол бір қысылтаяң заманда «осы жердің иесі, қожасы сенсің, қазақ баласы» дегенді кейіпкердің есімі арқылы ескерткісі келген екен ғой. Оқуды жалғастыру

… АУЫСТЫРУ


        Жалпы, Жұбан Молдағалиев айтқан жетінші құрлықта ауыстыруға бейім адамдар тіршілік етеді. Олар ертеде мініс аттарын ауыстыруды жақсы көріпті-мыс. Қазір көлік ауыстыруды ұнатады. Әрине, көлік алған соң оның майын ауыстырады, нөмірін ауыстырады, дөңгелегін ауыстырады. Олар енді ұсақ-түйегі. Сәл ірілерін айтайық. Мәседен, құжат ауыстыру. Партия ауыстыру. Партияның атын ауыстыру. Заң ауыстыру. Мұның бәрі қалыпты құбылыстар. Оқуды жалғастыру