***


                                    Түсіріп еске таңды ізгі,
                                    Өзенді, көлді жалбызды,
                                    Әйнекке түскен ай-сәуле,
                                     Қолыма қалам алғызды.
                                              (Әлібек Шегебай)

Маңымнан кетпейтін мұңыма беріспей,
Басымнан айналған бақпен де келіспей.
Құлазып жүргенде қызығымды оралттың,
Сап-сары бақтағы қып-қызыл жемістей.

Көзіңе түйіскен көзіммен от басып,
Сезімді сөздерге сеніммен тоқтасып,
Қиялыңа ілесіп қиялым көкке ұшып,
Көкірек арнадан көңілім кетті асып.

Түсімді биледің, өңімді тұйықтап,
Сен болып ояндым, өзім боп ұйықтап.
Жүректің терісі күлдіреп тұр әлі,
Күлімдеп лаулаған күкіңе күйіп қап.

Жүрегім жарамсыз, сенікін алғанмын,
Жарамсыз бұрынғы жалған ой, жалған мұң.
Тек соған сыйдырдым іштегі, сырттағы,
Көктегі, жердегі барлығын арманның.

Соға бер, жүрегім, соға бер, өрекпіп,
Онсыз да қаншама көз суын көл еттік?
Екеуміз бірміз ғой, орының – кеудемде,
Біздерді жай ғана жаратқан бөлек қып.

Әлдилеп жанымды бір нәзік дірілмен,
Жұбатып келесің кездескен күнімнен.
Көзімнің алдынан кетпеші, сәулем, сен,
Бір мөлдір сезім боп кірпікке ілінген.

Бейнеңді құшайын алыста жүрсем де,
Қасымда болсаң да, қиялым бір сенде
Сен менің ернімде жыр болып ерисің,
Жыласам, мұңайсам, қайғырсам, күлсем де.

Сарғаям сарылып, жадыра жарылып,
Жолыңа шашу қып шашайын сан үміт.
Сен менің жанымның ішіне еніп кет,
Өзіңді өтейін мәңгілік сағынып.

6 responses to this post.

  1. өлеңді керемет екен, жаман екен деп айта алмайм, жалпы қызықпағасын.
    бірақ сөздері әдемі екен.
    осы дейм да, қазіргі поп жұлдыздар жаным күнімнен аспайтын әндердің сөздерін қайдан, қалай алады екен????
    Одан да осындай дені дұрыс бір әдемі сөздерді пайдаланбай ма?!

    Жауап беру

  2. Posted by MAKPAL on 2010/12/21 at 22:18

    Курметті, пікірші… Олен созді тусінбеген касірет! Сіздін пікірді окып, Сізге жаным ашыды /менім жаным ашыганына муктаж болмасанызда…/ Мынау не деген олен… тогіліп тур… молдіреп тур гой… арбір жасушанды ерітеді… Ал Сіз “жаксы екен деп жаман екен деп айта алмаймын” деп адамды куйдіресіз…

    Жауап беру

  3. Posted by Қарашық on 2010/12/25 at 15:48

    Тамаша!:)

    Жауап беру

  4. Мына өлең тіптен керемееееееееееееееет десем қалай болады?🙂

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: