Саясатты сөз қылмаймыз. Есіме «әр кәлләда бір қиял» деген бірдеменің түсіп отырғаны. Агентті қосып қойып, жұмыс істейін әдетіміз бар. Сол кезде микроблог деген «бәле» жылп-жылп етіп мазаны алатын. Кеше соларды оқып көрдім. Кезінде мен де миниблогқа: «агенттегі достарымның ішінде таныстар да бар екен» деп жазба жазғам. Өзім айтпақшы, сол көп достардың жазбаларын әрең [...]
Archive for the ‘Қысыр әңгіме’ Category
27 Mar
Осы жұрт неге бізді бейшара дейді?
(Студенттің монологы) Осы жұрт неге бізді бейшара дейді? Ел кимегенді біз киеміз, Ел мінбегенді біз мінеміз. Ел ішпегенді біз ішеміз, (Сонан соң… не арғы жағын ұмытып қаламыз, Не бір-бірімізбен сүзісеміз.) Осы жұрт неге бізді байқұс дейді, Ешкім бәрібір қамымызды жеп, қайғы ішпейді. Көргенімізден көреріміз көп, Алғанымыздан береріміз көп. Береріміз болмаса, ешкімге керегіміз жоқ.
20 Mar
Құрылтайдан қалып қойған блогшының зары
(«Амалым қанша» әнінің ізімен) Екі айдан бергі сен едің кәусар арман-ән, Құрылтай қарғам, құлшынтты мені жарнамаң. Жұлқынып тұрып, жұмысты қиып кете алмай, Амалым қанша, кінәлі өзім бармаған, Кінәлі өзім бармаған. Оңаша қалып, опасыз мынау қалада, Үш күннен бері түсе алмай жүрмін сабама. Сағыныш деген – Клинтон сынды сары ала, Күйіктен [...]
15 Mar
Эфирде… “Жеті апта”
Көбіне қызығы мен шыжығы мол деген анықтауышпен қосақталуға бейім тұратын студенттік шақ дейтін бір тіркес бар. Қызық өтсе де, қызық өтпесе де, жұрттың бәрі сол шағын тамсана еске алуға құмар («біз армияда жүргенде» деп әңгіме бастайтын жігіттерді қоспағанда). Қысқасы, айтайын дегенім, мына жазбамды сол почти текке кеткен төрт жылдың екінші жылдығында жазыппын. Ұялмай-қызармай қабырға газетіне [...]
Ел не демейді?