«Шеберді шебер дегенше…»


«…Бақыт деген қайда екен, көкте ме екен мұнарған,
Жерде ме, әлде, тым алыс, жолда болар бұралған.
Бақыт, сірә, арманның орындалар мекені,
Арман, шіркін, біткен бе, бір басымда мың арман…»

Алты миллиард пенде жүр мен секілді тыныстап.
Езуіне күлкі іліп, көкірегіне мұң ұстап.
Алты миллиард адамда алты триллион арман бар,
Алты миллиард тілекте алты миллиард ырыс-бақ.

Алты миллиард жүрек пен алты миллиард құлшылық,
Алты миллиард сенімге жатыр әлем тұншығып.
Алты миллиард бағытпен алшаң-алшаң басатын
Алты миллиард жолаушы, ал тура жол – бір сызық.

«Әр кәллада – бір қиял», әр қиялда мың қылық,
Мың күдіктің үстінен ой көшеді дүрлігіп.
Мың күнә мен мың сауап, күпір, тәубе, сөз, дұға,
Құзырына Құдайдың жетіп жатыр мыңғырып.

Жалғыз мендік әрекет, жалғыз мендік несібе,
Артсаң, сыймас жүк болар, қырық елдің көшіне.
Менің миллиард жасушам Тәңіріне тәуелді,
Жүрегімнің соққанын бәлсінемін несіне?

Келгенінде жаз күліп, кеткенінде күз ұлып,
Қанша тырна ұшты екен көк жүзінде тізіліп.
Көктеді екен қанша ағаш, қаншама үміт түсті екен,
Сарғыш тартқан ағаштың сабағынан үзіліп.

Неше түйір қар ұшты, қанша тамшы жаңбыры –
Құдіреттің қолында түйірлердің әрбірі.
Көз алдыңда үзілген көк жапырақ секілді
Керуенде тізілген көп пенденің тағдыры.

Ай, күн, ауа, бұлт, балық, қиыршық құм шөлдегі,
Туады да, өледі, бұл – Шебердің шеңбері.
Қыбыр етпес қылшық та Оның Ұлы Ойысыз
«Бол» дегені мүлтіксіз, еш Өлшеусіз Еңбегі.

Біздің әлем мұнша алып – тозаң жердің ішінде
Тәңіріне мұң шағып, тыпырлаған пішінде.
Зеңгір көкте қаншама асылып тұр тағдырлар
Біздің қиял сыйдырмас қою түннің түсінде.

Тоқтатайын осымен қою түнге бір қарап,
Мәңгіліктің иесі Құдіретке мың мадақ,
Бізге ұғуға жазбаған Шеберлікті Шектеусіз
Шектеулі оймен, сезіммен,
Шектеулі үнмен, сөзіммен
Жүрмейінші былғап ап…

7 responses to this post.

  1. Posted by qisyq on 2010/12/18 at 06:59

    керемет

    Жауап беру

  2. Posted by MAKPAL on 2010/12/18 at 15:43

    Мурат, гажапсын!!!

    Жауап беру

  3. жеті миллиард деп айта берсең болар:)

    Жауап беру

  4. Posted by Тоты on 2010/12/20 at 09:09

    Авторы өзің ба?

    Жауап беру

  5. Күшті осы өлең!

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: