Музинфекция


ЖҮРГІЗУШІ
Осы күні халыққа ең өтімді мәдениеттің бұтағы музыка боп тұр. Ал музыка саласының о жақ, бұ жағында жүргендер ең талантты, ең таңдаулы, ең жұлдызды жандар есептелетін болды. Ендеше, сол әуен атаулының адамға пайдасы бар ма? Зарары ше? «Музыка – әлемнің ортақ тілі, ол тілде жүректер аудармасыз-ақ түсініседі» депті Бертольд Авербах. Керісінше, «бір елді жаулағың келсе даңғаза тыңдата бер» деп Гитлер айтыпты-мыс деген әңгімені естімеген кісі кемде-кем.

Мәтін: Әуелі осы әңгімеде әуен туралы ағынан жарылатын кісілермен танысайық:
Бұлбұл әнші Бибүгіл Төлегенова. Жақсы саз жанға шипа. Ал қазіргі музыка адамды ақылынан алжастырады.
Біз енді совсем уже миғұла болдық. Қайде кеттік біз өзі.
Композитор, музыкатанушы, саяси қайраткер Хасен Қожа-Ахмет. «Қазақ әні қалай космополиттенді» зерттеу еңбегінің авторы.
Сол елірме музыканы мен порномузыка деймін. Музыка деп те айта алмаймын.
Саясаткер, «Әділет» партиясының көсемі, ән ауылының ара-тұра қонағы Мақсұт Нәрікбаев.
Бұл музыканың өзі наркотик сияқты кейбір адамдарға.
«Дін мен діл», «Күдіпен күрес» аталатын соңғы екі кітабына музыканың зияны туралы арнайы тарау енгізіп, жақсы һәм жаман әуендер тақырыбын зерделеп жүрген дінтанушы Қайрат Жолдыбай.
Ислам діні мұндай әуендерге басыбүтін қарсы. Бұл – харам.
«Русское Радио-Азияның» жүргізушісі Маржан Сұлтанбаева.
Біз жеңіл ойлайтын болдық.

Мәтін: Осы күнге дейін әсем әуеннің пайдасы жайлы аз айтылған жоқ. Жүйкені тынықтырады, қиялды кеңейтеді, жануар екеш жануар да жақсы дыбысқа елең ете қалады. Музыка тыңдайтын гүлдің де өзгелерден сұлу болатынын дәлелдепті ғалымдар. Ендеше бір сәт даңғазаның зиянына ой жүгіртелік.

Мәтін: Университеттің төртінші курсында оқитын Әйгерімнің бұдан былай шулы жерде отыруына дәрігерлер тыйым салды. Үш жыл бойы түнгі клубта диджей болып жұмыс істеген алматылық арудың есту қабілеті күрт нашарлап кеткен.

Әйгерім – түнгі клуб қызметкері:
Врачқа бардым. Врач маған құлағыңа зиян тиді, барабандары дұрыс істемейді деді. Сосын бірден үйге келдім де ата-анама айттым. Ұрысты маған.

Мәтін: Әрине, дәрігерлер зақымның неден болғанын айта алмай отыр. Себебі біздің елде қатты дыбыстың ағзаға әсері әлі зерттелген жоқ. Есесіне, әлем ғалымдарының керней үрлеп, даңғара қаққанына біраз болды.

Ұлбала ӘДІЛХАНОВА, №5 қалалық клиникалық ауруханасының дәрігері:
Жастар, әсіресе, рок музыканы метал дейді, дыбысы қатты шығатын музыканы тыңдайды да, солардың бәрі ішкі құлақтың жарғақтарына әсер етеді. Сондықтан да 5-6 жылдан кейін ол адамның естуі төмендейді де, құлақтың мүкістігіне алып келеді.

САУАЛНАМА (Көшедегі бір қыз):
Иә, жиі тыңдаймын. Поп музыкаларды. Джастин Тимберлейк. – Қазақша тыңдамайсыз ба? Жоқ, тыңдамаймын.

Мәтін: Заманауи музыкада екі қатер бар. Бірі – ритм, жылдамдық. Минутына 120 дыбыс соққысын жасайтын «супер әуендер» адам бойындағы тербеліспен сәйкес келмейді. Нәтижесінде кісінің өз-өзін бақылауы әлсірейді.

Хасен ҚОЖА-АХМЕТ – музыка зерттеушісі, композитор:
Кейінгі, әсіресе, рок музыкалар наркобарондардың заказымен жазылады. Арнайы ритмдер ұрған кезде адамның он төртінші омыртқаның тұсында эндорфин деген наркотик, сол оянады. Сол оянған кезде ол одан сайын ары қарай наркотикті қажет етеді еліріп.

Мәтін: Қатердің екіншісі – дыбыстың қаттылығы. Қарапайым құлақ үшін ең қалыпты дауыс күндіз 40, түнде 30 децибель. Салыстыру үшін айтсақ, жапырақтың сыбдыры 25 децибельді құрайды. Шудың шамасы 80-нен асса ішкі құлаққа зарарын тигізе бастайды. Мөлшер 160 децибельден асса, дабыл жарғағы жарылады. Ал кәдімгі құлақбаулар есту мүшесіне 110, рок-концерттер 120 децибель деңгеймен әсер етеді.

Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА – КСРО Халық артисі:
Біздің мына көптеген музыкальный режиссерлер дейміз ғой, олардың көптерінің құлақтары керең. Олар уже әбден шудан құлақтары саңырау боп қалған. Өздері естімегеннен кейін қатты қоя береді, қоя береді.

Мәтін: Қатты дауыс пен жоғары ритм. Есірткі мен алкогольден кейін адам санасына әсер ететін ең күшті құралдар осылар. Оған лазер сәулелері, жанып-өшкен жарықтар, әртүрлі аспап үндері және түтін қосылса, адамды транс жағдайына түсіреді. Ритмдік токсикоз аталатын жаңа сырқат құрбандарының артуы, эмоциялық реакциялардың құбылуы, есте сақтау қабілетінің әлсіреуі, беймазалық, депрессия, дискотекадан кейін бұзақылықтың, жыныстық дөрекіліктің көбеюі – бұлар дәрігерлерді ғана емес, психологтарды, социологтарды, педагогтарды алаңдатуы тиіс.

Қайрат ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ, дінтанушы, ҚМДБ үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі:
Бақырып, шақыратын, мәнсіз, мағынасыз, жылдамдығы соншалық, мидың клеткаларын өлтіретін, адамның денсаулығына зиянды, психологиясына зиянды әуендер ислам дінінде харам боп саналады.

Ұлбала ӘДІЛХАНОВА, №5 қалалық клиникалық ауруханасының дәрігері:
Наушниктің өзі сыртқы сыртқы есту түтіктеріне үйкеліп тұрады да, содан қабынулар пайда болады. Одан ары қарай ортаңғы құлаққа, ішкі құлаққа қабыну асқынып кетеді.

Мәтін: Құлақбау таққан адам ұшақ двигателінен 10 метр қашықтықта тұрғандай дыбыс соққысын үздіксіз қабылдаумен болады. Денсаулықты былай қойғанда, сыртқы ортадан оқшауланады. Жол апатына ұшырайтын жаяу жүргіншілердің 50 пайызы құлақбаудың құрбандары.

ЖУРНАЛИСТ
Көлігім заманға сай болсын деген адам оған міндетті түрде магнитофон орнатады. Ол аз. Артында буффері болуы шарт. Сонда, «жарады». Мына дыбыс бар ғой, көліктің ішінде түгіл, сыртында тұрсаң да миыңды ашытатын дыбыс.

Мәтін: Даудың басы – осы Дайралардың көлігі. Дайра деген – Дайрабай. Қанат – Кана, Қайрат – Кайра. Есіміміздің өзі мың құбылып тұрғанда әуезіміз қайда қашып құтылсын. Осы құйындай ұшқан көліктердің қай-қайсысын тоқтатсаңыз да, ішінен дыкс-дыкстың ұрып тұратынына бәс тігуге болады.

Қайрат ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ, дінтанушы, ҚМДБ үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі:
Тәжірибе көрсеткендей, қатты музыканы машинаға қойып тексергенде, машина жүргізіп отырған адам өзін өзі бақылаудан қалған.

Мәтін: Яғни, қатты музыка адреналинді көбейтеді. Жүргізуші бейсаналы түрде жоғары жылдамдықты қажетсіне бастайды. Жол полициясы қызметкерлері көп апаттың қатты қойылған әуеннен болатынын мойындағанмен, ресми ақпарат беруден бас тартты. Себеп, біздің елде нақты зерттеулер жасалмаған.

Мақсат АЛТЕНОВ, көлік жүргізушісі:
Музыканы тыңдамайын десең де болмайды. Радионы қоссың да музыка боп жатады. Соған менде бір оқиға болған. Осылай музыканы қаттырақ қойып, штраф салды.

Мәтін: Радио демекші, олардың да қызметіне де өкпе айтуға қақылымыз. Елімізде 50-ден астам радиоарна болса, соның бесеуі республикаға тарайды. «Қазақ радиосынан» басқасының бәрі таза музыкалық арналар. «НС» пен «Еуропа Плюс», «Русское Радиолардың» қандай әуеннің жаршысы екенін жақсы білеміз.

ВСТАВКА: Жақсы жағымды ән … арнамыздан алыстамаңыздар.

Маржан СҰЛТАНБАЕВА, «Русское радио-Азияның» жүргізушісі:
Ол радиожүргізушінің кінәсі емес, басшылықтың, радионың ісімен тікелей айналысатын адамдардың кінәсі деуге болады.

Мәтін: Қазақы әңгімге жатырқай, қазақы әуенге жақтырмай қарайтын арна басшылары жалған рейтингтің құлына айналған секілді. Балағат сөзді әнсымақ үшін тыңдаушың көп деп алдарқататын сол рейтингтің қазаққа құрылған қақпан екеніне нанбай көріңіз.

Маржан СҰЛТАНБАЕВА, «Русское радио-Азияның» жүргізушісі:
Сол астыртын саясат жүзеге асып келе жатқан сияқты. Біз өмірді жеңіл қабылдауға тырысамыз дейді. Шын мәнінде олай емес.

Мәтін: Музыканың маңайында жүргендердің жастардың піріне айналып кеткенін баста айттық. Ғалымдарымызды, қаламгер қауымымызды танымасақ та, кез-келген әншіні көрсек, Шәмшіні көргендей қуанамыз. Демек, біз оларды үлгі тұтамыз. Өмірдегі әрекеттерін де бойымызға сіңіреміз. Шалбарлардың ауы мен көйлектердің етегі бір-біріне кері пропорционал қатынаспен өзгеріп бара жатқанын да содан көруге болады.

Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА, КСРО Халық артисі:
Жазда бір мейірімділік концерт болып, Бүркіт деген жігіт шығып, қол қайда, көрмеймін. Давай, давай! Бір какой-то қып-қысқа киген бір келіншек секең-секең етеді. Ол өзінше айналып жүріп ән салады. Масқара ғой ол, масқара ғой.

Мәтін: Адам өз-өзіне есеп беру үшін, мақсатқа жету үшін, әлбетте, ойлану керек. Ойлау жүйесі тоқырауға ұшыраса, алған біліміңде де, істеген тірлігіңде де береке жоқ. Ал тұтас бір ұлтты ойландырмай тастау көз алдымызда жүзеге асып жатыр. Мәнсіз музыка арқылы.

Қайрат ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ, дінтанушы, ҚМДБ үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі:
Көптеген жастарымыз терең ойлана бермейді. Таяз ойлайтын боп бара жатыр. Ұшқалақ, бір тұрақсыздық пайда боп бара жатыр.

Мақсұт НӘРІКБАЕВ, «Әділет» партиясының жетекшісі:
Мүмкін осы бағытта жұмыс жасайтын кәсіби мамандар да бар ма деп ойлаймын. Осы тұрғыдағы музыканы, жындандыру музыкасын. Бұл музыкамен байлап қояды ғой.

Хасен ҚОЖА-АХМЕТ: музыка зерттеушісі, композитор:
Музыка деген оңай нәрсе емес, бұл – саясат, бұл – тәрбие. Ал мынандай музыканы тықпалап, елді гипноздаудеген ол енді, мемлекетті бұзатын нәрсе. Оған мемлекет бей-жай қарамау керек.

ЖУРНАЛИСТ
Қысқасы, көзімді жұмсам да көрем сенінің кері құлағымды бассам да естимін сеніге айналып тұр. Тағы айтамыз, ең қауіптісі – сол, ойлануға еш мұрша жоқ. Және бұл үдерістің тоқтар түрі көрінбейді. Егер барлық адам бірдей ойласа, онда ешкімнің ештеңе ойламағаны.

3 responses to this post.

  1. эндорфин деген наркотик емес, жақсы көңіл күйге жауапты гормон ))))

    Жауап беру

  2. Posted by Дулат on 2011/08/13 at 02:40

    бул макаланы кооп басылымдарга жариялау керек екен

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: