Жұмбақ сағыныш


Бір сағыныш көкірегімді кернейді,
Бір сағыныш көкірегімді кернейді…
Көптен бері, көктемдегі күннің асыл сәулесіндей тұп-тұнық.
Көптен бері түсіме ешкім енбейді,
Бір беймаза сағынышым өңімде жүр күттіріп.

Бір сағыныш көкірегімде пәтер жалдап тұрады:
Кімді, Нені сағынамын, Белгісіз.
Күнәсі жоқ күндерге артып кінәні
Мұңаямын, жоқсыз бірақ енді Сіз.

Жо-жоқ, сізді сағынбаймын, сағынышым бөлек тым,
Ол түу шырқау ғарыштардан кеп жатқандай құйылып.
Жүрегімді тұншықтырды зор екпін,
Ішіме еніп алғандай боп күллі әлемнің сағынышы жиылып.

Сағынушы ем құстарды,
Келді олар да, дүниенің түгі де жоқ құбылған.
Шекті шаққа ұзарды да, күндер қайта қысқарды,
Тамшылаған су секілді тесігі көп құбырдан.

Сағынушы ем, көктемді,
Ол да міне жалақыдай таусылуға таяды,
Сағынушы ем, өткенді, оның несін аңсаймын?
Кешегімнен айырмасыз бүгінгім, тіршілік қой баяғы.

…Бір сағыныш… қуаныш та, мұң да өзі,
Ұғынықсыз шырқайтұғын кейде әнін.
Бір сағыныш… куәгері – күн көзі һәм түн кезі…
Бір сағыныш… болашағы беймәлім.

Сүйретілген арман, қиял, бос елестер көшімен
Арасында сенім менен күмәннің,
Босып жүріп осы мен
Ақыретті сағынатын шығармын?

Мүмкін…
Ақырғы күн сағыныш боп орын тапса, көңілден…
Қайтарғысы келмегені болар ғазиз бетімді.
Күнә жиып күн кешетін өмірден
Періштемен тілдесетін қабір артық секілді.

Иә, иә, сағынышым бөлек тым,
Ол түу шырқау ғарыштардан кеп жатқандай құйылып.
Жүрегімді тұншықтырып бара жатыр зор екпін,
Ішіме еніп алғандай боп күллі әлемнің сағынышы жиылып.

Сағынамын, жанымды мұң торласа,
Әлденені, әлдекімді, әлдеқандай әлемімді сағынам…
Иә, бір жұмбақ сағынышым болмаса,
Өмір сүріп нағылам?

10 responses to this post.

  1. Мүмкін…
    Ақырғы күн сағыныш боп орын тапса, көңілден…
    Қайтарғысы келмегені болар ғазиз бетімді.
    Күнә жиып күн кешетін өмірден
    Періштемен тілдесетін қабір артық секілді.

    Жауап беру

  2. Posted by Тоты on 2010/12/20 at 09:06

    Біртүрлі жаныңды тебірентеді екен…

    Жауап беру

  3. Авторы өзіңіз бе?

    Жауап беру

  4. Posted by Қарашық on 2010/12/25 at 15:52

    Мура, өлен өте жақсы. Өткен жолы осы өлеңіңізді бір жерден оқып қалып, қайта оқиын деп таба алмай жүр едім… Жарайсыз!

    Жауап беру

  5. Posted by MEYIRBEK on 2011/01/10 at 05:44

    Осы өлеңді “Азаттықтан” тыңдадым ба? әлде.. әйтеуір ұнаған сол кезде. Сөзін таба алмай жүр едім, жақсы болдыү Мүке! Керемет өлең! Шабытыңыз таси берсін обшіммммм

    Жауап беру

  6. Posted by Табиғат on 2011/04/29 at 11:11

    Мұрат, сен мықты ақынсың!

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: