ЕСІМ


        «Менің атым… Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалатын сияқты…» Қайран «қара көже»! Өзге түгіл, өзіне де ұнамайтын оғаш атымен-ақ талай баланың есінде қалды. Әңгіменің кім туралы екенін біліп отырған шығарсыздар. Қайран, Бердібек атам! Сол бір қысылтаяң заманда «осы жердің иесі, қожасы сенсің, қазақ баласы» дегенді кейіпкердің есімі арқылы ескерткісі келген екен ғой. Рас-ау, есім ермек ететін дүние емес. Оның астарында талай қатпарлар бар. Халық Хақтың жолын жоғары бағалаған замандарда Асан, Қасым, Тәуекел, Доспамбет, Махамбет, Мұқамедқанапия, Ибрахим, Ахмет, Сәлима, Мариям секілді діннен алынған аттар қойылып келді. Өмір сүрген орта, жер-су, тұрмыс-тіршілік әсерінен Жылқайдар, Қойшыбай, Құнанбай, Дөнентай деген есімдер де қойылып жатты. Енді бір заматта дүние төңкеріліп түсті. Октябрь, Совет, Марлен, Мэлс, Стақан, Колхозбектер дүние есігін ашты. Ал Мұрат, Мақсат, Арман, Қанаттар ше? Олар да кездейсоқ кең тараған жоқ. Халық санасына қайтадан сәуле түсе бастаған кезде танымалдыққа ие бола бастаған. Қазір Нұрлы есімдер жоғары рейтингке ие. Сонымен қоса, мағынасы белгісіз, бәлки дыбысталуы әдемі саналатын Диар, Диана, Инга, Анеля секілді дүбара ныспылар да нарықты жаулай бастады. Айтпақшы, мен болашақта баламның атын «Қазақстан – 2030» деп қоймақшымын. Бірақ, идеямды ұрлап алушы болмаңыздар. Сатып алам десеңіздер, бағасы келісімді.

4 responses to this post.

  1. Posted by mankobai on 2011/04/03 at 11:02

    )))), рас айтасыз… Есімнің сыры көп,бірақ не болса соны қоятындарға “қаным қайнайды”. Мағыналы болғанға не жетсін! Біреу армандап, мән-мағынасына тереңірек үңілсе, біреу “сол кісі секілді (атақта адам) болсын” деп ырымдап қояды. Менің бір танысымның есімі -Съезхан. Қызық,иә?! Ең алғаш естігенде таң қалғанмын. Съездің кезінде туылған болса керек …Ал қазір кешегі саммит,азиадаға байланысты есімдер қойылып үлгерді ))).

    Жауап беру

  2. Posted by Эльенора on 2011/04/22 at 18:51

    Оз атым шетелдик есим болгасын коп ангиме айтпаймын. Десе де, аты казак, бирак бир ауыз казакша билмейтин, типти оз тилинде ойлай алмайтын адамдарды коргенде налимын. олардын касында озимди бакытты санайтыным жасырын емес. Себеби, мен журеги казак деп согатын казакпын!

    Жауап беру

  3. Posted by тілектес on 2011/05/12 at 04:40

    Стартегияңыз мықты екен. Екі мың жиырма тоғызыншы жылы жиырма тоғызыншы балаңыздың есімін осылай шақыратын болыңыз, деп тілеймін.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: