Банкомат: Қай тілді таңдайсыз?


       «Жыным келеді». Патиктің баяғыда жазған осы бір жазбасы маған қатты ұнайды. Өйткені, айналамда менің де жыным келетін нәрселер өте көп. Соның бірі – қазақша біле тұра, түсіне тұра, сөйлей тұра, банкоматта орыс тілін таңдайтын адамдар.

          Шын айтам, сондай адамдарға жыным келеді. Білмеймін неге екенін. Қазақша таңдау қиын болса бір сәрі, қазақша аудармалар түсініксіз болса бір сәрі. Тізімде бірінші. «Билайнның» билбордтарындағыдай қазақшасы сұрқай әріппен жазылып, көмескіленіп, көрінбей тұрған жоқ. Бадырайып-ақ тұр. «PIN енгізіңіз», «алуға болатын сома», «қолма-қол ақша беру» деген сөздерді ауылдағы 3 жасар інім Сикош та түсінеді ғой.

         Айналып келгенде, сол банкоматтың тіліне тіреліп қалған түк те жоқ. Керек десеңіз, ағылшыншасы мен орысшасын алып тастап, тек қазақшасын қалдырса да, мемлекеттік тілдің мәртебесі өсіп кетейін деп тұрған жоқ. Мәселе, менің әлгіндей адамдарға жыным келетінінде. Өзің қазақсың, қазақша білесің, сөйте тұра бірінші тұрған қазақшаны емес, екінші тұрған орысшаны таңдайсың. Бұл – адам санасындағы өзі байқамайтын кілтипан. Рухани марғаулықтың көзге көрінбес синдромы. Бірақ сол синдром ертең үлкен таңдау жасайтын сәт туа қалса, үйренген жағына тартып кетуі әбден мүмкін.

         Ал сіз қай тілді таңдайсыз?

27 responses to this post.

  1. мен қазақ тілін, шын айтам…

    Жауап беру

  2. Керек инфода ма, қателеспесем, бір талқылау болған осы банкоматтар жайы
    Мысалы, қазақ тілін таңдаушылардың үлесін банкомат иелері есептеп көрсе, онда қазақ тіліне деген сұраныс бес он ақ пайыз болса, мына тілге деген сұраныс жоқ екен демей ме? деген пікірлер айтылған ды.

    Мен де қазақша…

    Жауап беру

  3. Posted by qisyq on 2011/05/13 at 06:40

    Қазақша таңдаймын. Кей аудармалары орынсыз болса да.

    Жауап беру

  4. Мен де міндетті түрде қазақ тілін таңдаймын. Бастапқыда түсініксіздеу болғанымен, кейін үйреніп кеттік. Бірақ, шынымен көптеген “нағыз” қазақтар осыны ескере бермейді. Меніңше, бұл әдет емес, құлдық сананың дендеп, сіңгені…

    Жауап беру

    • Білмеймін, орыс тілін білмегендіктен бе, маған қазақшасы о бастан-ақ түп-түсінікті боп көрінді. Кейде құлдық санадан ада, жиындарда тіл туралы тақпақ оқып, сөз айтатындар да қазақша таңдамайды. Ұсақ-түйек деп мән бермейтін шығар. Сондай кейбр дамдарға ой салу болған менің мақсатым. Бір жағынан жыным келетін адамдар санының азайғаны маған да жақсы.

      Жауап беру

  5. Posted by Әсел on 2011/05/13 at 07:01

    Алғашында қазақ тілін таңдайтынмын, бір рет карточкамнан айырылып қалғаннан кейін, орыс тілін таңдайтын болдым.

    Жауап беру

    • Кешіріңіз, егер сол “ұлы айырылысу” қазақ тілін таңдағаныңыз үшін болса сөз басқа, алтілге қатысы жоқ, сол кездегі банкоматтың ақауынан болса ше? Олай болуы да мүмкін ғой. Қазақтың тілін бүгін карточка үшін ысырсақ, ертең… Тағы да кешірім сұраймын.

      Жауап беру

  6. Posted by Бахыт on 2011/05/13 at 08:15

    Банкоматта таңдау болған соң, қазақ тілін таңдаймын, әрине. Ал дүкендердің бұрыштарында тұратын ұялы байланыс аппараттарына келгенде таңдау жоқ. Орыс тілін білмейтін адам ұялы телефонына бірлікті қалай толтырады екен?

    Жауап беру

  7. Posted by Жасандылык on 2011/05/13 at 08:31

    ех… ештене айтпай-ак кояйыншы…

    Жауап беру

  8. Мен банкоматтын алдына барғанда міндетті түрде МЕН ҚАЗАҚПЫН деп, кеудемді керіп тұрып ҚАЗАҚША нұсқасын қолданамын. Өз тілімізді осындай мүмкіндікте құрметтемесек несіне қазақпыз. Талқыға салған мәселеңіз өте орынды.

    Жауап беру

  9. Қазақша қолдануын қолданасың ғой. Бірақ аудармасы сапасыз болғандықтан қазақшасын қолданатын адам ақшасынан қағылып қалуы мүмкін. Сенбесеңіз бакноматпен карточкаңыздан басқасын ақша аударып көріңіз немесе басқа да күрделі функцияларын сынап көріңіз. Осы туралы блогыма, керекке де жазба жазып, радиодан хабар дайындап, газетке мақала да беріп, комментарий да айтып, депутаттарға да хабарласып (қай тілдегісін қолданасың деп сұрағанбыз) біраз ізденген едік. Түсінгенім: банкоматты қазақша қолданып жүрмін дегеніміз мәселені шешпейді. Егер бүгінгі нарық қазаққа жұмыс істесін десек, нарықтағы қызмет көрсету саласы мемлекеттік тілде жүргізілсін дегенді заңмен бекіттіру керек. Басқа да жолы болса, айта отырыңыздар.

    Жауап беру

    • Мен де алғашында, кредит-карталарын алғаш пайдалана бастағанда, қазақ тілін пайдаланатынмын. Бірақ, оңай операцияларды ғана орындап, қиындарына онша көңіл бөле бермейтін де едім. Ол студенттік кезде болатын. Ал қазір, күрделі функцияларын пайдалану үшін қазақшасын пайдаланбақшы болсам, тіпті өзім шатасып та кететін кездер болады. Асекеңнің айтып отырғанымен келісемін.

      Ал қызмет көрсету саласын мемлекеттік тілде жүргізу деген заңдық негізде “50 де 50” болып бөлінген сияқты еді, қателеспесем. Яғни, қалаған азамат қалаған тілінде ақпарат ала алады. Бұл жерде тағы бір мәселе жылт етеді. Қазақ тілін жетік білетін азамат өзіне өз тілінде қажетті ақпаратты талап етуді білмейді, не талап еткісі келмейді деген болып шығады. Яғни, қазақ тілді халық ол операцияларды тек қана орыс тілінде жасауға мүмкіндік бар деген құқықтық сауатсыздық болса керек. Сол үшін халық арасында өзінің құқықтық мүмкіндіктерін толық талап ете білуі үшін ағартушылық жұмыстар керек сияқты.

      Өзім де шатасып кеттім! Қысқасы, сол…🙂 Бірақ, әлі ақша салу не өзге де оңай функцияларды банкоматта қазақ тілінде жүзеге асырамын.🙂

      Жауап беру

  10. Posted by Байназаров Талғат on 2011/05/13 at 18:09

    Қазақша тілін таңдаймын. Мозилла да қазақша менде, деп мақтанып қояйық))

    Жауап беру

  11. МЕН ҚАЗАҚША ТАҢДАЙМЫН. ҚАЙ ЖЕРДЕ ДЕ ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН ОРЫСТАРҒА ДА ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН КЕРЕК БОЛСА. ЖҰМЫСТАҒЫ ӨЗГЕ ҰЛТ ӨКІЛДЕРІМЕН ДЕ ҚАЗАҚША АМАНДАСАМ. БІР ҚЫЗЫҒЫ МЕНІҢ ҚАЗАҚШАМДЫ КӨБІ ТҮСІНБЕЙДІ, ӘСІРЕСЕ ӨЗІМІЗДІҢ ҚАЗАҚТАР, ҚАЙТАЛАШЫ ӘЛГІ СӨЗІҢ НЕ МАҒЫНА БЕРЕДІ ДЕП СҰРАП ОТЫРАДЫ, СӨЙТСЕМ ОЛАР АЙТАДЫ ӘЖЕЛЕР СИЯҚТЫ СӨЙЛЕЙСІҢ ДЕП, АЛ МЕН АЙТАМ ТАЗА ҚАЗАҚТЫҢ ТАЗА ӘДЕБИ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕЙМІН ДЕП. МЕНІҢ БІР ҚҰРБЫМ БАР ОРЫСША БІЛГЕНДЕ ДАААВНОО БІР ЖЕРДЕН ШЫҒАР ЕМ ДЕП. ҚЫЗЫҚ… ТҮСІНБЕЙМ ОБЫЩЫЫМ …

    Жауап беру

  12. Орысшасын, болмаса ағылшыншасын таңдаймын. Бір рет қазақшаны таңдап, түсініңкіремей ұзақтау тұруға тура келді. Банкомат алдында ежіктеп тұрғанды жақтырмаймын.

    Жауап беру

  13. Банкоматтан қытай тілінде ақша сұрауға болатынын көргенде, қорыққам. Әлі қорқып келемін))

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: