Сені ойлаймын айтып тұрып стенд-ап…


                                                                                                                        

       «Әлди-әлди» күйеуінен келген смс-терді тізіп қойыпты. Ол пост маған да ой салды. Мен неге жұбайыма жазған хабарламаларымды таңдап-таңдап салып қоймаймын деп ойладым. Ойладым да, «исходящийді» бір аралап шықтым. Сондағы қолға іліккендері мынау. Айтпақшы, ескерту: бұл смс хабарламалар. Өлең емес. Өлең оқимсын деген тәбетпен бастап, тоймай қалсаңыздар, өзде- ріңізден көріңіздер. Мен ескерттім.

Қыста екі апталық іс-сапарға кеттім. Сонда жазылған «сообщениелер»:

*  *  *

Сезімге толып дір еткен,

Қуаныш құшып, мұң өпкен.

Сағынам сені сәт сайын

Өзіңдеп соққан жүрекпен.

 

Күн болып аршы көгімнен

Күлкімді қарға көмілген.

Күтемін соны, көріктім,

Кеберсіп қалған көңілмен.

 

Сыңардай екем саған мен.

Табылмас оған табанда ем –

Сағынам сені, сұлуым,

Сарғайып кеткен санаммен… 

*  *  *

Түн ауған шақ. Ұйқы ұрлаған арна жыр.

Мұңайған сәт. Тылсым ойға түстім бе?

Сен алаңсыз ұйықтап жатсың дәл қазір

Сен деп соққан жүрегімнің үстінде.

         *   *   *

         Сол сапарға аттанып бара жатқанда асығып жүріп, неке сақинамды үйге қалдырып кетіппін. Осы арда бір әңгіме есіме түсіп тұрғаны. «Күйеуі сыртқы шығып бара жатыр. Әйелі: – Неке жүзігіңді неге тақпайсың? Күйеуі таңданған түрмен: – Осындай ыстықта ма? :)». Бірақ біздің арамызда ондай әңгіме болған жоқ. Тек мен мына смс-ті жазып жібердім.

Қайырлы таң! Өкпелеме, Айкөшім!

Қуанышым сен ғанасың қызықтар.

Саусақтағы сақинаны қайтесің?

Жүрегімде өзің салған жүзік бар?

         *   *   *

         Ал мына хат жолда жазылды. Ырғағын таппаса, буын саны кем секілді көрінуі мүмкін. Сол үшін мүмкін болса, әнін Қалдыбек көке жазған (мәтінін кім жазғанын білмедім), Тұңғышбай аға орындайтын «Кешіккен махаббат» әннің («Мәңгілік махаббатым өзің шығарсың, Мезгілінен кешігіп жолыққан маған» деп келетін) ырғағына салып оқыңыздар. Әніне қосу шарт емес, тек бунақтың орны мен үзілістерді анықтау үшін айтып жатырмын. Қуып кеттім ба? J

Кейде осылай амалсыз жортам, ақылдым,

Деміңді бас, шаршатсам ырбаңдай беріп.

Астана мен Алматы: ортада тұрмын

Арасында екі оттың тұрғандай болып.

 

Жұмысыма өзімнің жоспарым дәл кеп,

Араламақ екі апта ел ішін бала.

Алматыға асығам достарым бар деп.

Астананы қимаймын сен үшін ғана.  

         *   *   *

         Мына соңғы түйенің іс-сапарға қатысы жоқ. Бұл смс қазір қалтафонымда да жоқ. Үйленбей тұрған кезде жазылған. Жатқа білетін болғасын, «по блату» осы тізімге еніп кетті. (Соңғы жолға қарап, сүйген жары істі болған екен деп ойлап қалмассыздар. Мамандығы сондай :))

Қалам қанық, қағаз да аппақ, үстел де ақ,

Ойым бейне ай сәулесі түскен бақ.

Сені ойлаймын мәтін жазып отырып,

Сені ойлаймын айтып тұрып стенд-ап.

 

Синхронның қояр шақта сауалын,

Төзімімнң таусардай боп тауанын,

Сен есімнен кетпей тұрып аласың

Әлгі адамның естірде де жауабын.

 

Өкпелеме, ой-сәуле деп ат қойсам,

Бойға сәуле таратады тәтті ой сан.

Бақыттымын, сен де мені есіңе

Сотта отырып сәтке ғана ап қойсаң.

32 responses to this post.

  1. “Әлди-әлдидің” күйеуінің смс-тері ғажап па десем, сіздің жұбайыңызға жазған хаттар тіпті кермет екен ғой! :)))
    Махаббаттарыңыз баянды болсын!

    Жауап беру

  2. Күшті ғой…..Әйеліңіз қандай бақытты🙂

    Жауап беру

  3. Күшті бір бұрыш бастадыңдар ғой өздерің:))) Тағы басқалар жолданбаған хаттар деп жазатындары ол бар:) КүЧт жалпы!

    Жауап беру

  4. Posted by Әсел on 2011/05/10 at 03:42

    Мұрат, мұндай смс-терді алған Айсәуле қандай бақытты десеңші!!! Әсіресе стенд-ап айтып тұрып сені ойлаймын деген жері ерекше ұнады.

    Жауап беру

  5. Posted by ASEKA on 2011/05/10 at 06:03

    MYRAT+Aisaule= LOVE)))

    Жауап беру

  6. Posted by ASEKA on 2011/05/10 at 06:07

    minadai sms algan kiz kandai bakytty!!! ai Myrat molodessin goi..bakytty bol!!

    Жауап беру

  7. Posted by Тоты on 2011/05/10 at 09:34

    Саусақтағы сақинаны қайтесің?
    Жүрегімде өзің салған жүзік бар…

    Мынау тұсы тіпті романтикалық екен🙂 !!!

    Жауап беру

  8. Posted by Арайлым on 2011/05/10 at 12:32

    Мурат, жарайсын! мектепте жазган олендеринди де шыгарсай..окиык))

    Жауап беру

  9. Posted by zhazular on 2011/05/11 at 03:04

    тема ғой!

    Жауап беру

  10. Posted by Yumi on 2011/05/11 at 07:29

    Сизди ойга жуйрик деп тамсанушы ем, сезимге де жуйрик екенсиз гой!!! Биле алмай отырганым: жигитинин журегин жырга болеген Айекен мыкты ма, сезими сулу Макен мыкты ма?

    Жауап беру

  11. Романтиксіз ғой өзіңіз🙂

    Жауап беру

  12. Cені ойлаймын күн тұтылып тұрса да… (Қуаныш Қожабеков)

    Жауап беру

  13. Керемет екен. осы оленді тудырткан сіз емес, Әйкош ханым мыкты болды гой. тым тым асерлі етіп жазыпсыз, озіңізге емес, олеңіңізге гашык боп қалдық…

    Жауап беру

    • 🙂 “Смс-ім осынша әсерлі болса, өлеңім тіпті керемет шығар” деен пендешілік ойдың бір-екі секунд өмір сүруіне мүмкіндік бергеніңіз үшін рахмет. Әдетте, бір үйдің баласы көп болса, “осынша бала тудыртқын қандай мықты еркек” деп ойлайды ғой адамдар, хотя оларды туған әйел болса да. Сіздікі де сол секілді болды ғой. Рас, келіншегміз жарап тұр ғой.🙂

      Жауап беру

  14. Posted by Табиғат on 2011/05/12 at 11:23

    Дұр-е-е-е-С! екен!

    Жауап беру

  15. Иә, почти дұрыс🙂

    Жауап беру

  16. Posted by Tabira on 2011/05/20 at 07:51

    Маша Алла, керемет екен! Рақымды Раббымыз отбасыларыңызға береке беріп,Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүйікті үмметтерінен болыңыздар!

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: