Эфирде… “Жеті апта”


Көбіне қызығы мен шыжығы мол деген анықтауышпен қосақталуға бейім тұратын студенттік шақ дейтін бір тіркес бар. Қызық өтсе де, қызық өтпесе де, жұрттың бәрі сол шағын тамсана еске алуға құмар («біз армияда жүргенде» деп әңгіме бастайтын жігіттерді қоспағанда).

Қысқасы, айтайын дегенім, мына жазбамды сол почти текке кеткен төрт жылдың екінші жылдығында жазыппын. Ұялмай-қызармай қабырға газетіне жариялаппын. Қаламақы алмағаным болмаса, басқа жөн-жоралғының бәрін жасаппын.

Қызық болсын деп, жұртқа қызық болмаса, курстастарыма қызық болсын деп, оларға өтпеген күннің өзінде кейбір «бәстескіш» нұрлы топтастарымның мырс етіп мысқылдай күлуіне септігін тигізсін деп, оған да жарамаса, блогымды жаңарттым деп өз-өзімді жұбатып қою үшін осы жазбамды салып отырмын. (Уһ, біттім-ау. Өркен айтқан: жазба салсаң, не үшін салғаныңды жұрт білуі керек деп.)

ЖЕТІ АПТА

Ассалаумағалейкум, әлеумет! “Жасын” арнасында әдеттегідей жеті апталық аралық бақылаудың қорытындысын саралап, көрерменге ұсынатын “ЖЕТІ АПТА”  саяси-сараптамалыққа жатпайтын, ғылыми-әдістемелік деп айтуға келіңкіремейтін, әлеуметтік-экономикалық десек артықтық ететін  ақпараттық талдау бағдарламасы. Студияда “Жеті апта” бағдараламасының жүргізушісі, яғни МЕН.

Сонымен бүгінгі бағдарламамызда.

–         Бірінші курстар рубежкаға риза емес.

–         Наурызда берілген бір күндік демалысты бір аптаға ұзартып алып, алыс ауылдарына тайып тұрған екінші курс студенттері құрықталды.

–         Журналистика факультетіндегі “2-курс жігіттері” ұлттық қозғалысының семестр басында қолға алған “Ата дәстүрді ұмытпайық” атты  іс-шараларына қарсы топтардың қарасы көбеюде

Жүргізуші: Семестрдің жетінші аптасы перваштар үшін тым қауырт басталды. Бас-аяғы сегіз пәннен құралған аралық бақылаулар легі апта соңын ала бір-ақ тыншығандай болды. Кейбір дерек көздеріне қарағанда, 101-топтың көрсеткіші өзгелерден озық тұрған сыңайы бар. Тақырыпты бірінші курста іссапармен жүрген тамадамыз…кешіріңіздер тілшіміз Мәулен Алғазы толықтырады.

Мәулен Алғазы: Е, Мұрат, ой, Зейін, өтірік айтпа. 101 бізден ешқандай да озған жоқ. Просто жігіттер…кішкене… нетіп, Жолдасбек ағай…подводить етті. 15-ақ бал дегенді айтпай-ақ қойсай…

Жүргізуші: Мәулен! Мәуле-ен, Сіз эфирдесіз.

Мәулен Алғазы: АҺа, рахмет! Рубежни кантрөл қою дәстүрі бірінші курстарда үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Әзірге жетпіс студент тегіс аман-есен. Кезінде қуаныштан балконнан секіріп кеткендер де, көз жасын сығымдап алғандар да бір қалыпты күйге түскен.  Рубежка қою барысы біршама күрделі жағдайда өтті. Алғашқы екі топ үшін Кәкен ағай        мен Жолдасбек ағайдың сынағы есте қаларлықтай болды.  Ал 103 болса, Дәрмен ағайдың бірінші семестрдегі ерліктерін айтып, әлі күнге ауыздарының суы құрып жүр. Сымайылсыз өткен сынақ – сынақ емес екен дейді олар. Осы жеті апта білімгерлердің оннан да төмен баға алу мүмкіндігінің мол екенін дәлелдеді. Есесіне, бар мүмкіндіктің отыз-ақ ұпаймен шектеліп қалатынына қынжылыс білдіріп, 29 алғаны үшін апаймен түс шайысуға барып, жанкештінің ерлігін қайталаған Азиз сынды ақиықтарды да көзіміз шалды.  Осы бақылау білім алушылардың  сабақты баға үшін емес, білім үшін оқып жүргендерін көрсетіп берді. Бұған олардың төмен бал алғандары-ақ дәлел. Апта соңы бәрібір түс шайыссыз болмады. Қуанның  стипендия үшін болған күрес – күрестердің ұлысы деп фоэге ертіп шыққан ұраншыл тобы мен оқытушылар әскері арасында қарулы қақтығыстар бола жаздап, деканат екі жақты да “шөре-шөрелеп”, етегінен басып, жеңінен тартып, әрең тоқтатып алды. Ыдыс-аяқ шылдырынсыз өтпейтін бақылаулар енді жеті аптадан кейін тағы ұйымдастырылатын болады. Сарапшылар студенттер арасында енді сайлау соңы сияқты сынақтан кейінгі өлі тыныштық орнайды деп отыр.

Мәулен Алғазы, Айдын ағай “ЖЕТІ АПТА”

Жүргізуші: Хабарымызды жалғастырамыз. Наурыз мерекесі қарсаңында қызмет бабын асыра пайдаланып, бір күндік демалыста бір пата тыныққан қылмыстық топ мүшелері құрықталды. 20 жасар  Қуаныш Қожабеков пен 19 жасар Елдос Өмірзақов  алғалы тұрған балдарынан айрылды. Толығырақ тілшіміз Диас Нұрақын әңгімелейді. Кешіріңіздер, бұл жерде “толығырақ” деп Диасты сөз етіп тұрғам жоқ, оның материалын айтам.

Кадрдан тыс мәтін: Қылмыс әлемінде Суапіш және Селқос деген атпен танымал болған   қос жігіт наурыздың  18-і (!) күні қала сыртына қашып шығып, ауылдарына тайып тұрған. Бейсауат жүрістерінен күдіктенген Сайран және Саяхат қаласының бейтаныс тұрғындары жедел арада жатақхананың ішкі істер бөліміне хабарласады. Осылайша, подполковник Жаңылхан апай бастаған, құрамында капитан Гүлшат апай бар жедел іздестіру тобы іске кіріседі. Нәтижесінде, біреуі теміржол маңынан, екіншісі Меркіде мерс мініп жүрген жерінен қолға түседі. Бірақ Елдос Өмірзақовтың жасының кішілігі, пятнисаның ертеңінде сенбілікке қатысқаны ескеріліп, кешірім жасалды. Ал қыл-аяғы есік сыпыруға шамасы келмеген, онымен қоймай жасы үлкендігін пайдаланып жас баланы қылмысқа итермелеген Қуаныш Қожабековтің мүлкі 512 болме тұрғындарының ортақ меншігіне өтіп, өзі Филфакқа жер аударылатын болды. Қазір жедел іздестіру тобы осы оқиғаға қатысы бар деген күдікпен Думан есімді азаматты тергеу үстінде.

Диас Нұрақын, Ерлан Әбдірұлы “ЖЕТІ АПТА”

Жүргізуші: “Ата дәстүрді ұмытпайық”. Осындай атпен ұйымдастырылған іс-шаралар соңғы жеті апта көлемінде халыққа өз жемісін жегізе бастады. “2-курс жішіттері” ұлтық қозғалысы көтерген бастаманың басты мақсаты – жылдар бойы жалғасып келе жатқан сабақтан қалу, сабақтан қашу үрдісін кейінгі толқынға кеңінен насихаттау. Біздің тілшілерге салт сананы аялап жүрген атпал азаматтармен тілдесудің сәті түскен еді. Еркін Шәкірұлының бейнематериалы.

КТМ: Үшінші курстар оқу залында болмаса, аудиториялардан қарасын көрсетпейтін болды. Төртінщі жылдықтарды итпен іздесеңіз де таппайсыз. Шындығында әдет-ғұрыптан жерінбей, салттарын сақтап жүрген солар ғана. Қозғалыс басшылығын да осы жайт қынжылтады.

Нұрмұхамед Мамырбек, қозғалыс жетекшісі:

­­­- Бірінші курстарда ортақ мүдде деген ұғым әлі қалыптаса қойған жоқ. Сабақтан қалса, жау алатындай безілдейді. Екінші курстың да жетісіп тұрғаны шамалы. Дегенмен атсалысып жүрген жігіттер жетерлік. Аддымен мен өзім үлгі көрсетуге бел будым. Өзгелерге сабақ болсын деген ниетпен  қасыма Виктор деген көмекшімді алып, алты күннің үшеуінде сабаққа келмейміз деп ашық мәлімдеме жасадым.

КТМ: Мамырбеков “жақсының артынан сөз еретінін”, “жақсы іске сыншының көбейетінін” баса айтты. Студенттер қолдап отырған шаруаға деканат пен кураторлар тарапынан қолдау тұрмақ, бір ауыз жылы сөз айтылмайтынына қынжылыс білдірді. Әттеген-айы, ата дәстүрді ардақтап жатқандар да, ардақтамағандарды ардақтатпаққа ұмтылып жатқандар да жігіттер жағы. Сабаққа деген немкеттілікке нәзік жандаларды да баулитын кез жеткен сияқты. Бұл гендерлік саясатқа да оң әсерін тигізері хақ.

Еркін Шәкірұлы, “Жеті апта”

Жүргізуші: Қалай болғанда да, осы жеті апта мерекелер мен туған күндердің көптігімен есте қалды. Гүл мен құттықтау хатқа, “селт еткізер” мен сезім сыйына мастанған бойжеткендердің реніші жоқ шығар. Қалтасынан қағылып, не дәмеленген “ұйқыашардың” дәмін ала алмай арманда кеткен бөріктілерге тағы бір жыл шыдаңдар дегеннен басқа айтарымыз жоқ.

“ЖАСЫН” мен “ЖЕТІ АПТА” болатын аптаны жіберіп алмаңыздар.

Әлдеқандай себептермен аралық бақылау ала алмай қалған ағайынға апайлар мен ағайлар атынан дұғай сәлем!

2006 жыл, наурыз

16 responses to this post.

  1. Posted by кккккккк on 2011/03/16 at 06:48

    ммм, Муратты жазбалары ушин сыйлап келгенимди енди тусиндим…

    Жауап беру

  2. Ұялып-қызаратын ештеңе жазылмапты ))

    Жауап беру

    • Мұндай комментке не деп жауап кайыратынынды да білмейді екенсін🙂 (Өркен айткан: әр пікірге жауап беріп отырған жақсы деп) “Рахмет” деп пе, “о не дегенініз, жазылған ғой” деп пе? ))))

      Жауап беру

  3. Түсінбейтін не тұр, жақсы жазылыпты дегенім ғой .

    Жауап беру

  4. Ай, Мұрат, талантына сырттай табынушылардың бірі ретінде саған сым-темірден болсын, ескірткіш салдырамыз – ау осы))))) Мәләдес, тіліннің кедір-бұдырлығына дейін Шах Серік Аббасқа келіп тұрғаны… Бұл бір жынды группа болып еді дейді журналистика жылнамасында, соның бұл айқын дәлелі. Шүкір, бұл жігіттердің бәрін таниды екенмін. Елдос, Қуаныш, Диастармен “Жас қазақта” етігімізбен су кешпесек те, қар кешіп тұрып жұмыс істедік. Ерланды қойшы, досым ғой, Нұрмүхамед Алаш айнасының апайтөсі, Мәулен Таразыны басып тұр, Еркін Хит-ТВ-да жүр, аман болындар, курстастар

    Жауап беру

    • Мені Сека братанға (Серік Абас-шахқа) еліктейді дейтіндерге Өркеннің осы комментін көрсетем-ау дим. Неге десеңіз, бұл шимай жазылған жылы (осыдан 5 жыл бұрын) мен НТК “ұлттық” арнасында стажер боп жүргем. Серік ағаны титрдан ғана танитынмын, ол кісінің кітабы әлі шықпаған, блогы ашылмаған болатын. (Қатты ақталып кеттім-ау, ә) Демек бұдан ол кісі маған еліктейді деген ойдың тумауы өте (бұл енді Секеңнің сөзі) заңды. Өйткені, ол кісінің маған еліктеуі мүмкін емес. Бас продюсер екеуміздің табиғи ұқсастығымыз бар деген мақаншақтау ойдың жетегінде отырып, үлгі алуға тырысатынымды мойындай жеткізгім келеді. (Бастық менің блогымды оқымайды, Сондықтан бұ сөзімді жағымпаздық деп есептемеймін )))))))

      Жауап беру

  5. Posted by Makpal on 2011/03/17 at 13:43

    Расында кысыр ангиме екен…

    Жауап беру

  6. Posted by ммммм on 2011/03/24 at 10:52

    тусинбепсин гой… сени ари карай да тек жазбаларын ушин сыйлай беремин деген соз гой баска ештене емес

    Жауап беру

  7. осыны қауымдастыққа қосшы, өтініш

    Жауап беру

  8. Posted by Диас on 2011/04/11 at 10:40

    Мынауын кызык екен6 казирде балыктай болып былшиып турганым жок. сондыктан дикторларга подводка жазганда толыгырак Диас Нуракын деп жазбауга тырысамын

    Жауап беру

  9. Posted by Tarazkyzy on 2011/08/24 at 10:57

    Бір өтінішім орыдаусыз қалды. Өкінішті

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: