Өркеннің өкпесі… қайтсем екен, ә?


                                                                                                                                                                                Бұрын өзгенің көмегінсіз блог түгіл пошта аша алмайтын жазған басымыз қайдан білсін, бұл блогыңыздың да, алу, салу, өңдеу, қосу секілді техникалық жұмыстарынан басқа моральдық-этикалық, жазылмаған ереже-нормативтері бар екен ғой.

          Өткенде Өркеннен естідім. Сөз ауаны мен бет-әлпетінің мимикасына сүйеніп түйген ойым, менің тұспалды-тұспалсыз сөздерімнің бір бүтін оннан бес ай бойы жаһантор бетіне шықпай қалуы блогшылар мәдениетіне жат, пашти жағымсыз әрекет көрінеді. Өзімнің ұзақ мерізімдік іс-сапарға кетіп бара жатқанымды, одан қайтып келіп, ес-жиып, интернет қарағанша, блоктың тоқтай тұратынын ескертпегенім ұят болыпты.

        Өркеннің өрнекті сөздерін ескере, өзімнің білместігімді мойындай отырып, құрметті блогшы қауым, Сіздерден кешірім сұраймын.

            Айтпақшы, блогымның тоқтап қалу себебі іс-сапар ғана емес. Әрі бастығым, әрі қарамағымдағы қызметкерім белгілі себептермен, белгілі жерге, белгілі мерізімге жолаушылап кеткен болатын. Ол кісінің көмегінсіз менің тіпті «құрал-саймандар тақтасына» да кіре алмайтынымды ескеріп, жоғарыдағы жауапсыз әрекетіме түсіністікпен қарайсыздар деген ойдамын.

       Өркеннің «өкпесі» мұнымен бітпепті. Наурызда өткелі жатқан «блогкерлер» (депутат ағам енгізген (Сауырбай Есжанов емес) жаңа аударма – М.Е.) құрылтайында неге презентация жасамайсың деген сыңайда наз айтты. «Ойбай-ау, онысы несі тағы?». Пұшайман басым білмейді екен, бұл құрылтайда қонақ, көрермен деген ұғым болмайды дейді. «Жарайды, сөйлеуді бірдеңе қылармыз. Ал енді өңшең «Ө-лерді» («Өркеннің өрнегі», «Өрімтал») былай қойғанда, азулары алты қарыс «6 градус», «Айжаннұр», «Қисықтардың» қасында менің жаман презентациямды біреу керек қылсын ба, тәйірі?». «Өй, саспа!». Өркен «6 градустың» Жапонияда жүргенін, «Қисықтың» «өзіміздің жігіт» екенін айтып жұбатып жатыр…

         Содан бері не ойларын білмей бос жүрген қауақ басым бір ермек тауып алды. Қайтсем екен, ә?

10 responses to this post.

  1. Блогты қарамағыңыздағы қызметкерге жүктеп қойғаныңызды білмеппін. Блог жүргізудің осындай құпия тәсілдерімен бөліссеңіз де бір сауап болар ма еді 🙂

    Ал негізі сіз секілді блогшылар (Блог сөзінде «о» жуан дауысты дыбыс болғандықтан оған жалғанатын жалғау да жуан дауысты болуы керек) сауатты жазу, ойды көркем жеткізуге қатысты білгендеріңізді үйретсеңіздер қатып кетер еді.

    пысы. Өркен, жарайсың!!! Астаналық блогшылардың құлағынан осылай бұрап тұру керек 🙂

    пысысы. Өркеннің суретін қарап отырып, мектепте журнал қараған болып, көзәйнегінің үстімен оқушыларды бақылап отыратын мұғалімім есіме түсіп кетті ғой…

    Жауап беру

    • Әрине, «блогшы» деген атау құлаққа сіңісті боп, қалыптасып кетті ғой. Ол сөзге жеке қарсылығым жоқ. Ара-тұра «блогкерді» де қолданып тұрғанның артықтығы жоқ секілді. Қазақ тілінде үндестік заңына бағынбайтын жұрнақтар бар («кер», «гер»), мәселен «найзагер», «жауынгер», тыбы. Соған сүйеніп, депутат ағамның жаңалығын құп алған едік…

      Жауап беру

  2. иә, Асекең жөн кеңес беріп отыр, осы блогқа материал салудағы ойды тиянақты жеткізу, сөзбен безендіру жайында бір презент болса қатып кетер еді.. Мына суретімде де оқырайып қалыппын, өзі ғой ренжіп отырған суретің керек деп 🙂

    Жауап беру

  3. Posted by qisyq on 2011/02/25 at 05:19

    Танауым бұлт сүзгілеп, жоғары қарап, бір дардай болып қалдым ғой, а, Мұрат) Енді, не болған күнде де өзіңнен презентация күтеміз:)

    Жауап беру

    • Бастық-қызметкеріммен шұғыл жиын өткізіп, осы мәселені күн тәртібіне қойдық. Жуық арада шешіліп қалар. 🙂 Қазақ ұлтына деген адалдықты сақтай отырып, 18 наурызда кіріссек пе деген ойымыз бар.

      Жауап беру

      • Posted by qisyq on 2011/03/06 at 18:27

        18 наурыз… ерте емес пе? ар жағында бір күн бар ғо)))))))

  4. Өркеннің суретін қарап отырып, мектепте журнал қараған болып, көзәйнегінің үстімен оқушыларды бақылап отыратын мұғалімім есіме түсіп кетті ғой
    ———————————————-)))
    аузын айтыш аузын ))))

    Жауап беру

  5. Posted by Makpal on 2011/02/27 at 14:41

    Мурат, блогы жоктардын кукыгы жок па екен блогкерлер жиынына катысуга… Осы жагын сурастырып корш…

    Жауап беру

  6. Сол жағы менің өзіме де қызық боп тұр. Қарамағымдағы бастығым Алматыға, Алла қаласа, менімен бірге бармақ. Бірақ оның блогы жоқ. Көрермен боп қатыса ма, әлде бала бағып үйде қала ма, белгісіз.

    Жауап беру

  7. Болмаса, сендер блоксыздар құрылтайын өткізсеңдерші. 🙂

    Жауап беру

Leave a reply to ТҰСПАЛСӨЗ Жауап беруден бас тарту