(«Амалым қанша» әнінің ізімен)
Екі айдан бергі сен едің кәусар арман-ән,
Құрылтай қарғам, құлшынтты мені жарнамаң.
Жұлқынып тұрып, жұмысты қиып кете алмай,
Амалым қанша, кінәлі өзім бармаған,
Кінәлі өзім бармаған.
Оңаша қалып, опасыз мынау қалада,
Үш күннен бері түсе алмай жүрмін сабама.
Сағыныш деген – Клинтон сынды сары ала,
Күйіктен қазір көңілім бейне Обама.
Көңілім бейне Обама.
Алматы бізге бір кезде болды жақсы ұя.
Осыдан басқа мүмкіндік енді тапшы иә?
Түсімде ылғи КИМЭП-тің ішін көремін,
Қиялымменен жасап ап презентация,
Жасап ап презентация.
Өркенсіз қалып Астана жақта бес күн мен,
Рахат та жоқ, сөйлеспей жүрмін ешкіммен.
Айтайын деген сөзімді қалып айта алмай
Амалым қанша, мылқаудың күнін кештім мен.
Мылқаудың күнін кештім мен.
Шырылым менің шығар-ау көпке естілген.
Зависать етем, компьютер құсап ескірген.
Керместе болған кереметтерді көре алмай,
Амалым қанша, зағиптың күнін кештім мен.
Зағиптың күнін кештім мен.
Соңына енді жете алман қуып жоқтың еш,
Шөптей боп қалдым қорада жатқан төрт прес.
Құрылтай жайлы жазбалар жазып тоқтамай
Амалым қанша, күйдірді ішті wordpress,
Күйдірді ішті wordpress.
Қос қоян түгіл, тышқан да алмай бір оғым,
Жападан-жалғыз Астана жақта жүр оным.
Блогкамп деген бақытқа батып бәрі де
Бес күннен бері оқылмай қалды блогым,
Оқылмай қалды блогым.
Келесі жылы, бір Алла жазса, барамын,
Демеушілердің бермесін дейік сараңын.
Әттең-ай, әттең, тұңғыштың аты – тұңғыш қой,
Амалым қанша, амалым қанша, амалым.
Амалым қанша, амалым!
Posted by kazprose on 2011/03/20 at 15:54
Қатып кетіпті. Өрекеңнің әңгімесін естісеңіз аузыңыздың суы құритын болды.
Posted by ТҰСПАЛСӨЗ on 2011/03/20 at 19:04
Өрекең Тараз айналып келем дегенше, менін аузымда су да қалмайтын шығар.
Posted by ulytau.ulany on 2011/03/20 at 15:59
Мына термеңізді келесі жылғы басқосуда айтсаңыз болады)
Posted by ТҰСПАЛСӨЗ on 2011/03/20 at 19:05
Презентация жасамай-ақ, осыны айта сал десе, қуана-қуана келісер едім.
Posted by urimtal on 2011/03/20 at 18:43
Келесі жылы енді Астана жақта ұйымдастыру жағына күш салайық, инш!!!
Posted by ТҰСПАЛСӨЗ on 2011/03/20 at 19:07
Жақсы болар еді, дәл сол кезде іс-сапармен Алматыда жүріп қалмасам…
Posted by Мейіргүл on 2011/03/21 at 06:34
))))))))))
Posted by qazaqia on 2011/03/20 at 18:52
Келер жылы басқа қалаға барудың қажеті болмайтынға ұқсайды. ІІ Құрылтай, иншАлла, Астанада не Ақмолада өтсе керек
Posted by aijannur on 2011/03/21 at 08:31
Күшті! Менің де жағдайым осы)))
АЛЛА деп келесісін Астанада өткізсек кереметский болар еді))) Асыға күтем!
Posted by ТҰСПАЛСӨЗ on 2011/03/21 at 17:48
Келесісін 2012-ні күтпей-ақ өткізіп жіберсек қалай болар екен, а? Немесе біз бармай қалғандар құрылтайын өткізейік.
Posted by Makpal on 2011/03/21 at 09:09
Блогым жок болса да, курылтайга катыстым… Сенин орнын кадимгидей ойсырап турды… Елендеп, озиннін бейненди іздеген жан да коп болды… Оркен дуйім журтка мактап жатты… Мурат деген мыкты бар деп… Блогерлердин одан ары ынтыктырып… Зарын орынды…
Posted by ТҰСПАЛСӨЗ on 2011/03/21 at 17:56
Бүгінгінің зар-заман ақыны мен болдым ғой. Талкылаулар унап барады. Мақтағанды кім жек көрсін. Әсіресе, “елендеп бейнемді іздегендер” туралы тусын ашыкырап айтсаныз…
Posted by balzhan on 2011/03/21 at 14:04
Түуууу! сізді аяп кеттім ғой. Өй, күшшшшшті болды құрылтай.
Posted by qisyq on 2011/03/21 at 14:19
Пай пай пай оу, Мұрат, мына зарың адамзат мәдениетінің ортасынан ойып орын алатын шығарма екен… Бекжан Тұрыс қолқа салып, айтқызамыз-ау деймін…
Posted by ТҰСПАЛСӨЗ on 2011/03/21 at 18:05
Менін ешкім окымайтын блогым әп-сәтте “вешірдің гүлі” бокетті ғо. Үнемі осылай оқылатын болса, будан кейін зарлайын да отырайын. Құдай зардан сақтасын бірақ.
Posted by Жүрек СӨЗІ on 2011/03/24 at 09:45
Posted by ТҰСПАЛСӨЗ on 2011/03/25 at 14:12
Айтпаңыз! Өркеннің блокты танымал ету жолдары деген презентациясына ЗАР деген пункт енгізу керек секілді.
Posted by tarazkyzy on 2011/03/24 at 11:08
Автомат туралы жыр.Құрылтайдан қалып қойған блогшының зары. Мәләдес!
Posted by ТҰСПАЛСӨЗ on 2011/03/25 at 14:15
Әйтеуір, бір топтасым болса да оқыпты ғой. Рахмет!
Posted by Сыр сұлуы on 2011/03/24 at 18:34
Күштііііііііііііі!!!
Posted by ТҰСПАЛСӨЗ on 2011/03/25 at 14:10
Рахмеееееееееееееееееет!
Posted by “Блог құрылтай – 2011″ презентациялары жарияланды « Өрімтал on 2011/03/28 at 18:36
[...] тұрып, сайтқа жариялап қойды. Блог құрылтайға қатыса алмай зар илеп жүргендер енді презентацияларды сол жерден қарап, [...]
Posted by Тәржіман on 2011/03/29 at 04:03
түүү мына Мұрат жыраудың зары өтті ғой…Мұраттың зарына бола бір мини Блог құрылтай өткізіп беріп көңілін уатайықшы ағайын )))
Posted by ТҰСПАЛСӨЗ on 2011/03/30 at 09:52
Жоқ, мини не пойдет!