Төрт кадр эффектісі: Үгіттеу. Сайлау. Ұлықтау. Тағайындау.


Біздің бағдарламада өзімізге тән бір эффект бар. Эффект болғанда да, өз тілімізге салып, «перебивка» немесе «шақ-шақ» деп атаймыз. Ол – әрқайсысы төрт кадрден тұратын, бас-аяғы 16 кадрдан құралған видеолар тізбегі. Түсінікті болу үшін айта кетейін, 1 секундта 24 кадр болады. Сонда, 16 кадрдың ұзақтығын есептей беріңіз. Жарты екундтан сәл ұзақ уақытта жылт ете қалады. Сол «жылт етпенің» ішінде төрт түрлі көрніс, яғни «план» болады. Олардың ненің планы екенін көріпүлгеруіңіз де мүмкін, үлгермеуіңіз де мүмкін.

Саясат эфирінен өткен соңғы уақиғалар сол біздің эффектке қатты ұқсап кетті. Ылдым-жылдым. Тез-тез. Көз ілеспейді. Инаугурацияны енді көріп, “уһ”-тің “у”-інің жартысын енді айтып бола бергенде, Бас уәзірді тағайындау да бүгін өтеді деген ақпарат келіп жетті. _

Болар істің тез болғаны жақсы. Бірақ маған обал болды. Сайлаудан соңғы болатын саяси өзгерістер туралы жасаған (жаңа ғана жасап болған) сюжетім шықпай қалатын түрі бар. Қазір кешкі төртте Үкіметбасы тағайындалса, ауыс-түйіс орын алса, менің ол болжамсымақтарымның құны көк тиыннан да арзандап кетпек. Енді не істеймін?

Әрине, ойымды блогқа жариялаймын.

Өткен жазбаларымның бірінде премьерліктен «примерно» үміткерлерді айтқан болатынмын. Солардың ішінде Әсет Исекешевтың бәсі жоғарырақ болып тұр. Әрі жас, әрі Президентке сүйкімді, әрі үдемелі индустрия-инновациялық бағдарламаны іске асыруға икемді. Жастардың ішінде Келімбетов те тасада жүрген “қазына”. Бірақ, Мәсімов өз орнында қалады.

Жазда Парламент сайлауы болуы мүмкін. Оны Премьер-министрдің «Парламентте оппозиция болу керек» деген мәлімдемесінен де, саяси кеңесшінің соңғы уақыттағы сұқбаттарынан да аңдауға болады. Референдум, сайлау туралы ақылды шешім жасап келе жатқан ақылды парламент тағы бір рет және соңғы рет ақылды шешім жасап, өзін-өзі таратып жіберуі кәдік. Жаңадан сайланған Парламенттен «Нұр Отаннан»  өзге бір-екі партияға орын берілуі мүмкін. Заң бойынша, жаңадан сайланған Парламент
алдына Үкіметке сенім туралы мәселе қойылатынын білесіздер. Міне, сол кезде Үкімет шындап қайта жасақталуы тиіс. Мәсімовтың отыра тұрады дейтінміз де содан.

Көреміз. Парламент секілді ақылды емеспіз. Естіген-сезгенімізді тықпалап долбар жасаған түріміз ғой. Ертен «Таразы» көруді ұмытпаңыз. Мүмкін материалымның тұқылы шығып та қалар. Тек, сауатсыздық танытсам, сөге жамандамассыздар…

Айтпақшы, коллаж “Жас Алаш” газетінің сайтынан (www.zhasalash.kz) алынды.

6 responses to this post.

  1. түсінсем бұйырмасын.

    Жауап беру

  2. қап-ай еңбектеніп жасаған сюжетін өтпей қалатынын-ай!

    Жауап беру

  3. Премьер қалды

    Жауап беру

  4. Posted by Сыншы on 2011/04/08 at 13:02

    Мұртты уәзір жездем деуге де, қайнағам деуге де келмейді екен (еркелетіп қояйын десем) қалса қалсын. Мүмкін қалғанына шүкірлік етіп қазақша судыратып кетер. Оның үстіне кейінгі кезде өзі оңдырмаса да қазақ тілін көркейту туралы ұрандарды жақсы айтып жүр.

    Жауап беру

  5. Posted by Тәржіман on 2011/04/25 at 11:55

    Сөге жамандамаймыз, “Ақиқатыңыз” жала болса өзіңіз ғана жауап берерсіз.

    Жауап беру

  6. Posted by Жандос Байділда on 2011/06/06 at 14:11

    Салыстыру қисынсыздау.Басқаша жеткізуге де болар еді.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: