Папа-мамасы жоқ қыздың құдалығы…


      Наурыз жақындап келеді. Енді, құдай қаласа, мектеп-мекемелерде бір жарым айлық науқан басталады. Қызу науқан. Ол науқанның қысқаша тезисі былай өрбиді:  Ерлер иыққа шапан, басқа тақия қойып, әйелдер кимешек киіп, қамзол жамылып көрініс қояды. Директор апай күй тартып жұртты таң тамаша етеді. Алғашқы әскери дайындықтан беретін ағай иегіне сақал жапсырып алып бата береді. Ішіне басшылық қана кіретін киіз үйлер тігіледі. «Сен айт та, мен айт» болып дайындалған концерттік бағдарламаның фонында үйлерінен әкелген ішіп-жемді ішіп-жеп алған соң, той тарқап, жұрт тарасады.

         Бірақ, мұндай тамаша науқан дәл Ұлыстың Ұлы күнінде, яғни наурыздың 21-22-інде емес, сәуірдің соңы, мамырдың басында, әйтеуір қол тиген бір аптаның сенбісінде өтіп жатады. Ал Мемлекеттік мереке ретінде берілген үш күн демалыста үйде ай бір рахаттанып, ұйқыны әбден қандырамыз. Селт еткізіп, ұйқы ашып, тарту жасамақ түгіл, бір-біріне сағыз сыйлаған жұртты көрмедік. Ағаш еккен былай тұрсын, аула тазалаған адам сирек. Қарашаның жиырма тоғызынан бастап тойды сезінетін жаңа жылдық көңіл күйдің нөл бүтін оннан бес пайызы болсашы, тым құрыса.        

      Меніңше, наурызды папа-мамасы жоқ қыздың құдалығы сияқты «әйтеуір өтсе болды» деген ниетпен өткізе салу – өте дұрыс әрекет. Ұлттық мереке жаһандық мейрамнан озып кетсе, масқара боламыз ғой…  

11 responses to this post.

  1. Тақырып шақырып тұр екен!

    Жауап беру

  2. дал солай, канынды кептіріп, куыршакты бесікке салып арлы берлі шапқылап бесікке салуды корсететінін кайтерсін….ауылда гой калай толаушы еді…. керемет…. бірде талдыққа барып сондагы наурызда талып кала жаздаганым бар…. молодец кыска да нуска, бірак жетеріне жеткізіп жзыпсын молодец!

    Жауап беру

  3. Posted by Makpal on 2011/03/14 at 13:33

    пікірші, уйкас куалап кетіпсіз… Мурат, менім айпагымды айтып койыпсыз… еще адемі кып айтыпсыз… менім ойым кагазга тускенде суры кашып еді…

    Жауап беру

  4. Шынында сол ұлттық той, ата салтымыздың сәні мен мәнін кетіріп алғандаймыз.

    Жауап беру

  5. Расында, ең үздік тақырыптардың бірі, тақырыбы өзекті, сөз саптауында мін жоқ!!! Мұратты мақтай беруден мен шаршамаспын, осы бір жамаааан да жазба салып қойш, бір жамандайық, а то ұят болар))))))))))))))

    Жауап беру

    • Туһ, Өркен! Ұйқымды ашып жібердің ғой. Қыз болмағаным және блокшылардың тойына бармайтыным қандай жақсы болды. Әйтпесе, OSRAM маркалы неміс шамдарындай жарқырай алмай, ұятқа қалар ем. Сен жамадасын деп 2-курстағ жазғанымды салып қойып ем, оны да мақтапсың. Бұл қай қастығың?!

      Жауап беру

  6. Бара алмайтын болдым. “Жұмыс, жұмыстан кейін жиналыс” (“Бес бойдаққа бір той” спекакліндегі үлкен ұлдың айтатын сөзі)

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: