Гуанчжоу-2010


         Қожекең, Қожанасыр, бір күні көшеде, жұрттың көзінше, баласын қатты сабапты. Арасында, «Кесенің бәрін сындырып тауысасың ба» деп айқайлап қоятын көрінеді. «Өй, Қожеке, мұныңыз не, балаңыз неше кесе кесе сындырды соғұрлы?» десіпті көршілер. «Балам кесе сындырған жоқ». «Онда неге ұрсып жатырсыз?» «Енді… сындырмаса, сындырады ғой» деген екен.
Қазақта мәтел мен тұрақты тіркестің арасында жүрген бір сөз бар. «Арық айтып, семіз шық» деген.
Мүйіз сұраймын деп жүріп құлағынан айырылған тоқал ешкінің иесі де осы жұрт.
Енді осы айтылғандардың басын болғанын да, боладысын да есімізден шығарып ала жаздаған жазғы азиада ойындарының маңайына тоқайластырып көрелік.
Баршаға белгілі, мүйізіміз – үшінші орын, құлағымыз төртінші орын еді. Биыл мүйіз де, құлақ та жоқ.
Семіз деп сойған соғымымыз соңғы кезде не етке, не майға жарытпай жүр.
Алда не көп. Аламан бәйге көп. Сыртқы жүні қампайған бөрінің де айқасқа түссе, арықтығы әшкере. Қожекең сияқты, қысқы азиадада неге аз алтын алдық, Лондонда неге топ жармадық деп алдын-ала байбалам салсақ «жағымыздың қарысуына» тілектестік білдіретініңіз анық. Бірақ келесі додаларда арық айтып көрсек қайтеді, мүмкін семіз шығып қалармыз, а?

2 responses to this post.

  1. мақалдап, мақалдап, ең аяғында не айтқың келгенін ұқпай қалдым шыны керек, тақырыбы ашылмай қалған

    Жауап беру

    • Жазғы азиада ойындарында Қазақстан үнемі 4-орын иеленетін. Бұл жолы 3-орын аламыз деп кетіп, 5-орынды алып қайтты. Соны ТҰСПАЛдағаным ғой. Семіз айтып арық шыққаннан гөрі, арық айтып семіз шыққан жақсы емес пе? ТҰСПАЛым түсініксіз боп жатса, кешірім өтінемін. Бірақ айдардың (“оңашаланған ойлар”) стилі сондай.

      Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: