Жаһандық жылыну: шындық пен қауесет….


Қатысушылар:
Журналист
Мэлс ЕЛЕУСІЗОВ – эколог, «Табиғат» экоодағының жетекшісі, Алатау мұздықтарын сақтап қалу үшін жартастарды әкке бояу керек деп есептейтін адам
Құралай МҰҚАНҚЫЗЫ – биология ғылымдарының докторы
Назарбек ҚОЖАМСЕЙІТОВ – жұлдызшы
Бек ШӘРІП – «Бақай» тобының әншісі
• Табиғат апаттары, топан су… Тосын тартулардың Қазақстанға да жасалуы мүмкін бе?
• Ғалымдар не дейді?
• Алатау мұздықтары шынымен еріп біте ме?
• Әлемді су басады: қауесет пен шындық
• Осы айтылғандардың әлемдік температураның өзгеруіне қаншалықты қатысы бар?
ЖУРНАЛИСТ:
Мынадай қарлы жел тау етегіндегі Алматыда биылдыққа болған жоқ. Әрине, суықты ешкімнің суқаны сүймейді. Бірақ қыстың қыс секілді болғаны жақсы. Есесіне, өткен аптада екі күн қатарынан жауын жауып есімізді шығарды.
Мәтін: Әлем жылынып кетті, енді қаңтар сайын жауын жауады деген таяз түсіндірмеден аулақпыз. Бірақ соңғы уақыттағы табиғаттың тосын құбылыстарын ұғындырғанда ғалымдар ғаламдық жылыну деген үлкен ұғымды алға шығарды.
Құралай МҰҚАНҚЫЗЫ – биология ғылымының докторы:
Егер адам планетаға көзқарасын өзгертіп, дұрыс қарамаса, үлкен планеталық апатқа әкеліп соғады ол.
Мәтін: Әлемдік қауымдастық бұл мәселеге 80 жылдардан бастап назар аударды. Зерттеулер соңғы бір ғасырда жаһанның жылуы 1 градусқа көтерілгенін анықтап отыр. Егер ол көрсеткіш тағы бір градусқа артса, күллі әлем ауыз су тапшылығына ұшырайды. Ғалымдардың есебінше, ендігі елу жылда Арктика, Антарктиданың бір бөлігі еріп, жағалаудағы мемлекеттер су астында қалуы ықтимал. Айыпкер – өндірістің ұлғайып, ауаға тарайтын көмірқышқыл газының көбейіп кетуі.
Мәтін: Жер сілкінісін болжап, ауа-райын анықтап, жұлдыздардың жолын бақылап жүрген Назарбек Қожамсейітов жаһандық жылынуға өзге қырынан, планеталардың алмасуынан болатын циклді құбылыс деп қарайды. Әрине, адамның да ықпалы бар, бірақ көп мөлшерде емес. Тіпті, циклді өзгеріс әсерінен мұз дәуірі қайта келуі кәдік. Қазіргі қауіп мұхит деңгейінің көтерілуі.
Назарбек ҚОЖАМСЕЙІТОВ – жұлдызшы:
Мұхиттардың деңгейі 20-30 жылдан кейін 1-2 метр көтеріледі. Россияның тундра жақтарын су баса бастайды. 50 жылда Гренландия толық кетіп қалады. Жанартау атқылайды. Таудай толқындар Еуропаны, Американы соғады.
Клиптен үзінді:
Не жазып едім құдай-ай, алағай да бұлағай… Топан су басты даланы!!!
Мәтін: Бұған қазір ғалымдар ғана емес, әншілер де бас ауыртатын болды. Мысалы «Бақай» тобы.
Бек ШӘРІП – «Бақай» тобының әншісі:
Қазір бүкіл әлемде су тасқыны алып жатыр.
«Мұз дәуірі» («Ледниковый период») мультфильмінен үзінді:
Это глобальное потепление, убивает меня!
Мәтін: Ғаламды алаңдатқан мәселе балаларға арналған туындылардың да тақырыбына өзек болған секілді.
«Мұз дәуірі» («Ледниковый период») мультфильмінен үзінді:
Он был прав, все таят!!!
ЖУРНАЛИСТ
Қалай болғанда да жердің дене қызуының көтерілуі қазақ жеріне су басу, дауыл тұру секілді қауіптер әкеле қоймайды. Бірақ, тұщы су қорына әсер етуі мүмкін. (Шыңыңа көз жетпес, Көркіңе сөз жетпес, Басыңнан қар кетпес, Өзіңе тау жетпес…) Құдай сақтасын, экологтар, егер біз сақтанбасақ, мына Алатаудың басынан күн өтіп, шыңындағы мұздықтар еріп бітіп, «басыңнан қар кетпес» деген тармақты өзгертуге тура келуі мүмкін деген болжам айтып отыр.
Мәтін: Сорбұлақтың мәселесін көтеріп, Алматының қоқысымен күресіп жүрген, ауаға зиянымды тигізбеймін деп, моторы шағын, қалдығы аз «жигулиді» жүгендеген, Қоғамдық палатаға мүше болып, қоғамдық жұмыстар атқарып жүрген оғаш ойлы Мэлс Елеусізов Жоңғар Алатауындағы мұздықтарды сақтау туралы ерекше бастама көтеріп отыр. Тұщы судың алып қоры орналасқан жартастарды ақ түске бояу арқылы, мұздардың еру процесін баяулатуға болады. Алғашқы болып тау тасқа өзі өрмелеуге даяр.
(Мелс Елеусізов Шымбұлақтың жоғарғы жағындағы қарлы беткейде жүр)
Ой терең ғой, мынау, совсем, демалып алайық.
Мэлс ЕЛЕУСІЗОВ – «Табиғат» экологиялық одағының жетекшісі:
Уже 40-50 жыл Алатаудың мұздықтары еріп жатыр. Ғалымдар, альпинистер бәрі айтады. Қазір біз 1/3 бөлігін ерітіп алдық. Ол еріп кетсе, сусыз қаламыз, екіншіден, сел көп болады.
Мәтін: Қара тас, күн энергиясын өзіне көп сіңіреді, ал ақ түс 85 пайызын шағылыстырады. Бұған мемлекет емес, халық, қоғам жұмылуы керек. Әрбір адам үлес қосуы керек дейді «Табиғат» қозғалысының жетекшілері.
Нұржан ЫСТЫ – «Табиғат» экологиялық одағы жетекшісінің орынбасары:
Айналып келгенде бұл өзіміздің мұздықтарымыз. Мұны өзіміз сақтамасақ, ол ешкімге керек емес.
Мәтін: Идеяны қоғам түрліше қабылдап жатыр. Биология ғылымының докторы, БҰҰ-ның Қазақстандағы алуан түрлілікті сақтау жобасы бойынша Ұлттық менеджері Құралай Мұқанқызы барлық күш өсімдіктер жамылғысын қорғауға, көгалдандыруға жұмсалуы керек дейді.
Құралай МҰҚАНҚЫЗЫ ¬– биология ғылымдарының докторы:
Бүкіл жартастарды әкпен бояйтын болсақ, Ол табиғатқа күш салу, солай емес пе?
Мэлс ЕЛЕУСІЗОВ – «Табиғат» экологиялық одағының жетекшісі:
Бояғанда, табиғатқа зиян бермейтін известка. ең арзан нәрсе. Ол кальций ғой.
Құралай МҰҚАНҚЫЗЫ ¬– биология ғылымдарының докторы:
Осы тауларды әктеуге адам, техника алып шығамыз. Оның айналасындағы табиғатқа зиян тигіземіз.
Мэлс ЕЛЕУСІЗОВ – «Табиғат» экологиялық одағының жетекшісі:
Әр адам бір банк краска алып шығып, сол жерді бояса зиян тимейді ешкімге.
Назарбек Қожамсейітов – жұлдызшы:
Мэлстің ұсынысы ол – білместік. Бұл деген түйеқұстың жауынан қорқып басын құмға тығып қойған сияқты нәрсе.
(Мэлс Елеусізов тастан секіріп түсті…)
Мәтін: Өз идеясы үшін тастан секіруге даяр Елеусізов қыс соңында іске кірісіп, алғашқы тәжірибесін жасамақ. Иек артып отырғаны – халық, қоғамдық ұйымдар, жастар бірлестіктері. Жолбасшысы шың бағындырғыштар. Хантәңірін бағындырған альпинист жол көрсетті. Алда Тұйықсу, сол жақта Богданович, оң жақта Мәншүк мұздықтары.
Мәтін: Алуан-алуан пікір бар. Әлі де терең зерттеуді қажет етеді. Тіпті жақында Британиядағы ауа райын зерттейтін жетекші орталықтың ғалымдары жылынудан болған қауіпті әдейі ұлғайтып көрсетуде деген айыпқа ұшырады.
Құралай МҰҚАНҚЫЗЫ ¬– биология ғылымдарының докторы:
Біреулер айтады, бұл придуманная проблема ХХ века дейді.
«Мұз дәуірі» («Ледниковый период») мультфильмінен үзінді:
… Извините, ребята, это просто тревога.
ЖУРНАЛИСТ:
Рас, айтылғандардың бәрі ғылыми болжамдар ғана. Бәрін уақыт көрсетеді деген үйреншікті, заманауи мақалымызды тағы пайдалана алмаймыз. Қарғаға айналып кететін болмасақ, уақыттың нені көрсететініне біздің ғұмырымыз жете қоймас. Өйткені долбарлардың дені келер бір ғасырдың ар-жақ бер жағын қамтиды. Әр ғалым өз нұсқасын ұсынуға, құқылы. Ал біздің таңдауға, тіпті таңдамай-ақ қоюға да құқымыз бар. Егер барлық адам бірдей ойласа, ешкімнің ештеңе ойламағаны.

3 responses to this post.

  1. Жапаон ғалымы Монголяның Өскеменемен шекараласатын Баян-Өлгий аймвғындавғы муздақтарды 3 жыл жатып зертеді.Содан қортынды муздақтар өте жылдам еріп барады деиді.

    Жауап беру

  2. әкпен бояғаннан зияны болып жатса да, мұздықтардың еруіне қарағанда зияны болмас, сондықтан бұл бастама жақсы деп ойлаймын.
    Назарбек Қожамсейіт ауа райын болжауға жақсы кісі болғанымен, ғаламдық жылынуды адамның кесірі емес деуі біртүрлі екен.
    Адамның әрекетінің әсерінен көмірқышқыл ғазы артып, ал ол температура артуына себеп боп отырғаны анық.
    Негізі мына жазу тақырып жағынан жақсы болғанымен, адамдардарға әсер етуі үшін, басқадай танымды стильде жазған жақсы болар еді. Ана ледниковый периодты қоспай. Табиғат қорғаушылар ол радикалды шараға неліктен барғалы отырғаны туралы толығырақ жазғаныңда ғой

    Жауап беру

    • “Жазбасюжет” айдарында турған себебі, бұл материал о баста телесюжетке арналып дайындалған болатын. Өзім дайындаған материалдар болғасын, өзектілігін жоймайтын тақырыптарды блогқа да тіркеп отырмақпын.

      Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: