Мен, тырнақша және бастықтар…


                                                                                                                                                                                                                 Өз басым оқушы кезімнен бастап бастық атаулыдан зәрезап болған адаммын. Бастық болғанда да, кабинеті бар, айналмалы орындығы бар, хатшысы бар, негізінен ұрғылауға, анда-санда жазуға арналған үстелі бар, қарыны бар бастықтар емес, тырнақша ішіндегі «бастықтар». Әдетте, сыпайы, жылы сөйлейтін, дене бітімі нәзіктеу, орысшасы әлсіздеу, сосын… сосын, киім киісі қарапайымдау кісіге дүрсе қоя бергісі кеп тұратын ондай «бастықтар» орын, кеңсе, қызмет таңдамайды. Вахтер, күзетші, тазалықшы, кондуктор, сатушы, даяшы, жүргізуші, түсіруші, тыбы. Бойдақ кезде «қыздарға неғұрлым жұмсақ қараған сайын құтырады» деген кеңесті жиі естуші ек. Бұл «басекеңдердің» «паведениесі» де сол қыздардың ар жақ-бер жағы екен. «Аға», «апай» деген сайын, «ей, есікті қатты жап, көрмей тұрсың ба күн суық», «ей, есікті ақырын жап, сындырасың ба», «тезірек берсей заказды, сызылмай!», «өй, тұра тұршы, асығып өліп бара жатсың ба?» деген сықпыттағы «сыпайы» сөздерді жиі еститін боп алдық.
        Мұның бәрін өмірден түңілгеннен, айтар адамым болмай қапаланғаннан тізбелеп отырған жоқпын. Бұрынырақта жазған бір өлеңімді блокқа тықпалағым келіп, соған сылтау болу үшін жазып отырмын. Ол өлеңім «Бастықтар» деп аталады. Тыңда… оқыңыздар. 

БАСТЫҚТАР…

Төбеме ту ғып көтерген байрағым сынып,
Санама сансыз сауалдар сайманын сұғып.
Ертең мен кештің арасы: деміге берем,
Мұрнымнан ауа орнына …-ым шығып.

Төрелер бізде, қаптаған бастықтар бізде,
Аранын ашқан рухи аштықтар бізде,
Төбеге мінген құртаңдар жасарып жатыр,
Аяңдап кетіп барады жастықтар күзге.

Шопыр да бастық біз үшін пақыр да бастық,
Бастық та бастық, бастыққа жақын да бастық.
Төзімнің бәрін сол үшін тақымға бастық,
Ауызды буып алғанбыз қақылдамас қып.

Есіктен кірсең ертемен күзет те бастық,
«Гүж» етпе» жандар демейді ізеттен астық.
Шошына қалған пошымдар үрейіңді алар
Әлемді жайлап жатқандай сүзек пен аштық.

Бұл сырды жүрміз өзгеден бүгіп қаншамыз,
Ұлылар көп қой қадірін ұғып қалсаңыз.
Бастықтың бәрі диванда тізіліп отыр
Камера тұрған бөлмеге кіріп барсаңыз.

Координацияға қамалып бір ұлық отыр,
Жағадан алып жаңалық, түңіліп отыр.
Қаракөз барса, сазарып, жын ұрып отыр,
Алакөз барса, жаңарып, құбылып отыр.

Асхана барсаң, тас қабақ Зайра да бастық,
Ақшаны төлеп асығыс айнала қаштық,
Әжетхананы жуатын әже де бастық,
Қорқыт-көр сынды табылар қайда да бастық.

Монтажный – монтажный емес, кабинет кілең,
Инженер күле қараса, ғанибет білем.
Шіркін-ай, мен де солардай патша болсамшы,
Бейшара журналистерді зар илеттірем.

Жүйкесін жырға малады жасыған бала,
АСК бейне қызыл қан сасыған дала.
Мың бастық қыспаққа алғанда пана табамын,
Шын бастық Арман ағаның қасынан ғана.

8 responses to this post.

  1. Posted by qisyq on 2010/12/24 at 11:52

    “Құлдың құтырғаны жаман” деген бар ғой…Осы сен айтып отырған жағдайға тура болмаса да, жанамалап келетін секілді.

    Жауап беру

    • “Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық байлатпас…” Жал бітсе бір сәрі-ау, бітпей жатып торсық атаулыны маңына жуытпайтындарды түсінбеймін.

      Жауап беру

  2. Posted by Makpal on 2010/12/24 at 13:08

    Видеотеканын патшаларын умытыпсын…

    Жауап беру

  3. Posted by nazym on 2010/12/26 at 16:28

    мың бастық менде де бар…кейде Қазақстандағы ең көп бастық менде ма деп қалам(((

    Жауап беру

    • Сіз үнемі “деп қалады” екенсіз.🙂 Оныныз рас енді. Бул омірде әу бастан-ақ бастық көп. Баяғыда бір “тақпақ” жазғам. НТК деген ұлттық арнада жұмыс істеп жүрген кезімде. Тыныштықбекке еліктеп.
      Оксана – дара бастық,
      Тимур – аға бастық.
      Динара – жаңа бастық.
      Фая… – о да бастық.
      Орыс – шоғыр,
      Қазақ – тобыр.
      Қосшысынан басшысы көп өмір.

      Жауап беру

  4. Posted by Akbayan on 2011/02/28 at 08:55

    ))) Dop tusipsin, Murat! Keide aituga soz jetpeitin.

    Жауап беру

  5. Posted by Табиғат on 2011/04/29 at 11:05

    Жақсы, жақсы, жақсы.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: