Қазақсың ба, мұсылмансың ба?


Мен қазір отыра қалып, ал, қазақтар, пікір таластырайық, кім қалай ойлайды, «Құран жаратылған ба, жаратылмаған ба» деп бір тақырып бастасам. Нағыз қызылкөз бүлікшінің өзі болам. Өйткені дәл осы талас тарихта талай ғалымның өмірін қинап, талай қауымның қырылуына себепкер болған.

Әсілі, Ислам ғұламаларының бәрі Құранның мәхлуқ (мақлұқ), яғни, жаратылған зат емес, Алланың сөзі екенін бірауыздан мақұлдайды. Ежелден солай. Бірақ, тарихта адасқан кейбір топтар «Құран жаратылған» деген идеяны бекем ұстанып ап, өзіне қарсы шыққандарды атып, асып, қамап, үлкен бір бүліктің бастауына айналды. Мәселен, сол топқа кіріп кеткен
патшадан зәбір көрген ғалымдардың бірі – атақты имам Ахмад.

Әбу Ханифаның заманында бұл тақырып ел арасында аса «актуальды» болмаса керек. Бір күні оған бір екі адам келіп төрелік сұрапты. Бірі Құран жаратылған десе, екіншісі жаратылмаған дейтін көрінеді. Қызылкеңірдек болған екеуге ғұлама: «сенікі де дұрыс емес, сенікі де дұрыс емес» деп кесм айтыпты. Шәкірттер аң-таң. «Әбеке-ау, жаратылған дегендікі дұрыс емес, жартылмаған деп жөн айтып тұрған жігітті неге терістейсіз?» Сонда Әбу Ханифа: «Елдің есінде жоқ тақырыпты қозғап, бүлік тудырып жүрген адамдарға оданбасқа не айтуға болады» деген кейіпте жауап қатқан екен.

Енді орыстарша айтсақ, өз отарымызға келейік.

«Ассалаумағалейкумнен» саналы түрде бас тарқан ағайынды көрдік. Бұл амандасу түрі қазақша емес екен. Арабтың сөзі көрінеді. Сондықтан «армысың!», «қалайсың?», «сәлем» деп қазақтың өз тілінде амандасуымыз керек. Қандай ақылдылық! (Елестетіңізші, Сүйіндік Құнанбай отырған үйдің есігін шалқалай ашып, ішке енді де, қолын кеудесіне қойып «Қалайсың» деп амандасты. Құнанбай да іле «жақсы, өзің қалайсың» деп жауап қатты. :))

Бәріміздің де атымыз азан шақырып қойылды. Біздің әкелеріміздің де, әкелерміздің әкелерінің әкелерінің есімдері де азанмен бірге құлақтарына айтылды. Және ол азанды қазақша шақырған да ешкім жоқ. Бір қызығы, азанымыз арабша екен деп араб боп кеткен тағы ешкім жоқ. Неге арабша шақырамыз деп тулаған адамдар да болмаған секілді (VIII-IX ғасырларға
дейінгі ат қою рәсімінің қандай болғанын білмейді екенмін).

Бәріміз де үйленгенде неке қидық. Өзіміз де шата емеспіз, құдайға шүкір. Некелі жұптың жемісіміз. Яғни, Алланың рұқсатымен дүниеге келгенбіз. Атамыздың атасының атасы да неке қиған үй болғанда. Одан арғысын білмеймін. Неке деген не сөз деп тулаған бірі болмаған сияқты. Қазақылықты да ұмытпаған, «никаһ» дегенді өзіне икемдеп «неке» деп атаған. Мен қазақпын, неке қиып, арабтың салтын істемеймін демепті. Арабтікі емес, Алланікі екенін бірден ұққан болу керек.

Қазақ өлген туысын өртемейді. Суғ ағызбайды. Құзғынға тамақ етпейді. Арулап қара жердің қойнына тапсырады. Арабтар сөйткендіктен емес, мұсылман баласының мойнындағы парыз болғандықтан. Соған бола бірақ бір- бірін араб болып кеттің деп айыптамаған-ау, сірә. Әйтпегенде, ата-бабамыздың жартысы – жер астында, жартысы су түбінде жатар еді. Ауаға түтін болып тарап кетуіде мүмкн еді кейбірінің. Құдай сақтағанда, тұтас қазақ мұсылмандықтың арқанынан берік ұстанып қалған екен.

Айтпақшы, жаназаны қазақша оқыған молда көрмедім. Сонда осыған дейін қазақ даласынан бірде-бір ұлтшыл шықпаған ба? Ахаңдарды айтам да, “Әлхамдулиллаһ, алты миллион болдық» деген мақаласындағы арабша сөзі үшін ол кісіні де дәстүрді сыйламайды деп айтыптаймыз ба? Айыптамаймыз, өткені дін, Алла, оған мадақ айту, құлшылық қылу – жалғыз арабтікі емес.

Арабтан артық та емеспіз, кем де емеспіз. Пайғамбар (с.ғ.с.) солай деген. «Арабтың өзге адамнан артықшылығы жоқ, өзге адамның арабтан артықшылығы жоқ. Сендердің артықтарың – тақуаларың» (хадисті сөзбе-сөз жатқа білмеймін, мағынасын айтып отырмын).

Демек, араб болуға асығып жүрген ешкім жоқ. Қазақтықтан қашып жүрген де ешкім жоқ. «Бірінші мұсылман, екінші қазақсың ба, әлде әуелі қазақ сосын мұсылмансың ба» деген әңгіме, тура Әбу Ханифаға келген екі жігіттің таласы секілді пайдасы жоқ, тек іріткі тудыратын тәсіл ғана.

Пост скриптум. Түрлі-түрлі адам бар. Бірі дінді қиынсынады. Сосын ұлттық тұрғыда қараған боп, міндеттерден  басын алып қашады. Сосын дін ұстанғанды жамандайды. Дәстүр мен дінді қайшы қояды. Өзінің мұсылманшылықтағы кемшілігін жасырып жабу үшін қазақ мұсылман боп қатырмаған деген сөз таратады. Айналып келгенде өзіне де, өзгеге де зияны тиеді.

Екінші бірі дінге бет бұрады. Ақылы аздау болса, айналасынан кемшілік іздей бастайды. Өзінен басқаның бәрі күнаһар секілді көрінеді.  Асырып жібереді. Сөйтеді де, қазақ тұрмысына кейіннен қосылған кемшіліктерді ата-бабасына телиді. Түбі ол да қазақ «қатырып дін ұстанбаған» деген шешім шығарады. Айналасының бәрін терістей бастайды.

Интернетші қауым! Екеуіне де қосылмайықшы. Әуелі өзімізді түзейік. Дінге де, ұлтқа да тіл тигізбейік. Әрине, менікі жалаң ұран шығар, бірақ өзіміздің комменттерімізбен, жаһанға жариялауға болмайтын көзқарастарымызбен бүлікке құрал болып жатқанымызды бір сәт болса да ойлап қояйық.

33 responses to this post.

  1. “анау намаз оқиды, бірақ ол әне бір істі істеп жүр ғой” деп, “құтылатындар” мен “қазақтар ондай кимеген, өйтпеген, бүйтпеген” деп білгішісінетіндер және “тегін айтпайтын атам қазақтыққа” сүйеніп “былай қылып жіберейік” дейтін “ноу-хаушыл” қауым оқитын пост екен. иә, Хақ дінді адамдардың кейбір қателіктері мен теріс қозқарастарына сүйеніп, баға беріп, салыстырып сараптауға болмайды ғой. Адамның қателігі – діннің қателігі деген сөз емес, демек.
    Бар ұлтқа бір діннің жетерінен хабардың жоқтығы көп жағдайда, алды тұман, арты тұл ақыл айтқыштық пен пайдасыз пікірталасқа әкеп жататыны рас.

    Жауап беру

    • Қазіргі пікірталастардың сықпыты – кімдікі дұрыс дегенге емес, менікі ғана дұрыс деген сыңарезу принципке негізделеді. Сосын өзінікінің дұрыс емес екенін біліп тұрса да, сөзден тосылмаймын деп бір өтірігі екінші өтірікке, екіншісі, үшіншіге ұласып, кеспірсіз бір пікірлер туындайды.

      Жауап беру

  2. Ата-әжелеріміз осы құман таситын да жүретін еді ғой…Арабтар ғана бұлай тазаланады екен деп атша туламай, күннің ыстық-суығына қаамай дәрет алып жататын…Дәрет сөзі де тахарат сөзінен шыққан емес пе?

    Жауап беру

    • Әрине, қазақ өте діндар халық болған. Ол қазақ есідерінен де, сөздерінен де, жөн-жоралғыларынан да анық байқалады. Алла қаласа, ол туралы тағы да пост жариялаймын.

      Жауап беру

  3. Durys aitasyz, aga:)
    asyra silteuwilik tolyp jatyr. Bireuler kindigin korsetip alek bolsa, ekinwileri betterine de tumwalanyp jatyr.
    Aldymen kimmin? Kazakh pa alde musylman da? Bul tipten orynsyz surak. Akendi jaksy koresin be, alde wewendi me de bala kezde surak koyatyn ulkenderge awuym keletin. On kozin artyk pa, alde sol kozin be degen sekildi. Men kazakhpyn da, musylmanbyn da. ( ALLAga wykir deu kerek koi, anau turgan afrikanyn bir balasy bop tuylmaganymyzga)

    Ultty amanat dep karap, meilinwe saktau kerek. Kudai bizge jynys pen ultymyzdy berdi, ozgermeitin, constanta zattar. Osyny ar bir jerde aitam.
    Maselen, akem atymdy Aizhan dep koisa nege men Muslima bop ketuim kerek? Alde Habiba?
    Ar bir ult oz ultyn, dasturin saktap kalu kerek. Al din arkimge ozindiki.

    Mysaly, otkende bireu: Oibai, jumda bauyrsak pisirip, welpek pisirip, iis wygary degen bolmaidy dep jatyr. Kudai au, onyn nesi jaman? Bizdin uidin kiwkentaiy bauyrsakty katty jaksy koredi, bausak, bausak dep jumany kutedi, ogan kosa akem Kuran okyp, otkenderge bagywtap jatkanda kip kiwkene basynda oramalyn tagyp, kolyn jaiyp otyrady. Onyn miynda Kuran oku bir keremet ritual sekildi, oitkeni sol kuni bauyrsak pisiredi goi🙂 Ol kazir, bala kezinen Islamga baulu dep tusinu kerek. Bauyrsak olgenge emes, tirige pisiriledi. MIne saltymyz ben dinimizdin uwtaskany. Mundai mysaldar kop.

    Jane, men oilaimyn, dau wygaratyn ew bir adam tolykkandy musylman emes. Meirimdilik, tusinuwilik, sabyrlyk tan musylmanga jane kazakhka da.:)

    Жауап беру

    • Сіз де дұрыс айтасыз. Біз ұлтты өз қалауымызбен таңдаған жоқпыз. Құдай жаратты. Демек, ұлттың болашағы да Құдайдың қолында. Әр нәрсенің шекарасы бар. “Ескертіңдер, ескерту пайда береді” деген хадист еске ала отырып, бір-бірімізді жақсылыққа үндегеніміз абзал шығар.

      Жауап беру

    • Posted by Негр on 2011/05/03 at 13:35

      африкан баласында не шаруаң бар? Немене, біз адам емеспіз бе?

      Жауап беру

      • енді ШҮКІР деп жатырмын ғой! Адам емеспіз пе дегеніңіз не?
        Сіз соларды ойлап қараңызшы, бейшаралар ИСЛАМның бар екенін де білмейді ғой! Біз қайта бақыттымыз деймін! Ешнәрсем жоқ ол адамдарда, жай “все познается в сравнений”

      • Дұрыс айтасыз, алдыңғы жазбаларымның бірінде жазған болатынмын (Амал. Азап. Өкініш.) бізден біреу дінімізді сұраса, “Әлхамдулилләһ, мұсылманмын” деп жауап береміз. Себебі, мұсылман болып туып, мұсылман болып өлу, шынында, Аллаға шексіз мадақ айтып, шүкіршілік ететін нәрсе.

  4. Posted by qisyq on 2011/05/03 at 12:53

    Айжаның пікірімен қос қол, екі аяғымды көтеріп қосыламын. Алып-қосарым да ортайып қалды әпкемнің кесірінен:)

    Рахмет, Мұрат. Сондай бір тұшымды, ойлы жазба екен.
    Дұрыс айтасың, қазір алтын ортаны ұстанбай, бір шеттен екінші шетке ысырыла көшіп жүргендер жетерлік.
    Дінді құрал жасап жүр. Халықтың санасына перестановка жасайтын инструмент. Алдында біреу “Ассалаумағалейкүм” дегенім үшін бас салды. Сөйтсем оным түпнұсқаны бұзу екен. Арабша олай айтылмайды-мыс. Ата-бабамыз өзінің статусын злоупотреблять етіп, қазақиландырып жіберіпті әлгі сөзді. Тағы бірде “неке” дегенім үшін жазаландым. “Никаһ”деп айтпағаным үшін.
    Болмаса керісінше. “Ура-патриоттар” да баршылық қараптан-қарап жынға тиетін.

    Дін деген интимді дүние. Бір жерден оқып едім (ә, есіме түсті, керекинфодан-ау осы):

    Баяғыда Рим Папасы адамдардың құдаймен қатынасына араласып, күнде заңдар, энцикликтер шығара берсе керек. Сонда белгілі шіркеу реформаторы Томас Морға кезекті заңдар жинағын әкеліп тұрғанда, ол:
    — Папа құдай екеуміздің шаруамызға араласпасыншы! — деген екен.

    Бірі отырсаң опақ, тұрсаң сопақ сезімін туғызып, “шірк”, “шірк” деп аттап-басқызбай тұрса, екіншісі “Ой, әкең (немесе шешең, немесе анаң), қазақта ондай болмаған” деп қызылөңештеніп жатса, ортада тұрған сен байғұстың басы дал-дал болады екен.

    Жауап беру

    • Меніңше, ең қауіпті ұстаным – ата-бабаң мұсылман болмаған деген ұстаным. Менің замандастарымның арасында, тіпті, ислам келмей тургандагы өркениетіміз биік еді деген көзқарастағы адамдар бар. Сондағы өркениеті – кесенің сыртындағы жазу мен қаланың қалдықтары. Исламның келуімен кесенің жазуы өшіп, қаланың қирандысы жұтылы кеткен жоқ қой. Ондай пікірдегі жастардың көкіректеріне исламға деген белгісіз бір жеккөрушілік тұрып қалған. 1000 жылдан бері устанып келе жатқан дінімізді тамырдан бөліп алып, қазаққа ислам керек пе деген татымсыз талқымызға жол болсын.

      Жауап беру

    • Posted by Тәржіман on 2011/05/04 at 11:03

      — Папа құдай екеуміздің шаруамызға араласпасыншы! — деген екен.
      —————————————————————-
      өте дұрыс айтқан екен🙂 былайша біздіңше айтқанда Мүфтиіңе бойкот пен блокаданы қатар жариялаған ғой.🙂

      Жауап беру

      • Қателесесің! Мұсылмандық пен христиандықты шатастырып алғаньысың өзің? Шіркеудегі папа мен муфтиді салыстырғаның қай сасқаның? Папаға әрі тұршы дейтін себебі, олар күналарыңды кешіремін дейді. Ал исламда қай муфтиді көрдің “мен сенің күнәңді кешірем” деген?

  5. Posted by azamat on 2011/05/03 at 13:03

    Allahka shukir,talkylap aityp jatkandaryn,senderdiki dyrys, Muhammed s.a.s aitkan :”arkimnin juregine jol bar,Islamdy en jumsak jane ademi turde jetkizinder”,kazir bolyp jatkan urdisterge janym ashidy,shynymen ondai tomen darjege tusip kaldyk pa degen oilar da keled,ondai emes,mumkin emes.Kozi ashyk,imany,kazaki ruhy jogary jastarymyz aitpasa aitatyn eshkim joook!!!Tatu tatti,ensesi biik el bolaiyk!!!Tilimiz ben madenietimizdi kurmetteuge shakyraiyk.

    Жауап беру

  6. Posted by 5 on 2011/05/03 at 13:37

    со ойлаймын да бауырлар. Бекерге асыл уақытты “жүрегінде қалы барларға” қалдырып кеткенше, түзелсем деп ұмтылып жүргендерге арнайықшы?! Ынты-шынтымызбен! Оған да саған да сауап. Түзелсем дейтіндердің қарасы жан-жағымызда жүдә көп.
    Ал көпірме сөзді сүйетіндер сөйлей берсін солаааай кыртыыыып… Тузелер болса, тусіндіріп те жаздык кой..Жауап бере алмай жатса, вахаб, сектант деп селк еткізеді…..Есіл уакытты аяйсын да е бар гой!!! (бірақ, жазбасан талай жан улана ма дейсің…Кайтпек керек?! Іздеп корейік жауапты)

    Жауап беру

    • Рас. Әркімнің өз шындығы бар. Бірақ ақиқат біреу ғана. Ақиқатты деген адам табады. Іздеуге тырыспайтындардан сақтасын дейік.

      Жауап беру

  7. Рахмет сізге, өте орынды айтқансыз. Қазір дін мәселесінде елдің бәрі “тырнақ астынан кір іздейтін болды”. Дін туралы білмейтін адам жоқ, аузы бардың бәрі айтқыш. Оның басты себебі елдегі қаптаған әртүрлі сенімді ағымдардың әсерінен болар. Бұрын ата-бабаларымыз дін тақырыбында таласпаған. Себебі таласатындай әртүрлі түсіндіруде болмаған. Ханафи жолымен дінін берік ұстанған біздің бабаларымыздың иманы кәміл еді.
    Бір мешітте иық тіресіп сапта тұрған мұсылман бауырлардың бір-біріне деген шынайы бауырмалдығыда азайғандай. Азғантай қазақты асыл дініміз қалайша жік-жікке бөлді. Бір атаның балалары едік. Дініміз “мұсылман мұсылманға бауыр” дейді. Ал шынайы өмірде олай емес. Пайғамбарымыз(с.ғ.с.) мұсылманның тірегі “жамағат” деген. Ал біз бір мешітте имамға бағынған жамағатты құрай алдық па? Имам фатихадан кейін “әмин” дұғасын іштен айтыңдар десе, жоқ тағыда ерегеспен дауыстап айтамыз. Бізге ең бастысы “бірлік” керек. Халқымыз “бірлік бар жерде, тірлік бар” деген.
    Бізде ҚМДБ бар, оның ұстанған жолы бабаларымыз ұстанған Ханафи мазһабы, имам Матуриди сенімі. Яғни тек бізді осы жол ғана біріктіре алады, жәнеде елдегі жамағаттың басым көпшілігіде мешіттің пәтуәсімен жүреді. Ал басқа жамағаттардың орын алуы тек қайшылыққа әкеп соғады. Жалпы тек елді бір жамағат болуы керек. Сонда ғана бірлік болады. Әйтпесе даудың басы “Дайрабайдың көк сиыры” дегендей ұзын сонар кете береді.
    Мен бірлікке байланысты бір мысал айтайын: Жапон елінен келетін автокөліктердің біршамасы “оң жақ рөлді”, бірақ ол көліктер соған қарамастан еліміздегі жол тәртібіне бағынып, ‘сол жақ рөлмен’ жүретін жолмен жүреді. Егер ол көліктер “Жоқ” біздің ереже бойынша былай жүреді деп, встречниге шықса бірден авария болады. Дәл осы секілді біздің жолымыз Ханафи мазһабы, ал басқалар “Жоқ” біз өзіміздікіндей жүреміз деп еді, тек дін мәселесін ушықтырды. Бұл мәселе қашан бізде бірлік болады сонда ғана шешілмек.

    Жауап беру

    • Түптеп келгенде, біздегі діни ахуалға қуануға болады. Бөрікті аспанға атып, қайтып таба алмай қалатындай дәрежеде емес, әрине. Бірақ, адамдар құдайдың алдындағы жауапкершілікті көбірек сезіне бастаса, ол қоғамда береке болады деген сөз. Меніңше, бізде секта көп, қырып жаыр, жойып жатыр, мешітке жоласаң құрисың деген насихатты әдейі тарататын сияқты. Адамдарды шошыту үшін.
      Дұрыс айтасыз. Діни басқармамыз бар. Имамдарымыз бар. Біріктіруші фактор осы болуы тиіс.

      Жауап беру

  8. Тұспалсөз, келісемін. Осы “Біз шарттардың бәрін орындаған мұсылман болған жоқпыз” деп мақтанатындарды түсінбеймін. Ата-бабаларын имансыз етіп көрсетудің(өзін ақтау үшін), жалған мұсылманшылықпен мақтанудың не керегі бар. Мүмкін ата-бабаларымыздың ислам шарттарын толық орындауға мүмкіндік болмаған шығар. Бірақ қазір бізде ол мүмкіндіктер бар. Сондықтан бұл ақталулары мүлдем орынсыз.
    Мысал үшін: баланың әкесі алқаш болса, ол бала өскенсін: “менің әкем алқаш болған, демек мен де сондай болуым керек, шарттарды орындамауым керек” демейді ғой.

    Жауап беру

  9. Ата-бабаларымыз ислам шарттарын толық орындаған. Иман келтіргенінде күмән жоқ. Намазға ықтиятты болған. “Бесінші тілек тілеңіз, бес уақыт бес намаз біреуі қаза қалмасқа” депті Бұқар бабамыз. “Оразаң қабыл болсын ұстаған жан” деп жарапазан айтқан. Зекет берген. Пойыз жоқ, ұшақ жоқ. Атпен, арбамен қажылыққа да барған.
    Ата-бабамен мақтану, ата-бабамен ақталу өтпейді осы заманда. Өзің істе, істемесең, істегенге кедергі болма. Пікіріңізге қосыламын, Мейіржан.

    Жауап беру

  10. Posted by Тәржіман on 2011/05/04 at 03:30

    Мен қазір отыра қалып, ал, қазақтар, пікір таластырайық, кім қалай ойлайды, «Құран жаратылған ба, жаратылмаған ба» деп бір тақырып бастасам. Нағыз қызылкөз бүлікшінің өзі болам.
    ———————————————–

    Бәріңіз де білесіз біздің елдің сұмдықтары мен қызықтарын. Кеше ғана кеңес өкіметі тұсында Құранды Мұхаммед жазған – деп кітап жазған кісі қазір құрыған да жоқ, бүлікші де атанған жоқ. Діни басқарманың мүфтиі болып отыр. Мейлі-ақ ол лауазымы мүфти емес, жәй қарапайым халықтың бірі болса бұл оның “интим-синтимдік” мәселесі деп қояр едік. Ал сол “Сіздің барыңыздар солар ақиқатын біледі деп сілтеп отырған Қазақстан мұсылмандары Рухани Басқармасының (ДУМК)” бастығы мүфти кешегі қыртыңбай атеист болса, енді еш болмаса сол өз халқының алдында ар-ожданының тазалығы үшін жауапты емес пе?
    Дін атын жамылып азғырып жүрген бүлікшілер елімізде қаптап жүр. Ал оларға әй дейтін қожамыз кешегі атеист! Меніңше бүгінгі Қазақ мұсылмандарының арасына іріткі тудырып жүрген мәселенің біреуі осы.
    “Имамдарың қандай болса сендер де сондайсыңдар” – деген сөздің тұспалы қандай ауыр…

    Жауап беру

    • Жалпы адамды өткеніне қарап кінәләуға болмайды. Мұсылмандардың халифасы Омар (р.а)ислам дінін қабылдағанға дейін Мүшрік пұтқа табынушы болған. Бірақ оны ислам дінін қабылдағаннан кейін ешкім мүшрік деп атаған жоқ. Себебі Алла тағала құранда тәубені қабыл етемін деп өзі уәде берді. Сондықтан Кеңестік кездегі қателікті бетке басу, Алланың уәдесіне қарсы шығумен пара пар. Бауырлар тілге сақ болайық. Біздің әке-шешелеріміздің Кеңестік кездегі дін мәселесіндегі қателігін, түсіністікпен қарайық. Олардың еш жазығы жоқ. Ол сол заманның, сол жүйенің кінәсі. Ал қазір тәубеге келіп, намазға жығылып жатқандарына қуанайық.

      Жауап беру

      • Posted by Тәржіман on 2011/05/04 at 09:48

        әрине тәубе еткендердің тәубесі қабыл болады. Кеңес кезіндегі атамыздың, әкеміздің білместікпен жасағандары үшін кінәсі жоқ. Олар себебі не арапша білмеді, не ұстазы болмады, “темір перде” саясаты болғандықтан не шетелге шығып ислам елдеріне саяхат жасай алмады. Дін апиын дегенге сеніп жүре берді. Ал Ә.Дербісалиев ондай сауатсыз емес қой, арапшаны бүге шігесіне дейін жақсылап біліп үйренді, ислам елдерін армансыз қыдырып көрді, сөйте тұра атеистік кітаптар жазып, студенттерді улады.
        Халифалар мен асхабтардың дәуірі бір басқа…ол кез дініміздің түскен кезі. мен мұндай аргумент жауаптың жазыларын білгенмін. Сондықтан
        Сіз мынаған назар аударыңыз. Қазіргі заманда нағыз мүфти қандай болуы керек, оны кімдер және қалайша сайлау керек? Сізге бір мысал, мынаны оқыңыз http://www.islamdag.ru/lichnosti/7269
        Топырағы торқа болғыр, Саид Мұхаммад қажы Абубакаровтың жанқиярлық қайраткерлігі арқылы Кваказда уахабшылардың бүлігіне идеологиялық тосқауыл қойылды, Ресейді бір үлкен соғыстан аман алып қалды. Жаны жаннатта болсын деп жыл сайын еске алып Дағыстан халқы дұға қылып отыр. Міне осындай болу керек.
        Ал сосын мынаны оқыңыз http://biografia.kz/famous/2247
        Екеуінің арасында қандай айырмашылық бар, парқына жеттіңіз бе? бірі ақиқат дін жолындағы ғалым, екіншісі дүние пәндерін қуған филолог, шығыстанушы ғалым (???)
        “Имамдарың қандай болса сендер де сондайсыңдар” – деген сөздің тұспалы қандай ауыр…

  11. Posted by 5 on 2011/05/04 at 10:50

    Дұрыс айтасың бауырым! Біздің ауылда кешеге дейін жүрді осындай көшенің сөзі!!! -“өйбүй көтек бірге арақ ішіп ек кеше ғана, а бүгін сақал қойып, молла болып кетіпті ғой. Пішту тентек”..осындай сөзді талай естідік қой?! Былай қарап тұрсаң, расымен қисынға келетіндей иа, бірақ анау қу нәпсінің, эмоцияның логикасы ғой бұл.
    сонда анау айтқышбектердің түсінігі бойынша….арақ ішті, кешегісі күмәнді болды… и все да?! Он не достоин!!! Бірақ ол пайғамбар емес қой. Өткені де, келері де тап-таза болар!? Тәубесін қайтпек!? АЛЛА кешірген құлдың бірі болса ше анау сақал қойған!? Ойланбай сөйлейді де…..Дәл қазірде Айнабеков деген шауып жүр…. Бір АЛЛА сосын өздері ғана білуі тиіс дүниені жаханға жария етіп. Ойбоооой соттасып жатырмын деп. Разве осы мұсылмандыққа сай ма!? Хат жазса, “Хат жаздым ЕЛбасыға, құлағдар бол сенде жамағат” -дейтініне не дерсің?! РИЯ ма, Жария ма?!

    жәәәә жарайды…ол басқа әңгіме….Қоғамды түзегің келсе, істі өзіңнен баста деген… Есіме бір оқиға түсіп отыр. Бір кришнаит болып кеткен ағайын болушы еді студент кезде. БІр бөлмеде жататынбыз го. Содан ай білсем де, білмеседе жата қалып жамандайтынмын. Кришна не екенін білмесем де… Өзімше ата дінге қайта шақырған болам. Бірақ сөзінен ұтылып қала беретінмін. Бақсам, өз сөзіме өзім сай емес екем де. Оның құлшылығы бар екен “мен айтқан нағыз ширк болса да) а менде бұл 0лжағы “0” (нөл)! Сабырлы. (а менде көркем мінез атымен жоқ болды)…и мынау бетіммен түк өнбес еді. Ағамның айтқаны бар. Сен одан бар жағынан асып түспей қалай бірдемені үйретпексің, қалай өз жолыңның түзу екенін дәлелдемексің деп. Сап ете қалды. РАсында солай еді. Түзелдім. субханаллах, досыма да сөзіме өте бастады. Соңыра қайта Исламға бас ұрғаны бар. Онымен бірге өзімде сыртта жүрген діннің ішіне кірдімау шамасы….
    Солай өзімізді өзгертейік…иншаалла бәрі өзгереді!!!

    Жауап беру

    • Posted by Тәржіман on 2011/05/04 at 11:21

      Кешегі барлығын біліп тұрса да, атеисттік кітап жазған мүфти мен ауылдың көшесіндегі алқашты салыстырмаңызшы, арасы жер мен көктей ғой…жаһилді кіналау жоқ, ол білмегендігінен қылады, ал барлығын біліп тұрып елді улаған ғалымды кім дейміз?
      Мүфти хазірет дейміз де, соның құбылған сөзін тыңдауға жиылып мешітке барамыз ба? Біздің қоғам Абайдың “Масғұт” поэмасы секілді деп айтыпты ғой Қасым шешен. Бізде жынды бола қалайық, жұртпен бірге. Бірақ…
      “Имамдарың қандай болса сендер де сондайсыңдар” – деген сөздің тұспалы қандай ауыр…
      —————-
      Айта айта сөз өтпейтін “бронированный” болып алуға да болады🙂

      Жауап беру

      • Түсінбедім. Сонда “Имамдарың қандай болса, сендер де сондайсыңдер” дегенді кім айтқан?

      • Исматулланың күшіктерінің көкейінде жалғыз ой бар. Реті келсін-келмесін, ҚМБД-ны жамандап, муфтилік тұғырды алу. “Сопымыз” дейді-ау өңшең… Аңдығандары мешітке түскен пітір мен қайыр-садақаны түгендеп, қайда жіберді деп өліп барады…

  12. Бұл негізі өздерін ұлтшыл (националист) деп санайтын қазақтардың сөзі сияқты. Негізі мұсылманмын, бірақ басқа елдің әдет – ғұрпына көнбеймін – деген адам мұсылман емес болса керек

    Жауап беру

  13. “Бекжанның (Әшірбаев)дүйсенбіде айтқанын сейсенбіде түсінеміз” (Ж.Ерман) деген сияқты немесе “Абай жолын” қайталап оқыған сайын басқаша түсіне бересің” деген сияқты… екінші рет оқығанда жақсыырақ түсіндім.

    Жауап беру

  14. “Бекжанның (Әшірбаев)дүйсенбіде айтқанын сейсенбіде түсінеміз” (Ж.Ерман) деген сияқты немесе “Абай жолын” қайталап оқыған сайын басқаша түсіне бересің” деген сияқты… екінші рет оқығанда жақсыырақ түсіндім.

    Жауап беру

  15. Қышыған жерден дөп түстің! Әп-бәрекелді, бауырым!

    Жауап беру

  16. Posted by Жандос Байділда on 2011/06/06 at 14:08

    Қазір дін жақсы тақырып болды ғой.Аттың жалында, түйенің қомында кетіп бара жатып дін туралы айтатын болды бәрі.Бәрінің айтатыны бір.Бірі мұсылмандықты “мамандық” қылып алған.Негізі,Қазақстан билігі “Алла” дегеннің бәрін Ислам дінінен деп түсініп, қазір миы ашып отыр.Е,Аллам,тура жол сілтей көр өзің!Негізі, араб-парсы тілінен енген сөздер көп қой.Бірақ,соны орынды-орынсыз пайдаланып кетіп жатамыз.Көсемсіп сөйлеуге ұста көбі.Жалпы,Мұрат жақсы жазған.Толықтай болмаса да, келісетін тұстарым жетерлік.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: