Құрылтайдан қалып қойған блогшының зары


                                                                («Амалым қанша» әнінің ізімен)

Екі айдан бергі сен едің кәусар арман-ән,

Құрылтай қарғам, құлшынтты мені жарнамаң.

Жұлқынып тұрып, жұмысты қиып кете алмай,

Амалым қанша, кінәлі өзім бармаған,

Кінәлі өзім бармаған.

               Оңаша қалып, опасыз мынау қалада,

               Үш күннен бері түсе алмай жүрмін сабама.

              Сағыныш деген – Клинтон сынды сары ала,

               Күйіктен қазір көңілім бейне Обама.

               Көңілім бейне Обама.

Алматы бізге бір кезде болды жақсы ұя.

Осыдан басқа мүмкіндік енді тапшы иә?

Түсімде ылғи КИМЭП-тің ішін көремін,

Қиялымменен жасап ап презентация,

Жасап ап презентация.

               Өркенсіз қалып Астана жақта бес күн мен,

               Рахат та жоқ, сөйлеспей жүрмін ешкіммен.

               Айтайын деген сөзімді қалып айта алмай

               Амалым қанша, мылқаудың күнін кештім мен.

               Мылқаудың күнін кештім мен.

Шырылым менің шығар-ау көпке естілген.

Зависать етем, компьютер құсап ескірген.

Керместе болған кереметтерді көре алмай,

Амалым қанша, зағиптың күнін кештім мен.

Зағиптың күнін кештім мен.

               Соңына енді жете алман қуып жоқтың еш,

               Шөптей боп қалдым қорада жатқан төрт прес.

               Құрылтай жайлы жазбалар жазып тоқтамай

               Амалым қанша, күйдірді ішті wordpress,

               Күйдірді ішті wordpress.

Қос қоян түгіл, тышқан да алмай бір оғым,

Жападан-жалғыз Астана жақта жүр оным.

Блогкамп деген бақытқа батып бәрі де

Бес күннен бері оқылмай қалды блогым,

Оқылмай қалды блогым.

               Келесі жылы, бір Алла жазса, барамын,

               Демеушілердің бермесін дейік сараңын.

               Әттең-ай, әттең, тұңғыштың аты – тұңғыш қой,

               Амалым қанша, амалым қанша, амалым.

               Амалым қанша, амалым!

24 responses to this post.

  1. Қатып кетіпті. Өрекеңнің әңгімесін естісеңіз аузыңыздың суы құритын болды.😉

    Жауап беру

  2. Мына термеңізді келесі жылғы басқосуда айтсаңыз болады)

    Жауап беру

  3. Келесі жылы енді Астана жақта ұйымдастыру жағына күш салайық, инш!!!

    Жауап беру

  4. Келер жылы басқа қалаға барудың қажеті болмайтынға ұқсайды. ІІ Құрылтай, иншАлла, Астанада не Ақмолада өтсе керек

    Жауап беру

  5. Күшті! Менің де жағдайым осы)))
    АЛЛА деп келесісін Астанада өткізсек кереметский болар еді))) Асыға күтем!

    Жауап беру

    • Келесісін 2012-ні күтпей-ақ өткізіп жіберсек қалай болар екен, а? Немесе біз бармай қалғандар құрылтайын өткізейік.

      Жауап беру

  6. Posted by Makpal on 2011/03/21 at 09:09

    Блогым жок болса да, курылтайга катыстым… Сенин орнын кадимгидей ойсырап турды… Елендеп, озиннін бейненди іздеген жан да коп болды… Оркен дуйім журтка мактап жатты… Мурат деген мыкты бар деп… Блогерлердин одан ары ынтыктырып… Зарын орынды…

    Жауап беру

    • Бүгінгінің зар-заман ақыны мен болдым ғой. Талкылаулар унап барады. Мақтағанды кім жек көрсін. Әсіресе, “елендеп бейнемді іздегендер” туралы тусын ашыкырап айтсаныз…

      Жауап беру

  7. Түуууу! сізді аяп кеттім ғой. Өй, күшшшшшті болды құрылтай.

    Жауап беру

  8. Posted by qisyq on 2011/03/21 at 14:19

    Пай пай пай оу, Мұрат, мына зарың адамзат мәдениетінің ортасынан ойып орын алатын шығарма екен… Бекжан Тұрыс қолқа салып, айтқызамыз-ау деймін…

    Жауап беру

    • Менін ешкім окымайтын блогым әп-сәтте “вешірдің гүлі” бокетті ғо. Үнемі осылай оқылатын болса, будан кейін зарлайын да отырайын. Құдай зардан сақтасын бірақ.

      Жауап беру

  9. 🙂 Бұл зарыңыз мықты пиар болды, Мұрат! Бәрекелді! Маған да зарлау керек болды ғой…

    Жауап беру

  10. Автомат туралы жыр.Құрылтайдан қалып қойған блогшының зары. Мәләдес!

    Жауап беру

  11. Күштііііііііііііі!!!

    Жауап беру

  12. […] тұрып, сайтқа жариялап қойды. Блог құрылтайға қатыса алмай зар илеп жүргендер енді презентацияларды сол жерден қарап, […]

    Жауап беру

  13. Posted by Тәржіман on 2011/03/29 at 04:03

    түүү мына Мұрат жыраудың зары өтті ғой…Мұраттың зарына бола бір мини Блог құрылтай өткізіп беріп көңілін уатайықшы ағайын )))

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: