Осы жұрт неге бізді бейшара дейді?


(Студенттің монологы)

Осы жұрт неге бізді бейшара дейді?

Ел кимегенді біз киеміз,

Ел мінбегенді біз мінеміз.

Ел ішпегенді біз ішеміз,

(Сонан соң… не арғы жағын ұмытып қаламыз,

Не бір-бірімізбен сүзісеміз.)

Осы жұрт неге бізді байқұс дейді,

Ешкім бәрібір қамымызды жеп, қайғы ішпейді.

Көргенімізден көреріміз көп,

Алғанымыздан береріміз көп.

Береріміз болмаса, ешкімге керегіміз жоқ.

(Сондықтан болар, тізімде атымыз бар,

Бірақ еш жерде дерегіміз жоқ)

Жүре береміз, жүре береміз,

Керек десең, стипендиясыз-ақ жақсы өмір сүре береміз.

“Кө-ө-п” стипендияны бір-ақ күнде тауысамыз,

Содан соң бірден әке-шешеміздің стипендиясына ауысамыз.

Жатақхана бермесе, бермей-ақ қойсын,

Пәтер жалдап күн көреміз,

Сабаққа да, жұмысқа да,

Тамаққа да, ұрысқа да үлгереміз.

Өкімет бізден

Мынасын да аяйды,

Анасын да аяйды.

Меніңше, оқулықтың жаңасын да аяйды.

Ол аздай, мұғалімдер қаламмен оп-оңай қойылатын

Бағасын да аяйды.

Арқасын қоздармайын деп,

Жүйкесін тоздырмайын деп,

Сабаққа бармай қалсаң,

Жақсылықты түсінбей бадырайтып тұрып “енбі” қояд.

(Оншақты енбі жабылса, неңді қояды?)

Бірақ біз жұрт ойлағандай байқұс емеспіз.

Мынау керек болса да,

Анау керек болса да жөнін табамыз,

Оқулықтың тіпті керегі жоқ,

Қыздардан конспект алудың жолын табамыз.

Апайға жалынамыз, жағынамыз,

Сессияда діттеген нүктесінен табыламыз,

Ол да болмаса, одан әріге шабыламыз.

Сөйтіп жүріп көктемегір “енбілерден” арыламыз.

   …Бұлай жүрсек те, шетімізден данышпанбыз,

Шоқандармыз, Абайлармыз, Қаныштармыз,

Кейде арыстанбыз,

Өйткен талайлармен айтысқанбыз, тартысқанбыз, алысқанбыз.

Мысалы, комендантпен аңдысып, ала алмай жүрміз,

Вахтершаға көрінбей қала алмай жүрміз.

Ал сантехник, мантехник, электрик дейтін өңшең иттерді,

Ой, кешірім өтінем, “иктерді” таба алмай жүрміз.

Мөрдің арқасында кондукторлармен жұлыспай,

Қарауылдармен ұрыспай жүрміз,

Бәрінің бетін қайтарар ек,

“Просто” жұлысуға тырыспай жүрміз.

Байқасаң, біз де әжептеуір “семіз”  ұлтпыз.

Қазақтар сияқты емес, сат-дәстүрге берік ұлтпыз.

Ана тіліміз – қазақша араласқан орысша,

Ұлттық тағамымыз – ботқа да, борщ та…

емес, қытайдың мыңжасағыр кеспесі.

“Ол денсаулыққа зиян ғой” деп сөйлеңіз, сөйлемеңіз,

бәрібір “Аш жүргеннен ауырып өлген артық” деп жей береміз.

Ұлттық киіміміз.

Қос аяққа қос қанар,

Кеудемізге кенеп киіп шіріп жатырмыз.

Қыздарымыз үшін бір шалбардан он шорты тігіп жатырмыз,

Беторамалдан көйлек жасап,

Жыртық-тесіктен өрнек жасап,

Етекті жойып тастап,

Кіндік пен омырауды ойып тастап,

Мата тапшылығынан осылай шығып жатырмыз.

   …Батырымыз бар, ақынымыз бар,

Ғалымымыз бар, әкіміміз бар.

“Тәтті” су мен “сыйластыққа” жақынымыз бар.

Ашқарағымыз бар,

Өзгелерден басқарағымыз бар,

Семізіміз, егізіміз бар,

Арығымыз тұрығымыз,

Бөренеміз, шыбығымыз бар,

Біреуіміз түсіп, біреуіміз бітіріп,

Біреуіміз ұтып, біреуіміз ұтылып

Жүріп жатырмыз,

Құдайға шүкір,

Ел ішпегенді ішіп,

Ел кимегенді киіп,

Ел мінбегенді мініп,

Ел білмегенді біліп жатырмыз.

Осы жұрт неге бізді бейшара дейді?  

                                                Түсіпалып Бітермегенұлы

                                                ХХІ ғасырдың жетінші жылы

4 responses to this post.

  1. Студенттер әмбебап қой)

    Жауап беру

  2. Posted by Тәржіман on 2011/03/28 at 12:49

    студент деген қарны жартылай аш болса да бақытты халық…бейшара сол оқудан алған табақтай дипломымен жұмыс істей алмайтындар

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: