Түсіріп еске таңды ізгі, Өзенді, көлді жалбызды, Әйнекке түскен ай-сәуле, Қолыма қалам алғызды. (Әлібек Шегебай) Маңымнан кетпейтін мұңыма беріспей, Басымнан айналған бақпен де келіспей. Құлазып жүргенде қызығымды оралттың, Сап-сары бақтағы қып-қызыл жемістей. Көзіңе түйіскен көзіммен от басып, Сезімді сөздерге сеніммен тоқтасып, Қиялыңа ілесіп қиялым көкке ұшып, Көкірек арнадан көңілім кетті асып. Түсімді биледің, өңімді [...]
Ел не демейді?