Блогкэмп бәле болды…


                                           Шырмауықша шырмалып,

                                            Жазамыз-ау, аһ ұрып.

                                           Бұл не деген жырланып

                                           Бітпейтұғын тақырып?

     Осы жолдарды оншақты жыл бұрын (асырып жібердім-ау деймін) 4-5 жыл бұрын жолда кетіп бара жатып жазып едім. Әрине, блогкэмпке арнап емес, махаббатқа арнап. Енді, міне, аяқ асынан жырлау объектісі өзгеріп шыға келді. Жырлану, айтылу, жазылу, бейнелену, фотолану, видеолану деңгейі махаббаттан да асып түскен жаңа тақырып пайда болды.

      Құрылтайға барса, 150 адам барды. Оның сыртында 150-і мен секілді жете алмай «зарлап» қалғандар. Барлығы – 300 жұмыртқа бас. Блогосфераның құрығанда тұрақты-тұрақсыз 3000 оқырманы бар шығар-ау деген ой келгендей болды жаңа маған. Жоқ, келгендей болған жоқ, келді. Солардың іштерінен айтқан пікірлері құлағыма келді. Жоқ, келген жоқ, келгендей болды. «Мына бәтшағарларда құрылтайдан басқа жазатын нәрсе қалмаған ба?» дегендей болды бір мосқал тартқан, тістері темекі түтітіне ысталып, тіс пастасының тазалағыштық қасиеті әсер етпей қалған бір кісі. «Соңғы кездері блогшылардың бәрі өздерінің жиналыстары туралы жазатын болыпты» деді шашын «полбокс» қылып алдырған бір қыз ішінен. Ал «онша емес жазулар» жазатын жігіт «блогкэмп деген немене, Мұрқа, «қалған-құтқан», «қалтафон», «суреттер спектакль қояды» деп жұрт неге бір-бірімен жарысып жатыр? Былайғы жұртқа сол қаншалықты қызық?» деп бірақ айтты. Ішінен емес, сыртынан. Бұл ақпаратты құлағым айтты.

      Обалым не керек, түсіндіріп бағып жатырмын. Жұрт түсінбей жатқан сияқты. Іштерінен тағы бірдеңелер айтып жатыр.

      Пост скриптум. Ойын ғой, әзіл екен деп қалмаңыздар. Өзім бара алмай қалғасын тұзды столдың астына тығылып жалағанша, осылай көптің алдында жалауды жөн көрдім.     

14 responses to this post.

  1. Рахат дұрыс айтады.

    Жауап беру

  2. Posted by qisyq on 2011/03/28 at 12:18

    Ой-хой-оу, қазақтілді блогшылар өздері-өз болып бастарын бір қосқан екен, соны да сөз қылып жатыр ма енді?! Блогшылардың жиыны болған соң, ол туралы блогшылар жазбай кім жазады? Қазақтілді сегментке дүмпу әкелген шара ары кетсе бір ай әңгіме болар. Блог ашып, басқа әңгіме айтып, елді аузына қаратамын десе, қалған жұрт қуанбаса, қылқынбайды ғой. Сосын тек блогкемп туралы емес қой біздің сөз, байыптап қараған адам бөтен бағыттағы жазбаларды да табады. Бір уыс қуанышымызды бұқарамен бөліскеніміздің несі айып?! “Бұл не қылған талағы тарс кеткен неме” деп тарынбаңыз, қазақтілді интернет-контентке тілеулестер керек. Әйтпесе, әшейінде күпініп айтатын “бірлігіміздің жарасқаны”, “”бір қазақтың бір қазақты дос көретіні” суалып, сүмірейген дүние болып қала бермек.

    Шыбын шындық туралы жазбаңа рахмет, Мұрат. Келесі жолы, құрылтай 2012-ден кейін өзіңде де қайта-қайта блогкемп туралы пост жазып, елдің мазасын ал🙂

    Жауап беру

  3. Posted by Тәржіман on 2011/03/28 at 12:46

    Көппен бірге сүйе білетін, күйе білетін жан екенің көрініп тұр Тұспалсөз..ештеме етпейді келесі жылы танысармыз🙂

    Жауап беру

  4. осылай сіздердің келесі құрылтайға қатысуға деген “желаниелеріңізді” ашып жатырмыз енді

    Жауап беру

  5. Posted by Tarazkyzy on 2011/03/29 at 03:17

    Тұзыңмен бөлісер ма екенсің?:-))

    Жауап беру

  6. Posted by Makpal on 2011/03/29 at 11:47

    Мен ушін барі жасандылык…

    Жауап беру

  7. Мақпала ау, жасандылық емес. Адам ең алдымен өз персонасы қызық. Оның жетістіктері, т.б
    Көпшілікпен бірге түскен суреттен ең алдымен жұрт өзін іздейді.
    Сол үшін де бәрі суреттерін көрсетіп, талқысы бітпей у-шу болуда.
    Блогтағы адамдар осыны талқылауға бір жыл күтіп дайындалған.
    Енді тақырып тауысқан блогерге бірнеше күнге азық болар тақырып бар.
    Біреулері блогкемпте айтылған жоспарларды іске асыруға бел шешіп кетсе, біреулері жеген торты мен шәйін әлі талқылап жүр.
    Адамдар әртүрлі. Бәрінікі жасандылық емес.

    Жауап беру

  8. Мұрқа, үйге қайтайық, бас ауырып кетті. Таңертең шәй ішпеп ем.

    Жауап беру

    • Ол жақсы екен – танертен ішілмеген шай басты кешке бірақ ауыртса…🙂 Ондай бастан (или шайдан) айналып кетпеймісін.

      Жауап беру

  9. Алдында бір жазып едім. Блогкэмпке қатыспаған адам оның ішкі атмосерасын сезбейді. Ондағы қайнаған эмоцияларды айтпау, жазбау мүмкін емес. ) Қазір уже басылды ғой, блогтарды қарап шықсаң, біраз жаңартулар пайда болып жатыр.

    Жауап беру

  10. Иә, бұл блогкэмпке бармағаны үшін Мұрат Есжанға моральдық шығын өндіріп беруіміз керек, ағайын! Шын айтам

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: