«Тойланбаса, тойланбасын, не етейін?..»


        Саммиттің ыстық-суығы басылып, жұрт күнделікті шаруасына қайта кірісе бастаған күндердің бірінде (желтоқсанның 5-і ме, 6-сы ма) бір ай кезексіз демалыста болған мен де жұмысқа қайтып келдім. Біз қызмет ететін саланың (ішкі істер органы емес) кейбір ерекшеліктеріне байланысты жиынды апта әріптестерге ауыр тиіпті. Жұрт демалып жатқанда шаршап-шалдығып еңбек етіпті. Мен келгенде, сол қарқын әлі де бәсеңдемеген екен. Бірақ арқадан жүк түскендей бәрі көңілді.

        –     Аға, мына бүктеулі қағаздың бірін ала қойыңыз.

        –     ?

       –     Ішкі бетінде кімнің аты жазылған болса, соған жаңа    жылға сыйлық жасайсыз. Сосын бүгін жиналыс болады. Жаңа жылды қайда атап өтетінімізді, қаншадан жинайтынымызды ақылдасамыз. Ұсыныстарыңыз болса, айтыңыз…

Шынымен-ақ, жаңа жылға 25-ақ күн қалыпты ғой.

 *  *  *

          Алдағы төрт күн (16-19 желтоқсан) демалыссыз жұмыс істемекпіз. Өзіміз солай шештік. Жаңа жылдың алды-артын «жауып» тастап, жақсылап мерекелеу үшін.

    *  *  *

           Ұжыммен барып емін-еркін мерекелейтін ыңғайлы ресторан іздеп жатырмыз. Студент болмағаным қандай жақсы болды. Екі айлық стипендиямды санап берер ем. Тәуелсіздік күні әркімнің жүрегінде ғой. Ресторанда мерекелесек оның құнын түсіріп аламыз. Оның үстіне… жұмыс.

   *  *  *

        Агентте отырмын. Ішінде танитындарымнан гөрі танымайтындарым көп мен секілді 70 қазақ отыр. Санап көрсем, 20 таза қазақтың микроблогында орысша сөздер жазылыпты. Қуанып қалдым. 40 болмағанына, 50 болмағанына. 70-і де орысша жазып алып мәз боп отырса қайтер едік.

 *  *  *

         Бүгін – мереке. Ертең – тарихи күн. Мен болсам, жаңа жылдың ақшасын әлі өткізген жоқпын, ұят-ай…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: