Archive for the ‘Иман – парыз’ Category

Такси, Эйнштейн және Жақсылық


Альберт атай Эйнштейннің бала кезінде болды дейтін әйгілі мысалды естіген боларсыз. Әлгі ше? Құдай зұлымдықты да, қараңғылықты да жаратты деп, айналадағы жамандықтың бәрін жаратушыға жаппақ болған оқытушыға айтқан жауабы. Тіпті, оны сол кезде сапалы камераға түсіріп алып, сапалы етіп монтаждағандар да болыпты. Оған дәлеліміз – мінекей.

Оқуды жалғастыру

Advertisements

Мен көрген Исматулла. 2-бөлім.


(жалғасы. Басы өткен жазбада)

«Мединеде Пайғам-барымның зиратына барып, дұға қылып жылап тұр едім, Пайғамбарым айтты, оң құлағыма айтты: Ей, қотыр ит, кет, тарат менің дінімді». Пайғамбар (с.ғ.с.) ­­– адам. Жәбірейіл періште емес. Хижраның 10 жылы, миледи 632 жылы қайтыс болған. Тірісінде дінді толық жеткізіп, артындағыларға аманаттап кеткен. Адамзаттың асылы арғы дүниеден қайтып келіп, ауғанстанда жүрген қазақтың құлағына сыбырлапты деген қай қисынға дәлдесеңіз де қиыспайтын әңгіме. Оқуды жалғастыру

Мен көрген Исматулла. 1-бөлім.


«Ақиқаттың»ақыры

дауға ұласары о бастан-ақ белгілі болған. Себебі, әркім өзінің танығанын ғана ақиқат деп біледі және әркім өзінің ақиқатын жан салып қорғайды. Сондықтан соңғы уақытта ақпа-рат кеңістігін қаптаған, мақала-сы бар, комен-тарийі бар, қалың пікірлер легін қалыпты құбылыс деп бағамдауға болады. Мыңдаған адамның миына кіріп алған идеологияға қарсы сөз айту, оны жоққа шығару сөзсіз осындай қарсылыққа ұшырауы тиіс.

Алайда, сол пікірлердің дені тақырыпқа қатыссыз қарсылықтардан, дәлел-дәйексіз айыптаулардан құралып жатса ше? Оқуды жалғастыру

Қазақсың ба, мұсылмансың ба?


Мен қазір отыра қалып, ал, қазақтар, пікір таластырайық, кім қалай ойлайды, «Құран жаратылған ба, жаратылмаған ба» деп бір тақырып бастасам. Нағыз қызылкөз бүлікшінің өзі болам. Өйткені дәл осы талас тарихта талай ғалымның өмірін қинап, талай қауымның қырылуына себепкер болған.

Әсілі, Ислам ғұламаларының бәрі Құранның мәхлуқ (мақлұқ), яғни, жаратылған зат емес, Алланың сөзі екенін бірауыздан мақұлдайды. Ежелден солай. Бірақ, тарихта адасқан кейбір топтар «Құран жаратылған» деген идеяны бекем ұстанып ап, өзіне қарсы шыққандарды атып, асып, қамап, үлкен бір бүліктің бастауына айналды. Мәселен, сол топқа кіріп кеткен
патшадан зәбір көрген ғалымдардың бірі – атақты имам Ахмад. Оқуды жалғастыру

Не намаз, не жұмыс…


«Намаз оқи
бастағалы оның жұмыстағы белсенділігі төмендеп кетті… егер дін жұмысқа
кедергі келтіретін болса, ондай діннің керегі жоқ… сендер өздеріңді өздерің
шектеп жа- тырсыңдар… Оқуды жалғастыру

ӨРКЕНИЕТ: шанышқыны қай қолға ұстайсыз?


Біз – мұсылманбыз. Әйтеуір бір сенім иесі болу керектіктен мұсылман болған жоқпыз, иман келтіргендіктен мұсылман болдық. Ал иман деген не? Иман деген – ғайыпқа сену. Жаратушының құдіретін жүрекпен түйсіну. Оның Өзіне, Елшісіне, Кітабына, періштелерге, ақыретке, тағдырға күмәнсіз илану. Бірақ Абай айтатындай, сенің сеніп қана қойғаның Құдайға керек емес, сол сенімді «практикавать» ету. Бұл жерде ғибадатты айтып тұрғам жоқ, ол өз алдына бөлек әңгіме, көз алдыңдағы өмір-тіршіліктің бәрі Алланың заңдылығымен жүзеге асып тұрғанын ұғыну. Хақтың үкімдері барлық заман, барлық мекенге жарамды, жарамды ғана емес, маңызды екенін білу. Діни ритуалдар мен мешітке кіргеннен қайтып шығып кеткенге дейінгі амалдарды ғана Алланың бұйрығына бағындырып, өзге тірлікте естен шығарудан сақтану. Оқуды жалғастыру

«Адал деген қазаннан доңыздың басы шығыпты…»


Біз шіркін «халал комитет» аталып кеткен Халал өнімдерін стандарттау техникалық комитетін сынап, кейбіріміз: «Осы сөз моды ма, не бәле? Халал-малал демей, «говяжий колбаса» жеп, спиртсіз сусын ішіп жүрсек болды емес пе» деп мұсылманшылықты мінеп, үшіншілеріміз: «Жер-көктің бәрі халал боп кетті, халал саунасы несі, халал қонақ үйдің не керегі бар, енді халал шарап, халал қыз шықса таңқалмаймыз» деп шіреп жүргенде…

Біздің салғырттығымызды біреулер жақсылап пайдаланып жатыр. Жұма күні (04.03.11) «Хабардағы» «Сонымен солай дейік…» бағдарламасының түсірілімінде қонақтардың бірі арнайы алып келген «Мұсылман-Мусульманская» шұжығынан шошқаның гені табылды. Оқуды жалғастыру