Кінәласаң, «ТҰСПАЛСӨЗДІ» кінәла!


This slideshow requires JavaScript.

       Бүгін наурыздың 21-і. Ал ертен наурыздың 22-і. Арғы күні 23-і. Осылай тізіп кете беруге болады. Бірақ ол жаңалық емес. Өйткені 23-нен кейін 24-і болатынын жұрттың бәрі біледі.

     Жә, әдеттегі қысыр әңгімелерімнің бірі емес. Салмақты бір ой айтпақпын. Бұл салмақты ойымның өзге салмақты ойларымнан айырмасы – салмағы тікелей өз басыма түспек.

     Сонымен, бүгін наурыздың 21-і. Күн мен түн теңелетін түн. Қазір 5 сағаттан соң қазақы жаңа жылдың таңы атады. Салыстырмалы түрде айтқанда, өзіміз жыл он екі ай жамандап-жамандап, бірақ жеме-жемге келгенде тойлап кететін 31-желтоқсан секілді түн. Тек, 31-і жаңа жыл түнгі 12-де келсе, қазақша жаңа жыл таңмен бірге басталады.

     Дәл қазір григориан күнтізбесінің жыл ауысар тұсы, яғни 31 желтоқсан болса, не нәрсеге куә боп отырар ек? Айнала майдан даласы секілді. Оқ дәрінің иісі қолқаны қабады. Ешкім ұйықтамаған (ұйықтап қалса, жыл бойы ұйықтап өтетіндей). Көршілер бір-бірін құттықтап жатыр. Үстелде бос орын қалмаған. 7 түрлі салат, жеміс, балкүлше, бауырсақ, қуырдақ, мәнті, палау, ет, лағман, гуйру, суйру (бұл жерім асыра сілтеу енді), шшш (шырын, шампан, шарап дегенім ғой, ал сіз не ойладыңыз?)

     21-інен 22-іне ауысар сәтті солай мерекелейік деген ұсыныстардың неше атасын айтып жүрміз. Айтып жүргендердің арасында мен пақырларыңыз да бар. Тұспалдап айттық, туралап айттық, он екіге дейін отырайық дедік, таңды тосайық дедік, күнді күтейік дедік, қысқасы аямай дедік. Қиялымызға келгенді дей бердік, аузымызға түскенді айта бердік.

     Міне сол сәт. Яғни, ет жейтін, көже ішетін, он екіні күтетін кез келді. Соңғысын орындадық. Яғни, 12-ден 36 кетті қазір. Етті бағана макаронның арасынан теріп жеп алғанбыз. Көже… ертең плошыттан ішерміз… Балам ұйықтап қалған (бүгін ерте ұйықтады, күнде ұйықтата алмай әуре болушы едік). Сүйген жарым почти ұйқыда. «Ел арнадан» «Қоңырдың» кәнсертін көріп жатыр. Мен ЭВМ-нен кейін шыққан, компьютерге ұқсайтын, бірақ екі word материалды қатар ашса, кібіртіктеп (зависать етіп) қалатын құрылғыға жазба жазып отырмын. Көршілер жақтан да тыныштықтың даусы шығады.

     Қысқасы, біз (мен) сынауды, айқайлауды ғана білеміз(н). Соған ұялып отырмын. Дәп бір өз кінәсін ашып айтып, батыр боп көрінгісі келген адамға да ұқсап кеткен сияқтымын. Олай емес. Шыным. Қалған-құтқан ұяттарым ұйықтай алмай дөңбекшіп жатыр. Осыдан кейін «наурыз былай өтпеді, солай өтті» деп кімді кінәлаймын? «Бағаласаң, махабатты бағала» (М.Шаханов) дегендей «Кінәласаң, ТҰСПАЛСӨЗДІ кінәла».  

     Дәл қазір досымнан СМС келді. «Ертең былай-былай шығып қайтамыз ба?» Иә, шығып қайту керек. Наурыз ғой. Ұяттарымды сонымен алдарқатып ұйықтатып қойдым.         

     Сіз не істеп жатырсыз?

7 responses to this post.

  1. Posted by qisyq on 2011/03/21 at 19:58

    Ұят. Мен де отырмын. Құрылтайдан фото репортаж жасап. Әйтеуір, үш күн дем алғанға мәзбіз. ҒұшӘ!

    Жауап беру

  2. Шынында бажайласақ, наурыз мейрамының маңызын арттыру немесе тойлау әр адамның өзінен, одан кейін ол шұғыла ортасына тараса, сол жақтан басталады.

    Жауап беру

  3. Мұрқа, жақсы қыдырдық, тек Дікеңнің діңкелеп қалғаны болмаса🙂

    Жауап беру

  4. басы шикі шәшліктен басталып, соңы қайын жұртты мақтаумен бітті ғой…

    Жауап беру

  5. http://www.on.kz/on/community/983/
    біздің қызықтар мына жерде.

    Жауап беру

  6. Менің ойымша осы Наурызды Жаңа жыл етуге жақын арада жетпейміз. Қалай бар, солай қалдырған дұрыс сияқты. Маған жалпы қазір қалай тойланып жүр, солай ұнайды.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: