… АУЫСТЫРУ


        Жалпы, Жұбан Молдағалиев айтқан жетінші құрлықта ауыстыруға бейім адамдар тіршілік етеді. Олар ертеде мініс аттарын ауыстыруды жақсы көріпті-мыс. Қазір көлік ауыстыруды ұнатады. Әрине, көлік алған соң оның майын ауыстырады, нөмірін ауыстырады, дөңгелегін ауыстырады. Олар енді ұсақ-түйегі. Сәл ірілерін айтайық. Мәседен, құжат ауыстыру. Партия ауыстыру. Партияның атын ауыстыру. Заң ауыстыру. Мұның бәрі қалыпты құбылыстар. Ондағы адамдар тұратын мемлекетін өзгертіп жатса, таңдануға болмайды. Өйткені, солай қалыптасқан, байыдың ба, басқа жаққа кет. Атың мен тегіңді өзгерт, қала берді ата-тегіңді өзгерт. Өйтпесе болмайды, адам үнемі өзгеріс үстінде болуы керек емес пе? Айтпақшы, ақша ауыстыруды ұмытып бара жатыр екем. Оның бағамы да, келбеті де, құны да ауысып тұрады. Оның үстіне аттаған жерде ақша аустыратын орындар. Ауыстырмай жүре беру – ұят, шын мәнінде. Асы ұнамаса, астана… ой, /жаңылып қалғандай болып/ асхана, ақшасы қымбаттаса, баспана ауыстыруға болады. Келіншек ауыстыру, күйеу ауыстыру, дос ауыстыру – айта берсе, таусылмайды. Бұл жағынан «жетінші құрлық» «дамыған 49 мемлекеттің» қатарына кіріп кеткен. Тіл ауыстыру, дін ауыстыру, ұлт ауыстыру. Ал жыныс ауыстырудың қасында, мына әңгіме боп отырған жұмыс ауыстыру әңгіме болмай қалады екен.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: