Мен туралы М.Е.Н:

  • 09.03.1987;
  • 01.09.1993;
  • 25.05.2004;
  • 01.09.2004;
  • 18.07.2008;
  • 18.06.2009;
  • 24.04.2010;
  • 02.09.2010…

           Байқасаңыздар, бұл бөлім осы күнге дейін пашти бос тұрды. Рас, бұзылған компьютердің бетіне шығатын жазулар секілді бір цифрлардың тұрғаны рас (әлі де тұр). Оның мағынасының түсінікті екені де рас. Бірақ, ауызды жыртатын қасық секілді сандар ешкімді қызықтыра қоймағаны анық. Бос тұрды деуімнің себебі ¬– сол.
          Мақтаншақтау, әрі сол мақтаншақтау қасиетін жұрттың біліп қоюынан қатты сақтанатын жанға өзі туралы жазу қиынға соғады екен. Сонда да көрейік.
         Жұрт мені Мұрат Есжан деп атайды. Кейбіреулері (мәселен, бастығым) жай ғана Есжан дей салады. Фамилиямның «ов» деген бөлігінің қай күні, қандай құбылысқа байланысты түсіп қалғанын, Қожа сияқты емес, мен жақсы білем. Сол «ов» түсіп қалған кезден бастап менің атым мен тегімді шатастырмайтын адамдардың қатары күрт кеміп кетті. Мұрат емес, Есжан емес, Мұрат Есжан болып жүруімді тарихы осындай.
       Ұят болса да айтайын, бір ғана дипломым бар. Онда да, журналистік. Әзірге бір әйелім, бір балам, бір жұмысым, бір бөлмелі пәтерім (жалға алған), бір інім, бір қарындасым, бір нөмірім, бір көлігім, бір бастығым бар. Бір ғана елдің азаматымын, бір ғана тілді білемін. (Ескерту: «әзірге» сөзінің «әйел» және «азаматтық» деген сөздерге қатысы жоқ – М.Е.)
         «Хабарда» көп айтылатын қалада тұрамын, Астананы айта беретін арнада жұмыс істеймін. Айлығым көп емес.
         Артық айтсам, айып, кем айтсам, келеке ете көрмеңіздер. Менің өзге де ойларымды блогыма болашақта жариялайтын «өлең деген өсекші» (Абай) арқылы немесе өзге де жазбалар арқылы біле жатарсыздар.

39 responses to this post.

  1. Қабыл болсын! 🙂 Шынайы жазбаларыңызды сөзсіз қызығушылықпен оқитын боламын!!!

    Жауап беру

  2. туған күнің, мектеп, универ:)) соңғы сандар не?? жұмысың ауысқаны ма әлде?? Блогың ұнады, блогроллға қосармын Иншаллах. Жазуларың көбейе берсін!

    Жауап беру

    • Туған күн, мектеп, мектеп бітіру, ЖОО, ЖОО бітіру, үйлену, балалы болу, Астанаға қоныс аудару….

      Жауап беру

  3. Блогыңыздың аты жақсы екен. Құтты болсын! Сәттілік!

    Жауап беру

  4. ooo siz de astanalyk ekensiz! Astalyktar kobeie bastay :))) How keldiniz! kutty bolsyn! :)))

    Жауап беру

  5. Posted by Тоты on 2010/12/20 at 09:08

    Блогың қызықты жазбаларға толсын!

    Жауап беру

  6. Posted by 12aikon1986 on 2010/12/20 at 10:24

    Өлеңдеріңді көбірек салып тұршы!

    Жауап беру

  7. Posted by qisyq on 2010/12/21 at 05:20

    Сұмдық! Жақсы мағынада! Танымал блогтың бірі боларына күмәнім жоқ)

    Жауап беру

  8. Posted by Мейіргүл on 2010/12/21 at 05:35

    Блогыңыз құтты болсын! Жақсы жазбаларға толсын!:)))

    Жауап беру

  9. Posted by Раджұлы Мақсат on 2010/12/21 at 09:30

    Jaksy blog eken !!!!!!!!!!

    Жауап беру

  10. Мұрат мырза блогыңыз құтты болсын! Бұрын сіздің бір бастығыңыз болса, енді осы блогтың жалғыз бастығы сізсіз. Сондықтан, «Әзірге бір әйелім, бір балам, бір жұмысым, бір бөлмелі пәтерім (жалға алған), бір інім, бір қарындасым, бір нөмірім, бір көлігім, бір бастығым бар» дегенге, «өзім де «Тұспалсөз» деген медиа-холдингтің жалғыз бастығы, жалғыз журналисті, жалғыз бухгалтері, жалғыз дизайнері, тіпті осы аттас виртуалды елдің бір тұрғыны һәм тұңғыш әрі қазір іс басындағы және болашақта да сол лазаумызда қалатын Президентімін» деп қосып қойыңыз. Іске сәт! Қатарымыздан көргеніме қуаныштымын.

    Жауап беру

    • Айтқаныңыз келсін, Амангелді Құрметұлы! Лебізіңізге рахмет! Бірақ біздің бұл вирталды мекемеде екі адам жұмыс істейміз. Әзірге маған журналист лауазымы ғана бұйырып тұр. Ал, бастық, дизайнер, бухгалтер, хатшы, офис-менеджер – Димаштың анасы 🙂

      Жауап беру

  11. Мәледессің нақ. Бірақ ана сандар ғана тұрғанда сен туралы көп ақпарат алып едік.

    Жауап беру

  12. Posted by Asem on 2011/01/06 at 18:50

    SATTILIK TILEYMIN!!!

    Жауап беру

  13. Блогыңыз құтты болсын!

    Жауап беру

  14. Дегеніңе жет! жиі кеп тұратын боламын.

    Жауап беру

  15. Қыртымбай Мұрқа!!! 🙂

    Жауап беру

  16. Posted by Эльенора Амир on 2011/04/22 at 18:58

    Жарайсын, Мурат! Блогын жаксы жазбаларга, биз издеп журип окитын олендерге толсын! Оз аулетин ушин,оз отбасын ушин, оз мектебин ушин, биздин КазГУ ушин, ХАБАР ушин орны болек жансын гой! оган коса айтарым, елди издеген, сол букара халыктын куаныш-кайгысын болискен ЖУРНАЛИСТ бол. бир созбен айтканда, тарихта калар тулга бол!

    Жауап беру

  17. Туһ, шіркін? Не деген сөздер? Аллаға шүкір!

    Жауап беру

  18. Posted by Shalkyma on 2011/05/08 at 09:04

    Блогыныз құтты болсын! Жақсы жазбаларға толы болғай! Өлеңдеріңізді жариласаныз екен

    Жауап беру

  19. Posted by Арайлым on 2011/05/10 at 13:11

    Кластасым, блогын кутты болсын!!! шын айтсам, тек бугин гана кордим..катты куанып отырмын!!! ризамын!! класстагы ен уздик окушы един, енди биздин мемлекетимиздеги ен уздик журналист болуына тилектеспин! боласын да!!! оган камил сенемин!

    Жауап беру

  20. Posted by Арайлым on 2011/05/12 at 09:35

    хехе! таныс прикол))

    Жауап беру

  21. Posted by Дулат on 2011/08/25 at 08:00

    Оқасов ағай жоқ- ха-ха-ха, былай кулмегели коп бопты. Блогин кутты болсын!

    Жауап беру

Leave a reply to 12aikon1986 Жауап беруден бас тарту