«Тоқыр бас қыз» және телевизия


           Қазақта «тоқыр» сөзі жоқ. Дұрысы, тақыр бас немесе тықыр бас болса керек. Бірақ, неге екенін, Қазақстанның кез-келген түкпіріндегі балалар шашы ұстарамен қырылған басқа осы анықтауышты тіркеп қолданады. Одан бөлек шашсыз бастың тағы бір синонимі бар. Котовский деген. Ал біздің әңгіменің Григорий Иванұлына да, «тоқырға» да еш қатысы жоқ. Тек баспен ғана байланысы бар.

    «Тоқыр бас» әдетте ұл балалардың иығында орналасады. Қыз балалар ес біліп, етек жапқан екі-үш жастан бастап, шаш алдырудан ат-көйлегін ала қашады. Сондықтан, көпшілігіміз бойжеткен қызды шашсыз кейіпте көру былай тұрсын, көз алдымызға елестете де алмаймыз. Ондай құбылыс бола қалғанда да мәжбүр жағдайда (ауырған, ота жасаған) жасырын жүзеге асатындықтан жылтыр бас қыздарды айыптап, яки қолдап көрген емеспіз. Қыздың шаш алдыруы қаншалықты дұрыс деген сауал алдымыздан ешқашан көлденеңдеген емес.

       Әңгіменің әріптесім, замандасым, аралас-құралас құрдасым Маржан Сұлтанбаева бикеш туралы екенін түсініп қойған шығарсыз. Кеше ғана кейбіріміз сүйіп, кейбіріміз күйіп, кейбіріміз «Хабар» мен «Ел арнадан» басқа канал ұстамайтын болғсын көретін «Шіркін, Life» бағдарламасында сол Маржанымыз шашын сыпырып тастады. «Тоқыр бас», яки «Котовская» болды. Жайдан жай сыпырған жоқ. Жігіттер бармайтын шешімге мен бара алам деген принциппен сыпырды. Оның бұл жаңа «прическасы», әрине, бағдарламаға үлкен рейтинг әкелгені анық. Олай дейтініміз, сол шығарылымның анонсында Мәкеңнің жартылай жалаңаш баспен, яғни, жартылай тақыр баспен отырған бейнесі көрсетілді. Сол аңдатпадан соң, «апта аяғын асыға күтіп, «Шіркін, Lifeты» сөзсіз көрем» деп алақанға түкіріп отырғанның талайын кездестірдім. «Телевизионщиктер» арасында да «Тықылдақтың» бұл ерлігі ерекше сөз болды.

          «Ерлігі үшін» деген медаль бермесе де, өз кәсібі үшін кез-келген қадамға әзір екені айтылып, ауызша мақталды.

      Ал мен болсам, далмын. Жұрттың бәріне еркелеп жүретін ақкөңіл қызды даттауға да, мақтауға да қимаймын. Шаш өсер, ең бастысы, бас аман ғой. Дегенмен, Сіз қалай ойлайсыз?

10 responses to this post.

  1. Posted by Қосақ on 2011/01/11 at 05:34

    Бағдарламаны көрмеген екенмін, бірақ Маржандікі сөзсіз ерлік екен.

    Жауап беру

  2. atyn wykpasa, jer orte degenge keletin sekildi.
    wynymdy aitsam, sol bir bikewti ew unatpaimyn. Nazira (Berdalyny aitam) sekildi uian, kazaki kyzdar unaidy. solardan ulgi algym ak keledi. Al mynau boijetkennin minezi oz boymda da barwylyk :))))))))

    Жауап беру

  3. Posted by izgilik on 2011/01/11 at 10:55

    Қазақ қызы ешқашан шашын қимаған, қидырмаған. Тәрбиесі солай болса қайтесің)))

    Жауап беру

  4. Ертең қазақ жігітерінің намысы оянбады деп кеудесіндегі жанын не жүрегін сурып алса мықты екен дер едім ал Қазақ дәстүрінде шашын қырқу,алдыру.. көз алдыңда мәдениетті түрде азғындаудың керемет ұлгісі..
    Батысқа еліктеп етекті мықымға деиін тұрдік…
    ана-мына жеріне кулдік…
    уятсыз екенін кеш білдік…Енді тұншықтырып оранып әуреміз..
    Енді көрде тұр тоқыр бас сайтандар қаптайды.Себебі біз еліктегіш елміз ғой…Өз басым қазақ қызының шаш қырқуын қаламас едім.

    Жауап беру

  5. Posted by Adia on 2011/01/11 at 21:23

    Елдің алдында шашты тықырлатып тастау ерлік пе, тәйірі

    Жауап беру

  6. Posted by Tanakoz on 2011/01/13 at 22:16

    Marjannyn kylygyn ne erlik dep, ne bolmasa ersizdik dep bagalai almaimyn. Bul tek kyz balanyn tusirilim kezindegi jigitterdin isine ishi udai ashyp, sabyrdan shygyp emociyaga berilip ketkendigi.ony da tusinuge bolady. sezim keide akylga konbeidi. Al juldyz jigitterimizdin ertengi kuni ‘takyr bas’ bolsam, toyga shakyrylmai, akshadan airylyp kalarmyn degen korkynyshpen shash algyzudan bas tartui maskara jait boldy. Bagdarlamaga tanymaldygyn asyryp, jurt suispenshiligine bolenem dep kelgen ‘anshilerimizdin’ endigi kuyi ne bolar eken…

    Жауап беру

  7. Posted by kazakhkyzy on 2011/01/18 at 06:53

    Бұл жерде ең сорақысы сол жігіттердің Маржан шашын алып жатқанда салғыласып отырғаны…Маржанды ерлік жасады деп ойламаймын, бірақ жігіттердің бес сантиметр шаш үшін жылағанына қаным қайнады. Жалпы жігіттеріміз ұсақталып баратқанына ішім күйеді.

    Жауап беру

  8. Posted by Gali on 2011/01/18 at 09:11

    Ерлік емес ессіздік, арсыздық.

    Жауап беру

  9. Posted by Қосақ on 2011/02/27 at 05:32

    Неге ессіздік?! Ессіздік, арсыздық деп басқа жерде, басқа оқиғаларға айтқан дұрыс болар. Жігіттерге намыс отын ояту үшін барды ғой, “бес см шаш” үшін жігіттердің бедірейіп отырғанына мен де қынжылдым. Баяғының батыр қызына тең келер қылық деп бағалаймын.

    Жауап беру

  10. Posted by Marzhan on 2011/06/07 at 06:20

    сөз суйектен өтеді демекші сол жігіттерге сөзбен-ақ жеткізсе болар еді ғой… атың шықпаса жер өрте демекші…ПР-ғой бұл,ешқандай ерлік деп ойламаймын!!!

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: