Суперстар синдромы


       Қазақта «күшігінен таланған» деген сөз бар. Мағынасы келе ме, келмей ме, білмеймін, бірақ кезінде «суперстарға» қатысып жұлдыз болған қыз-жігіттерге осы тіркесті қолданғым кеп тұрады.

Со жарықтықтарға не көрінді? Не бастарына күн туды? Араларынан өз жолын қазақылықтан іздеген неге бір жібі түзу әнші шықпады?

Қысқасы, неден бастарымды білмей лағып отырмын. Өйткені тақырыпты қозғардай нақты бір «информационный повод» жоқ. «Суперстарлықтарға» қарадай жыным келетін болған соң, жазып құтылайын дегенім-дағы.

Біз 11 оқып жүргенде шықты сол бағдарлама. Ойбай Алмас Кишкинбаев (Кішкенбаев), Мак(қ)пал Исабекова, Асем Жикитаева, Айкын Тулепбергеновтер (Төлепберген) жұлдыз болды. Одан кейінгі жылы Кайрат Тунтеков, сосын Капкарашка (әлде керсінше ме?), әйтеу бірінен соң бірі
жарқырап жатты. Жеңгені де, жеңілені де танымал болды. Қазақ қана емес, кәріс, неміс, ұйғыр, өзбекке дейін қарық болды. Өзім бір құйрық басып отырып көрген емеспін, бірақ «Алмас кезінде терме айтқан екен, Мақпал орысшаны осында кеп үйреніпті, Айқынның әкесі жазушы екен» деген секілді әңгімелерді құрғыр құлақ шалатын.

Солардың барлығы дерлік танымал әнші болды. Ауылдан шыққан қарпайым қазақтар шетел сахнасында ән салса, тақым қысқаннан басқа не жамандық ойлаймыз. Бірақ кейде, баста айтқандай, қарадай жының келеді екен. Неге дейсіз ғой.

Өз басым қазақ эстрадасы және қазақстан эстрадасы деген ұғымдардың (біреулер ондай жоқ деп сынап жатса да) бар екеніне келісемін. Менің ұғымымда, қазақ эстрадасының әншілері, мәселен, «Ән мен әншіге», «Сағынышқа», «Шәмші әндерінің кешіне» шақырылатын әншілер. Әрине,
ол концерттерге біріншіден қазақы бояуы бар әншілер шақырылады. Сол кешке келетін көрермендер ұнататын әншілер шақырылады және ондай кештерді менсінетін әншілер шақырылады. Ал қазақстан эстрадасының өкілдері – мықты продюсерлері бар, мықты прическалары, мықты киімдері және мықты клиптері бар (өздері солай ойлайды) және сол мықтылардың жолында кез-келген принципін құрбан етіп жібере алатын әншілер. Шамамен алғанда, әрине.

Маған бірінші топ жақын. Мейлі олардың клип жоқ болсын, мейлі костюмдері онша емес болсын, мейлі… тіпті жарайды дауыстары жоқ болсын, мен соларды тыңдаймын. Өлді дегенде, сұқбатты қазақша беретіндері үшін тыңдаймын. Мәтінді түсінетіндері үшін тыңдаймын.

Бұрынғы Мақпал     Қазіргі Макпал  Екіншісін, неге тыңдауым керек? «Алматыда ән айтқаннан Москвада ән айтқан күшті» дегені үшін бе? Өзі қысқа шашты полбокс қылып алдырған бұрынғы Әсем, қазіргі Айлан үшін бе? Қазақша сұқбат бермей қойған жаркенттік Мақпал үшін бе (айтпақшы, сол журналист – менің әріптесім)? Түптеп келгенде, бұлардың аналардан артық түгі де жоқ. Жарнамасы мықты. Шоу-бизнесті осылар ұстап тұрғандай шіренетіні содан. Ағылшынша айтсаң айт, бірақ ешкім сенімен еш жерін сүртпейді, ағылшынша айтатын миллион адам бар. Орысша айтсаң айт, бірақ саған қарап отырған Мәскеу жоқ. Қазақстандағы орысшалыс-тардың өзі орысша тыңдағысы келсе, сені емес, Димасын, Филипін, … тағы қандай әншілері бар еді өзі, соларды тыңдайды.

Деймін-ау, суперстарға қатысқандардың бәрі неге туған еліне жақпайтын дүбәра жолды таңдады? Айқынға іш жылушы еді, ол да бері қарай баспай-ақ қойды. Кілең бір коммерциялық әндер. Алмас неге ара-тұра болса да, қарапайым бір ән жаздырып қоймайды? Шыңғырған, ұлыған, оған бұратылып билеген биі қосылып, алысқа лаққан «туындылардан» эстетикалық ләззат алатын адамдар шнымен бар болғаны ғой, иә, сонда? Талғамға талас жоқ деңіз, өшем.

Сонда «Суперістар» не тәлім берген? Шынымен күшіктерінен талаған ба?

ПЫСЫ: Осылай жазып, жазып кеп, кенет ойыма Нұржан түсті. «Келші жаныма, әлдеқайда ұшпай, келші, бағым…» Осы әнімен ол әйтеуір балансты ұстап тұр екен.

22 responses to this post.

  1. Пупперстардың пұшпағынан шыққандардың денінің дауыстары бар, талант! Көрер көзге сүйкімді,секси (кешір, алайда бұл пуперлықтардың талаптарының алдыңғы шебінде тұратын ұғым) Бірақ сол бір “сексилердің” бірі сүйреңдеп орысша ән айтады, бірі бұраңдап белін бұлдайды, бірі қазақты менсінбесе, ал бірі Мәскеуде маңғуды көксейді. Мұқым осындайлар. Мен солай ойлаймын, қателесуім мүмкін…

    Жауап беру

  2. Иә, қателессек, бірге қателесеміз.
    Суперстарлықтардан біреу тисіп жатса, маған айт, бірге қашамыз (бала күнгі прикол)

    Жауап беру

  3. Суперстарға қатысқандар тек қана өнім ғана. Ал негізі осындай әншілерді шығару саясатын жүргізетіндер – шетелдік стильді насихаттаған “Суперстар” ұйымдастырушылары және продюссерлер. Оларға бұл әншілердің әндері қазақи ма, тәрбиелік мәні бар ма ол жағы бәрібір. Көксегені – ақша.

    Жауап беру

  4. Posted by Жасандылык on 2011/04/26 at 05:28

    Олардын кердендеп, кеудес1н керу1не /тура магынасында кейб1р1н1к1 кофтасынан тог1лейн деп турады…/ халык та к1нал1, нактырагы дубара жастар /жастардын 97,2 пайызы/… Жын-шайтанша билеген1не, ман-магынасы жок мазмунсыз, /б1р-ак сойлем1 бар/ андер1не ауыздарын ашып, коздер1н жума танкалып, суйс1не тындаган сон, бетпе-бет кездесе калса аягын суюге шак калып, касында турып суретке тускенге /зоопаркте жирафтын или горилланын касына суретке тускен сиякты/, сол сатте Жулдыз демалган ауамен тыныс алганы уш1н бакыттан басы айналып, бет-алпет1 евроремонтталган, б1р карыс юбкасы немесе ауы т1зес1не тускен шалбарсымагы мен суйк1мс1здеу бутси1не таныркап, соларга ел1ктеп жатса… Нит-твда Макпал агылшынша шыркаватса немесе Айкын пахылдаватса Еларнадагы Рамазанды тындау куна гой… Жана багджарлама ашылса болды, солардан баска жург1зуш1 курып калса… Б1р к1тап окымаган, казахтын соз1н сез1нбейт1н, тан1 сулу, бет1 жылтыр мангурттерд1н заманы болды гой… Олар талтандамаганда к1мдер талтандайды… Ал суперстарлыктар Виагра, Шакира, Билан болгысы келед1… Жету кайда… Аттыга 1лес1п… Не керек, жи1ркен1шт1 енд1… Мен жастардын 97,2 пайызына каным караяды, ренжим1н /мен1м ренж1ген1мнен алем озгер1п кетпесе де/…

    Жауап беру

    • Иә, Жасеке, Сіздін ренжігенінізден тук те озгермейді. Мен бір досыма казакылык дегенді айтып тусіндіре алмай-ак койганмын. Ол менін “егер адамнын журегінде оз тіліндегі мәдениетке деген кемсітушілік жогары, озге журттын онеріне деген курмет басым болса, ол адамды талгамы биік деп танудын кажеті жок, онын санасында кілтипан бар” деген ойымды укпай койды. Жаксыны жаксы, жаманды жаман деп айту керек. Маган казак аншілері унамайды дейді. Оган шынында казактын андері унамаса, казакша кансерттерден жалыгып кетсе, ол талгамнан емес, денгейден, тарбиеден. Жаман болса да, озіннін озегіне тартып туру – калыпты нарсе. Cолай болуы тиіс. Олай болмады екен, алемдк мадениетті сезінген орене болайын! Кунын кок тиын.

      Жауап беру

  5. Жасандылық жырттың-ау жүгірмектерді:-)

    Жауап беру

  6. Орынды сараптама?

    Жауап беру

  7. )))хехе күшті…)

    Жауап беру

  8. Қайбір өнерге жаны ашып шықты дейсіз.. бүгін бар ертең жоқ болатындар ғой

    Жауап беру

  9. Nurjan jaksy, Kairattyn da dausy ademi… barine kum wawuga bolmaidy.. birak, sozinin oryndy, kilen bir yrbyn jyrbyn bop ketti. Almas algaw kelgende kandai bala edi, anderdi ademi oryndaityn, kein goi producerlerdin jasap bergneni – maimnyldai jymyn jymyn, ew salmaktylyk jok :((((

    Жауап беру

  10. Одан қалса, қатын дауысты әншілер деген шықты.

    Жауап беру

  11. Posted by Қосақ on 2011/04/27 at 05:09

    Осындай жобаларды ұйымдастырушылардың бәрі – орыстілділер. Сондықтан, қатысушылар орысша ма, басқа ма әндер айтады, солардың талабын орындайды. Негізі, қазақыландырып жасаса – жақсы жоба.
    Сосын, қатындауысты деп кемсітпейік, олардың арасында да нағыз таланттар бар. Ерік Құрманғалиев деген супер контртенор әншіміз болды, шет ел “феномен” деген әншіні біздің елдегілер бағалай алмады.

    Жауап беру

  12. Posted by Adia on 2011/04/27 at 12:35

    Айлан шатып-пұтып қазақша сөйлей бастапты. Оның “қазақшасына” “Мәссағаннан” куә болдық. Аша Матайдың да қазақша тілі сынып қалыпты. Қазақ тілі бойына сіңгеннен кейін, ақырындап қазақы мінезге де бой үйретер деп ойлаймын.

    Жауап беру

  13. Posted by Жасандылык on 2011/04/28 at 07:31

    Адия, С1зд1к1 енд1 утопия… Аша Матйга катысты армнынызды айтам… Кайрат, нуржандар… Ш1нк1лдеген дауыстардан каным-кп кара… Гур1лдеген ер м1незд1 дауыска зар болдык кой… /Тунгышбайды тындай берем… Анш1 болмаса да…/

    Жауап беру

  14. Мәә..Бірде “Болашақ” газетінен бе, “Алаш” журналынан ба, әйтеуір, Аша Матайдың “Қанша қысқа кисем де, кіндігімді ашқан емеспін!” деген сұхбатын оқып, “Көтенің көрінген соң, кіндігің кімге керек?” деп таң қалғанмын.Сөйтіп те мақтанады екен-ау адам…

    Жауап беру

  15. Осы Суперстар кайта жалгасады деген сыбыс шыгып ед,каншалыкты шындык екен?Жалпы сол жобадан жаркырап шыгып,елдин керемет ыкыласына боленген ешкимди коре коймадым. Тек Нуржанды аздап айта аламын. Канша шетелге еликтесе де бойларынан аздап болса да казакылыктын иси шыгуы керек еди,окинишке орай олай емес мулде.Олар казакыылкты “мамбетски” деп менсинбейтин шыгар.Жана Маке дурыс айттыныз,өзин казагын суйе алмаган,алемди багындырып жарыта коймас

    Жауап беру

  16. Суперстардың қазанын қайнатқан Нағима болса. Одан шыққандардың жағдайы да түсінікті ғой.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: